Құрастырған: Бекбаулова Эльвира Ермахановна
информатика пәнінің оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: «Power Poіnt» – та дайындалған презентацияны суреттер арқылы безендіру.
Мақсат: Power Point бағдарламасының қолданылу мақсатын, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету;
Міндет:
Білімділік: PowerPoint бағдарламасының мүмкіншіліктерін пайдаланып компьютерлік презентация құруға үйрету.
Дамыту: Презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып ойлау ұшқырлығын дамыту, жеке және жұппен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Студенттерді ақпараттық мәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Практикалық сабақ
Жабдықтар: Дербес компьютер, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың жоспары.
Үйымдастыру кезеңі. 2 мин.
Үй тапсырмасын сұрау: 8 мин.
Жаңа білімді меңгеру: 45мин.
Жобаның тақырыбын таңдау. Шығармашылық топтарды құру. Әр топтың міндеттерін бөлу. Тақырып бойынша жаңа материалды түсіндіру.
Жобаға қатысушылардың жеке жұмысы және шығармашылық топтармен жұмыс.
3.3. Жұмысты қорғау. Ұжым болып талдау.
Жаңа сабақты бекіту:15 мин.
Қорытынды: 10 мин.
Сабақтың мақсатқа жетуін қорытындылау: 2мин
Бағалау: 5 мин
Үйге тапсырмасы: 3мин
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлематсыздарма қонақтар, студенттер! Біз бүгін Microsoft PowerPoint бағдарламасының мүмкіншіліктерін пайдаланып компьютерлік презентация құруды жалғастыра отырып суреттер енгізуді үйренеміз, слайдта орналасқан объектілерге анимация беріп, презентациямызды көрсетуді үйренеміз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
• Қандай операциялық жүйе түрлерін білесіңдер?
• MS Office-құрамына енетін программаларды атаңдар
• Power Point программасы қандай мақсаттарға қолдануға ыңғайлы?
Презентация дегеніміз -
• Power Point-ң қандай мүмкіншіліктерін білесіңдер?
Слайд дегеніміз-
Анимация дегеніміз не?
Power Point-та қандай меню атауларын білесіңдер?
• Power Point программасын қалай қосуға болады?
Жаңа сабақты бастамас бұрын тақтаға назар аударып бүгін жұмыс жасайтын тақырыптарымызбен танысайық.
1. «Біздің мамандық»
2. «Тәуелсіз Қазақстан»
3. «Болашақ ұстаз меннің көзіммен»
Осы тапсырмаларды орындау үшін үш топқа бөлініп алайық.
Әр топ өзіне ұнаған тақырыпты таңдасын.
Сол тақырыпқа мәтін және суретенгіземіз.
Әр топтан біреуі шығып оны қорғайды.
Студенттерге нөмірленген түрлі-түсті үлестірмелі қағаздар таратылады.
Әр топ бір-бірін бағалайды.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Power Point презентациясы өзге бағдарламалардан мультимедиялық объектілерді, анимацияланған суреттерді аудио, видео үзінділерді және т.б. қолдануға мүмкіндік беретенідігімен ерекшеленеді.
Power Point бағдарламасы қарапайым объектілерге анимация қоюға мүмкіндік береді. Анимацияның көмегімен презентацияларды көрсету кезінде қай элемент қай кезде және қалай шығу керек екенін жасауға болады.
Кез – келген объектіге анимация қою үшін Анимация – Настройка анимации – Добавить эффект әмірін орындаймыз.
Презентацияны көрсетер алдында слайдтар ауысымы қалай жүретінін біліп алуымыз керек. Өз бетімен, нұқыған кезде, дыбыстық сүйемелдеумен т.б.
Көрсетуді бірінші слайдтан бастау үшін мәзір жолағынан Показ слайдов – С начала әмірін орындаймыз немесе F5 пернесін басамыз. Көрсетуді ағымдағы слайдтан бастау үшін Показ слайдов – С текущего слайда әмірін орындаймыз.
Слайдтар көрсетілімін тоқтату үшін Esc пернесін басамыз.
Көрме (презентация) – өзін көрсету, баяндама жасау, жобаны қорғау, дайын өнім мен қызметті жарнамалау және тағы басқа көптеген дүниені кең аудиторияға ұсыну. Power Point-тің негізгі міндеті - ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу. Көрме бұл диафильмдердегі сияқты бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырыпәзірленген слайдтардан тұратын қысқөа ғана әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтьиды. Power Point көрмелерге түрлі жан бітірім және мультимедия пәрмендерін қосуға мүмкіндік береді.
Мысал келтіру. Студенттерден сұралады: егер сендердің өнім өндіретін жеке фирмаларың болса, қалай жарнама жасар едіңдер (Натуралды шырын, шоколад конфеті, автомашина дөңгелегі, құрылыс материалдары). Студенттер өз ойларын айтады. Презентация жасап, өнімдері туралы толық мәлімет беретінін.
Power Point программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Слайд – көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер, дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.
Слайд фильмдерді жасаудың құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді.
Power Point интерфейсін іске қосу.
Пуск®Программы®MS Office®Power Point.
Экраннан MS Power Point бағдарламасы ашылып, Power Point ортасымен визуалды таныстырамын.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Тілші редакторлар жобаның тақырыбына сай мәтіндер теріп, өңдейді. Безендіруші дизайнерлер нөмірлеріне сәйкес редакторлармен жұптасып, слайдтарды безендіреді.
1. MS Power Point бағдарламасын қос.
2. Формат-Фон командаларын орындап, бетке түс таңдау.
3. Зоголовок слайда жазуының орнына берілген тақырыптарыңның сөзін жаз.
3. Автофигуры – блок-схема командасын орындап квадрат фигурасын таңдап, суреттер жасаймыз.
5. Әр слайд ішіне тышқанның оң жағын басып, добавить текстті таңдап операциялық жүйе түрлерін жазамыз.
V. Қорытынды.
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан студенттерге ризашылығымды білдіріп, белгілі бір критерий бойынша әр топ бір-бірін бағалайды. Қорытынды бағасын шығару.
Үй тапсырмасы: Еркін тақырыпқа презентация жасау үшін материал дайындап келу.
1. «Менің болашақ мамандығым»
2. «Менің Отаным»
3. «Менің отбасым»
4. «Менің достарым»
Достарыңызбен бөлісу: |