Сабақтың тақырыбы Пейзаж. Табиғатпен өзара үйлесімділік. Ауа перспективасы



Дата09.12.2023
өлшемі340,77 Kb.
#196016
түріСабақ
Байланысты:
5-с кмж 26.09


Бөлім: 1 А Визуалды өнер

Мектеп: Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Күні 26.09.23

Мұғалімнің аты-жөні: Коблашова В.У

Сынып: 5

Қатысқан саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Пейзаж. Табиғатпен өзара үйлесімділік.Ауа перспективасы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.1 Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)
5.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

Сабақтың мақсаты



Оқушылар суретшілердің жұмыстарымен танысу арқылы өздерінің туған өлкелерін қағаз бетіне түсіре алады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Педагог іс-әрекет

Оқушы іс-әрекеті

бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы



Сабақтың соңы



Сәлемдесу.Түгендеу.Психологиялық ахуал.
«Миға шабул» әдісі
Өткен тақырыпты қайталау.
Бұл картинада жалпы не бейнеленген?
Бұл картинада табиғаттың қандай күйі бейнеленеген?
Табиғаттың күйін қалай анықтай алдыңыз?
Алдағы бейнелеу жоспарын қандай түстер арқылы табамыз?
Алдыңғы жоспардағы заттарды бейнелеудің ерекшеліктері неде?


Табиғаттың түрлі (орман, шабындық,теңіз, таулар, шөл дала, және т.б.) көріністері бейнелеген көшірме жұмыстар дайындап оқушылар көзқарасын байыту, сонымен бірге табиғаттың түрлі өзгерістерін (бұлтты, жаңбырлы, тұманды, таң, кеш) оқушыларға берілген картиналарды талдап, сұрақтарға жауап беруді ұсынып, орындату. Көшірмелердегі ауа кеңістігіндегі көкжиек сызығын визуалды әдістерінің ерекшеліктерін талдау.

ТҚЕ сақтау.
Сарамандық жұмыс.Жеке дара. Табиғаттың төрт құбылысын естеріне түсіру қажет



Табиғаттың не үшін дәл осы күйін бейнеледіңіз?
Пейзаждағы табиғатты сипаттап беріңіз?
Сіздер сәндік материалдарды қалай қолдандыңыздар?
Кеңістікті қалай бейнеледіңіздер?



Кері байланыс
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет

Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.


Өз пейзаждарын табиғаттың кез келген күйін пайдалану арқылы орындау. Оқушылар сарамандық жұмысты орындау кезінде сәндік материалдар мен орындау техникасын
таңдайды.


Оқушылар материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік ережелерін сақтап отырады. Оқушылар жай қаламмен пейзажды қағаз бетіне орналастырып бояуға дайындап қояды. Жұмысты екінші сабақта жалғастыруы қажет
Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз жұмысын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді.



Өзін-өзі бағалау


Өзара бағалау


Бағалау критерийлері 1.Суретшілердің жұмысын біледі.
2.Композиция-лық заңдылықтарын ұстанады.
3.Қағаз бетіне дұрыс орналастыра алады.

оқулық

Суретшілер


Қазақстанның табиғаты бейнеленген картиналар




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет