Сабақтың тақырыбы: Пернетақта. Пернетақтамен жұмыс. Сабақтың мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі121,41 Kb.
#26941
түріСабақ
Сабақ 7.7

Сабақтың тақырыбы: Пернетақта. Пернетақтамен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды пернетақтамен таныстыру, жұмыс жасау ережелерімен таныстыру, пернетақтада жұмыс жасау әдістері.

Білімділік: пернетақтаның жұмысымен таныстыру арқылы оқушылардың білімін көтеру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: ДК, презентация.
Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, түгендеу, кабинет жағдайына назар аудару, оқушыларды сабаққа дайындау.


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларын сұрау. Енгізу және шығару құрылғылары туралы айту.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Пернетақта.

Пернетақта – компьютерге  ақпарат енгізуге арналған құрылғы.  Ол әріп немесе  цифр пернелері көмегімен компьютерге кез келген  ақпараты беруге мүмкіндік жасайды. Пернетақталарда 100-дің үстінде пернелер орналасады.


   Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:



- басу пернетақтасы (алфавитті-цифрлық және таңбалық пернелер: бос орын, 0-9 дейін цифрлар, A-Z латын әріптері, А-Я кириллица символдары, тыныс белгілері, «+», «-», «*», «/», арнайы символдар және т.б.)

- функционалдық пернелер: Ғ1, Ғ2, ..., Ғ12.

- арнайы операциялар пернелеріолар: Enter, Esc, Tab,  Ctrl, Alt, Backspace, Caps Lock, Shift, Windows.

- меңзерді экран бетінде басқару және редакциялау пернелері, олар: Insert, End, Home, PageUp, PageDown, Left, Right, Up, Down, Delete

- сандық пернетақтаолар оң жақта бөлек орналасқан.

- басу пернетақтасы, олар пернетақтаның ортасында орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі блогы. Оның көмегімен  кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Бұл блокта латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдар орналасқан.

- функционалдық пернелер:  Олар Ғ1, Ғ2, ..., Ғ12 әріптерімен белгіленген.  Олар компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі программада олар әртүрлі қызмет атқарады.

- арнайы операциялар пернелері, олар:

Enter-ең негізгі перне, операцияның аяқталғандығын көрсетеді.

 Esc – Бағдарламаны аяқтау пернесі, операцияны болдырмау немесе операциялар тізбегіне  кері қайтуды орындайды.



Tab – Меңзерді бір басқару позициясынан басқасына ауыстырады.

Ctrl – арнайы әрекеттер үшін қолданылады.

Alt –арнайы әрекеттер үшін қолданылады.

Backspace – меңзердің сол жағындағы қате символды өшіреді.

Caps Lock – бас әріптер режимін іске қосады және айырады.

Shift – перненің қосалқы мәнін алу үшін қолданылады.

Windows – Пуск менюін ашу шін қолданылады.

-меңзерді экран бетінде басқару және редакциялау пернелері, олар:

Insert – символдарды ауыстыру және енгізу режимін қосады.

End – меңзерді жол соңына жылжытады.

Home – меңзерді жол басына жылжытады.

PageUp – меңзерді бір бетке жоғары жылжытады.

PageDown – меңзерді бір бетке төмен жылжытады.

Left – меңзерді бір орынға солға жылжытады.

Right – меңзерді бір орынға оңға жылжытады.

Up – меңзерді бір жолға жоғары жылжытады.

Down – меңзерді бір жолға төмен жылжытады.

Delete – меңзердің оң жағындағы символды өшіреді.

- сандық пернетақта, олар Num Lock пернесі қосылып тұрса сандарды енгізуді, айыруыл тұрса меңзерді басқару операцтяларын іске асырады.
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту.

Меңзер – экранда жыпылықтап тұратын белгі. Меңзер экранда алфавитті-цифрлық пернені басқанда символ қай жолға енгізілетінін көрсетеді. Символды енгізгеннен соң, меңзер оңға қарай бір қадам жылжиды. Меңзердің экранда   пайда болуының мәні – алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге шақыру. Enter пернесін басу арқылы ақпаратты енгізу аяқталады.

Пернетақтамен жұмыс жасау ережесі

Жеке пернені басқанда күш қолданбай, жай басу керек. Егер бір перне көп басылып тұрса, компьютер оны көп рет басылды деп түсініп, бірнеше символ жазып жібереді. Кейбір операцияларды орындау үшін екі немесе үш пернелер комбинациясын қолданады.

Кез келген мәтінді жазғанда, әр сөзден кейін бос орын қойып отыру керек. Бос орын қою үшін пернетақтадағы бос орын пернесін басамыз.

Кез келген мәтін кіші әріптерден және бас әріптерден тұрады. Бас әріппен жазу үшін тиісті әріпті Shift пернесімен бірге басу керек.

Егер кез келген мәтінді тек қана бас әріптермен жазу керек болса, онда CapsLock пернесін қолданамыз. CapsLock пернесін басқан жағдайда пернетақтада тиісті индикатор жанады.

Enter пернесі – бұл енгізу пернесі. Ол пернетақтада терілген кез келген бұйрықтың орындалуын құптайды.



Ү.Қорытындылау.

Блокнот программасын ашамыз. Ол үшін :Пуск – Программы – Стандартные – Блокнот командаларын орындаймыз. Өз аты – жөнімізді, сыныпты, бүгінгі күнді теріп жазамыз. (адамның аты-жөні бас әріптен басталып жазылады) Мысалы: Сәрсенов Азамат 5 а сынып 08 қазан 2013 жыл


ҮІ.Бағалау
ҮІІ.Үйге тапсырма:

§ 7. Оқу. Пернетақтаның пернелерінің функцияларын жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет