Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Пішімдеу арқылы дәнекерлеу
Дайындаған педагог: Р.Чайканов
Модуль:КМ 01 «Электр доғалы дәнекерлеу және кесу»
Пәні: «Балқытылған электродпен қолмен доғалық дәнекерлеу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу»
Курс: 2
Тобы: СД-22
Сабақтың түрі, типі: Практикалық
Сабақ әдісі: BOPPPS моделі
Сабақ барысы
В- Bridging-in Көпір орнату - 4минут
О- Outcome Күтілетін нәтиже
Р- Pre-assessment Алдын ала бағалау - 6 минут
Р*- Participatory Learning Белсенді оқыту- 29 минут
Р**- Post-assessment Қорытынды бағалау- 3минут
S - Summary Қорытындылау - 3минут
В-Көпір орнату -4минут
Бұл компонент оқу циклын бастайды, оқушылардың назарын аударады, сабақтың не үшін маңызды екенін түсіндіреді. "Мотивациялық мәлімдеме" немесе "ілмек" деп аталатын көпір салу студенттерге сабақта не болатынына назар аударуға көмектеседі. Көпірлерді бағыттау әдетте аз уақытты алады.
Көпірлерді бағыттаудың кейбір қарапайым стратегияларына мыналар кіреді:
- осы тақырыпты зерттеуге себептер беру;
- тақырыптың не үшін маңызды екенін және оның басқа (өмірлік, жұмыс) жағдайларда қалай пайдалы болатындығын түсіндіру;
- бұл шеберлікті қалай қолдануға болатындығын сипаттау және т. б.
В1.Оқытушының оқушылармен амандасуы. Бүгінгі тақырыптық мазмұнын түсіндіру. Арнайы киімдермен жабдықтау. Еңбек қауіпсіздін қадағалау.
В2.Экранда көрсетілген сурет бойынша сұрақтар қойылып, сабақтың тақырыбын оқушылармен анықтаймыз.
Сабақтың тақырыбы: Пішімдеу арқылы дәнекерлеу
Сабақтың мақсаты:
1. Пішімдеу туралы дәнекерлеу туралы ұғым – білік дағдысын қалыптастыру
2. Функционалдық сауаттылыққа үйрету
3. Мамандыққа бағдарлау және ұқыптылыққа тәрбиелеу
4.Тақырыпқа сәйкес кәсіптік терминдердің ағылшын
тілінде сөздік қорын дамыту және қосылыс түрлерін меңгеру
Достарыңызбен бөлісу: |