«Айырмашылығын тап» ойыны
Әр топқа бірдей екі суреттен беремін. Сіздер сол екі суретке қарап айырмашылығын тауып бересіздер. Қанша айырмашылық тапқан топқа, сонша ұпай санынан қосып отырамыз.
«Адасқан әріптер» ойыны
Оқушылар мен сіздерге адасқан әріптер жазылған қағаз беремін. Сіздер сол әріптерден сөздер шығару керексіздер. Қай топ қанша сөз тапса, қоржындарыңызға сонша ұпай санынан қосып отырасыздар.
Жауабы:
1. АРЫС, Сары
2. ЗЫЛҚЫ, Қызыл
3. ҒЫРСАШ, Сарғыш
4. ҚАППА, Аппақ
5. ҚЫҢРОҢ, Қоңыр
6. АРҚА, Қара
7. ЛЫЖАС, Жасыл
8. КӨСИЯК, Сиякөк
9. ҰРС, Сұр
10. ТЫҒЫЛҚЗ, Қызғылт
11. ГІЛКҮН, Күлгін
12. ПЕККӨБЕҢК. Көкпенбек
«Ой шақыру» стратегиясы.
Оқушылар қазір жылдың қай мезгілі? Дұрыс айтасыздар, күз айы. Ал, енді мен әр тоқа ақ қағаз беремін. Сіздер сол күз айының ерекшеліктерін жазып, қорғап бересіздер.
Сергіту сәті. Оқушылар шаршадыңдар ма? Онда келіңдер бірге сергіту жаттығуын жасап алайық. Бүгінгі тақырыбымыз табиғат көрінісі болғандықтан, табиғат құбылыстарының дауысын салып көрейік.
Күз келді.
Жапырақтар сықырлап, түсіп жатыр.
Жаңбыр жауды.
Қыс келді.
Қар жауды.
Боран соқты.
Көктем келді.
Күн шықты.
Ағаштар бүршік жарды.
«Қылқалам шебері»
Ал, енді әр топқа боялмаған табиғат көрінің суретін беремін. Сіздер сол суретке дұрыс реңктерін тауып, бояп аяқтап бересіздер. Әр топтың суреттерінің реңктеріне қарап ұпай сандарын беремін.
Қорытынды: Осымен бүгінгі ойын сабағымыз өз мәресіне жетті. Енді жинаған ұпай сандарыңызды санап әр топқа орын беремін және марапаттаймын. Бағалау.
Күніміз ашық болсын!
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын!
Оқушылар бүгін барлықтарыңыз сабаққа өте жақсы қатыстыңыздар, үлкен рахмет. Сіздерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Нені үйрендіңіздер?
Үйге тапсырма: Күз көрінісін бейнелеп келу.
Достарыңызбен бөлісу: |