Оқу орны: Астана қ. «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК
Арнайы пәндер оқытушысы: Тоқсанбаева Салтанат Исақызы
Сабақтың тақырыбы: «Пойыздың бұзылуы кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігі және маневр жұмыстарының классификациясы»
Сабақтың түрі: Тәжірибелік жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша білім толықтыру, студенттерді темір жолда қолданылатын маневр жұмыс түрлері, жылдамдықтарымен және атқаратын жұмыстары және оларға қойылатын талаптары туралы тәжірибелік түрде студенттер білімдерін жинақтап бекіту
Тәрбиелік: Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру, жеке тұлғаның қабілеті мен әлеуметтік мүмкіндігін ашу, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа, достық көмек беруге, студенттерді өз бетімен жұмыс жасауға, өзінің ойын нақты тұжырымдай білетін темір жол маман иелерін тәрбиелеу
Дамытушылық: Студенттердің ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету
Оқыту әдістері:
ауызша
жазбаша
түсіндіру
көрнекілік
Пән аралық байланыс:
«Тартымдық жылжымалы құрам құрылысы»
«Темір жолдың жалпы курсы»
Өндірістік байланыс:
Локомотив жөндеу депосы
Астана бекеті
Сабақтың материалдық – техникалық жабдығы:
Таратпалы плакатшалар:
1. Участкелік стансасы
2. Сұрыптау стансасы
3. Жүк стансасы
4. Жолаушы стансасы
5. Аралық стансасы
6. Аралық станса сызбасы
Таратпалы станса сызбалары және тәжірибелік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқалар
Құрылғы, макет:
жаттығу машинист кабинасы
интерактивті тақта
бейне фильмдер
Сабақтың мазмұны және барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- сәлемдесу
- топ тізімі бойынша оқушылардың қатысымын тексеру
- сабаққа психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сигналдар неше түрге бөлінеді?
Көрінетін сигналдарды атау?
бағдаршамдар
қол сигналдары
тасымалды сигналдар
Дыбысты сигналдарға нелер жатады?
Педардалар
ысқырықтар
локомотив ысқырықтары
1.Участкелік станса сызбасы қызметі және оған қойылатын талаптар
Ойлан, тап!
Станциялардағы өткелдердің темір жол желілерімен бір деңгейдегі қалпында қалдырылған кезінде бұл өткелдер жаяу .............. төсемдерімен, нұсқағыштармен және .................. жазулармен ал қажет болғанда автоматтық .............. берумен жарақтандырылуы тиіс.
2.Сұрыптау стансаның атқаратын қызметі және оған қойылатын талаптар
Дөңестік бағдаршамы бір жасыл шам? Дөңестік бағдаршамы бір сары шам?
Достарыңызбен бөлісу: |