03.10.2017 ж
8 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы:
«Параллелограмм және оның қасиеттері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Параллелограмм анықтамасы, элементтерін, қасиеттерін білу. Алған білімді есептер шығаруда қолдану
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, тапқырлыққа, тез шешім табуға баулу
Тәрбиелік: Оқушыларды оқуға, жауапкершілікке, байқампаздыққа, өз ойларынеркін айта білуге,өзіне сенімділікке тәрбиелеу
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (14 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (16 мин.).
ІV. Бағамдау-бағалау (3 мин.).
і. аҚПАРАТ алмасу
Тақырып жоспары:
1. Параллелограммды анықтау туралы бірінші теорема
2. Параллелограммды анықтаудың бірінші белгісі
3. Параллелограммды анықтаудың екінші белгісі
4. Параллелограммды анықтаудың үшінші белгісі
5. Параллелограммды анықтаудың төртінші белгісі
6. Параллелограммды анықтау туралы екінші теорема
7. Теореманың дәлелі
і. аҚПАРАТ алмасу
Тақырып жоспары:
1. Параллелограммды анықтау туралы бірінші теорема
2. Параллелограммды анықтаудың бірінші белгісі
3. Параллелограммды анықтаудың екінші белгісі
4. Параллелограммды анықтаудың үшінші белгісі
5. Параллелограммды анықтаудың төртінші белгісі
6. Параллелограммды анықтау туралы екінші теорема
7. Теореманың дәлелі
3-теорема. Егер дөңес төртбұрыштың
Қарама-қарсы қабырғалары тең болса, онда ол параллелограмм болады
Қарама-қарсы бұрыштары тең болса, онда ол параллелограмм болады
Диагоналдары қиылысу нүктесінде тең екіге бөлінсе, онда ол параллелограмм болады
Бір қабырғасына іргелес бұрыштарының қосындысы 180o - қа тең болса, онда ол параллелограмм болады.
1 қасиеті: Параллелограмның қарама – қарсы қабырғалары тең.
Енді оқушылардан осыған кері сөйлем құрастырыңдар деп сұралады.
1) Егер төртбұрыштың қарама – қарсы қабырғалары тең болса, онда ол параллелограмм болады.
2 қасиеті: Параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары тең болады.
Кері сөйлем құрастырыңдар
2) Егер үшбұрыштың қарама-қарсы бұрыштары тең болса, онда ол төртбұрыш параллелограмм болады.
3 қасиет: Параллелограмның диагональдары қиылысу нүктесінде тең екі бөлікке бөлінеді.
3) Кері сөйлем. Егер төртбұрыштың диагональдары қиылысу нүктесінде тең екі бөлікке бөлінсе, онда ол төртбұрыш параллелограмм болады.
іі. алғашқы бекіту
Ауызша тексеру.
Параллелограмның екі қабырғасының қосындысы 12 см, ал олардың қатынасы 3:2. Параллелограмның қабырғаларын тап.
Берілгені: ABCD – параллелограмм
AD:AB=3:2
AD+AB=12 см
Т/к: AB, AD-?
Шешуі: AD=3x. AB=2x
3x+2x=12
5x=12
x=2,4
AB=2∙2.4=4.8 см, AD=3∙2.4=7.2 см
Жауабы: 4,8см, 7,2 см
№1 Параллелограмның бір бұрышы екінші бұрышынан 1) 150-қа, 3)2 есе үлкен. Параллелограмның бұрыштарын табыңдар.
Берілгені: ABCD – параллелограмм
0
Т/к:
Шешуі:
0
Параллелограмның қасиеті бойынша
0
x+x++150=1800
2x=1650
x=82030'
030' , 030'+150=97030'
Жауабы: 030'
030'
2)
0
x+2x=1800
3x=1800
x=600 0, 0
№2. Параллелограмның бір бұрышының биссектрисасы қабырғаны 12 см және 7 см кесінділерге бөледі. Параллелелограмның периметрін табыңдар.
Берілгені: ABCD – параллелограмм АК-биссектриса
1 жағдай: BK=12см, KC=7 см
2 жағдай: BK=7 см, KC=12см
Т/к: PABCD-?
Шешуі: PABCD=2 (AB+BC)
BC=BK+KC=19см
ΔABK-тең бүйірлі болғандықтан BK=AB=12см
P=2 (19+12)=2∙31=62 см
2 жағдай: BK=7см, KC=12см
AB=BK=7
PABCD=2 (7+19)=2∙26= 52
Жауабы: 62 см немесе 52 см
Ауызша дайын сызба бойынша интерактивті тақтадан көрсетіледі.
Қорытынды:___________________________________________________________
ііі. құзырлылық қалыптастыру
+Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
а b түзулері берілген. Оларды сәйкесінше A, B, C, D нүктелерінде қиып өтетін с d екі түзу жүргізіңдер. Алынған ABCD төтрбұрышының параллелограмм болатынын түсіндіріңдер.
Параллелограмның диагоналі оны екі тең үшбұрышқа бөлетінін дәлелдеңдер.
Параллелограмм дөңес емес төртбұрыш бола алады ма?
Төртбұрыш берілген. Оның бұрыштарының қосындысы 360o- қа тең. Осы төртбұрыш параллелограмм ба?
Төртбұрыштың іргелес бұрыштары 60 және 120o-қа тең. Осы төртбұрыш параллелограмм ба?
Параллелограмның диагоналдары тең. Оның бұрыштары туралы не айта алсыз?
Төртбұрыштың диагоналдары қиылысқан нүктесінде тең екіге бөлінбесе, ол төртбұрыш параллелограмм бола алады ма?
ІІ деңгей тапсырмалары
Параллелограмның қарама-қарсы бұрыштарының биссектрисалары параллель болатынын дәлелдеңдер.
Параллелограмның бір бұрышының биссектрисасы қабырғаны 7см және 6см кесінділерге бөледі. Параллелограмның периметрін табыңдар.
ІІІ деңгей тапсырмалары
K және M нүктелері ABCD параллелограмының BD диагоналінде жатыр және BK=MD. AKCM төртбұрышының паралелограмм болатынын дәлелдеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |