Сыныбы: 5-6 сыныптар
Сабақтың тақырыбы: Түрлі түсті майлықтан күз көрінісін бейнелеу.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Оқушыларға табиғат өзгерістерін,құбылыстарын дұрыс бейнелеуді, пейзаж жанрымен таныстыру.Табиғат әсемдігін сезіне білуге және оңдағы түс реңктерін көре білуге баулу.
2.Дамытушылығы: Оқушының байқағыштық және есте сақтау қабілетін дамыту, елестету арқылы ойша сурет салуға дағдыландыру, еңбеккорлыққа, көркемдік шеберлікке ізденімпаздылыққа баулу.
3.Тәрбиелігі: Табиғатты қорғау, сүйіспеншілікпен қарау, өнерді түсіну қасиеттеріне тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: күз көрінісі бейнеленген иллюстрациялар, қолдан жасалған болерино,кептірілген жапырақтар,гүлдер,интерактивті тақта, слайд.
Құрал-жабдықтары: пішімі А4 сурет дәптер, түрлі түсті майлық,пв желімі,рамка,пастель.
Әдісі: Сұрақ жауап,түсіндірме,практикалық жұмыс
Пәнаралық байланысы: Бейнелеу өнері,технология,дүниетану
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушыларды түгендеу;
-жаңа тақырыппен таныстыру;
-құрал-жабдықтарын тексеру
Жаңа сабақ. Бүгінгі сабағымыз күз мезгіліне байланысты болғандықтан алдымен айналамыздағы табиғатқа қарап, күз көрінісін алдымыздағы қағаз бетіне түсіреміз. Ары қарай салған суретімізді күнделікті тұрмыста қолданатын түрлі-түсті қарапайым майлық арқылы әрлейміз. Майлықты төртке қиып, бір бөлігін умаждап дөңгелек жасап аламыз. Дайын майлықтарды суретіміздің үстіне жабыстырамыз.Бұл жерде қолдың ептілігі,күші бізге өте қажет болады.
Пейзаж – бейнелеу өнерінің жанрларының бірі. Пейзаж–француз сөзі қазақша баламасы.Пейзаж – дегеніміз қоршаған ортаны бейнелеу, табиғат көрінісін бейнелі түрде көрсету.
Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда,Жапонияда және басқа шығыс елдерінде,сондай-ақ Еуропада дамығын.Пейзаж қайсы бір жай ғана айнытпай бейнелей салу емес,онда суретшілігің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндігі жатыр.Адам өмірін салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты көрінеді.Пейзаж өнері де әралуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде,бар нақты көрнісін білдірсе,енді біреулер суретшінің қиялынан туады.Ондай шығармашылардың бәрінен де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.17-ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады.Әсіресе 19-ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрда көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Қазақстан суретшілері Ә.Қастиев. Ә.Исмайлов, С.Мәмбеев табиғат көріністерін бейнелеуде үлкен жетістіктерге жеткен. Табиғат-көрнісін бейнелейтін суретшілерді табиғатты бейнелеуші немесе пейзажист деп аталады.Табиғат көріністерін суретшілер бейнелі түрде суреттеп көрсеткен.
Оқушыларға өз беттерінше күз мезгілдеріне байланысты қысқа мерзімдік сурет салу тапсырылады.
Қорытындылау: 1.оқушылардың салған суреттерінен көрме ұйымдастыру.
2.оқушылардың салған суреттері бойынша жетістіктері
мен кемшіліктерін көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |