Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №6 «Механикадағы күштер» 7 сынып Сабақтың мақсаты



Дата01.06.2017
өлшемі159,39 Kb.
#17510
түріСабақ
Құрметті редакция. Сіздердің сайттарыңызға мол табыстар тілей отырып, өзімнің 7 сыныпта өткізген ашық сабағымды ұсынып отырмын.

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Ақсоғым ауылы

Восход жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі Нургул Мирмановна


Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №6 «Механикадағы күштер» 7 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Механикадағы күштердің қасиеттері, заңдылықтары туралы қайталау арқылы оқушылардың өздеріне қорытындылату;

Дамытушылық: оқуға материалды қорытындылап, салыстыра білу дағдысын дамыту; өз ойын жеткізе білуге үйрету;

Тәрбиелік: оқуға қызығушылығын арттырып, экономикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: лотерея билеттері,

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың типі: білім, білік дағдыны қалыптастыру

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ауызша, көрнекілік, өз бетімен жұмыс.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру

  2. «Кім жылдам?» (тест)

  3. «Физикалық банк» ойыны (деңгейлік тапсырмалар орындау)

  4. Постермен жұмыс

  5. «Кім қырағы?»

  6. Қорытындылау

  7. Бағалау

  8. Үйге тапсырма

Бүгінгі сабақты өткізу үшін бізге Физикалық банк (ФБ) керек. Бұл банкте сіздерге тапсырмалар орындағанда мадақтау ретінде беретін ақшам бар, бірақ аз. Сондықтан демеушілік жасап, өз есебіңізден банкке 100 $ салуыңызды сұраймын. (Әр оқушыға 100 $ беріп қоямын)

Менеджер: Банкте жұмысты бастау үшін қажетті қаржы бар. Сіздер өз кеңселеріңде отырсыздар. Сіздер 10-15 минутта жауабы берілетін факс аласыздар.



«Кім жылдам?» (тест орындау)

1.Күшті қандай әріппен белгілейді?

А) F В)A С)m

2. Дененің деформациялануы артқан сайын пайда болатын серпімділік күші?

А) кемиді В) өзгермейді С) артады

3. Серпімді деформацияның шамасы түсірілген күшке тура пропорционал бұл заң қалай аталады?

А) Гук заңы В) Тартылыс заңы С) инерция құбылысы

4. Жүктің массасы 10 кг. Оған қандай ауырлық күші әрекет етеді?

А) 5 Н В) 10 Н С) 98 Н

5. Күшті өлшейтін құрал қалай аталады?

А) телескоп В) динамометр С) термометр

6. Массасы 50 кг дене 200 Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?

А) 0,1 В)0,3 С) 0,4

7. Болат серіппе 245 Н күш әрекетінен 35 мм-ге ұзарады. Серіппенің қатаңдығын анықтаңдар.

А)7000 Н/м В) 6000 Н/м С)700 Н/м

8. Дене массасы өскен сайын үйкеліс күші...

А) артады В) кемиді С) өзгермейді

9. Дененің массасын динамометр көмегімен анықтауға бола ма?

А) мүмкін В) болады С) болмайды

10. Массасы 80 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті 0,3-ке тең.

А) 140 Н В) 240Н С) 340 Н

Тесттің дұрыс жауаптары:

1) А 2) С 3) А 4) С 5) В 6) С 7) А 8) А 9) В 10) В

Тестті дұрыс жауабы бойынша өзара тексереді. Менеджер 90% дұрыс жауапқа 500 $, 80% 400 $, 60 % 300 $ ақша төленеді.

Олай болса банк өз жұмысын одан ары қарай жалғастырады. Ендігі банк бағасы 100 $ тұратын лотерея сатады. Сондықтан бәріміз бір-бір лотерея билеттерін сатып аламыз. (лотерея деп тұрғанымыз деңгейдік есептер жазылған карточкалар) Егер сұраққа дұрыс жауап берсеңіздер ақшаларыңыз қайтарылады, олай болмаса ақша банкте қалады. Ең қиын есепті шығарған оқушыға банк қосымша ақша төлейді. Билеттегі тапсырмалардың мазмұны төмендегідей:


  1. Массасы 2 кг ағаш білеушені қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен ағаш тақтайдың бетімен бірқалыпты сүйреп келеді. Үйкеліс коэффициенті 0,3-ке тең. Серіппенің ұзаруы қандай?

Берілгені: Шешуі: Есептелуі:

m=2 кг F=mg mg=kx



k=100 Н/м F= N N=mg

= 0.3 F=mg F=kx



Т/к х-?

  1. Суретте динамометрдің қай түрі кескінделген? Ол не үшін және қайда пайдаланылады?



Жауабы: қолдың бұлшық етінің күшін өлшеу үшін қолданылатын қол динамометрі және трактордың, локомотивтердің тарту күшін өлшеу үшін арнайы тарту динамометрлері пайдаланылады.

3. Сырғанау, үйкеліс күштерімен жанасатын беттер материалының тегіне байланыстырылғанын зертте. Қажетті құралдар: диномометр, тегіс қағаз, кедір-бұдырлы қағаз.

Жауабы: үйкелістің пайда болу себептерінің біріне жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы жатады. Соның салдарынан сансыз төмпешіктер бір-біріне ілінісіп, дененің сырғанауына кедергі туғызады.

4. Деформацияланған денені қалпына келтіретін қандай күш? Қажетті құралдар: серіппе, шар.



Жауабы: серіппеге қандай да бір күшпен әрекет ете отырып, оны созуға немесе қысуға болады. Деформацияланушы күш тоқтағаннан кейін серпімділік күші денені бастапқы қалпына келтіреді. Сол сияқты ауа шарын үрлеуді тоқтатсақ, ол да бастапқы пішінін алады.

5.Күш бірліктері арасындағы байланыстар

1кН =__________Н 1гН =____________Н

1мН =__________Н 0,01 кг Н/кг =_________Н

1МН =__________Н 15000 Н =____________Н

0,1кН = _________Н 1 кг Н/кг =____________Н



0,001Н =_________Н 15 кг Н/кг = _________Н

6. Суретте Fүйк – үйкеліс күші модулінің N- қысым күшіне тәуелділігі көрсетіген. График бойынша сырғанау үйкеліс коэффициенті.
Берілгені: Шешуі: Есептелуі:

F= 2 Н F= N

N = 4 Н

Т/к -?


7. Сендер бір планетада болып, ондағы бір дененің массасын және оған әрекет ететін ауырлық күшін есептедіңдер делік. Нәтижелер: 150 г, 0,57 Н. Сендер қандай планетада тұрсыңдар?

Берілгені: Шешуі: Есептелуі:



m=150 г F=mg

F =0,57 Н

Т/к g-? g3,8 м/с2 Марста

8. Екі серіппе тізбектей қосылған. Серіппенің қатаңдық коэффициенттері тиісінше 60 Н/м және 90 Н/м. Осындай қосылған серіппелердің жалпы қатаңдық коэффициентін табыңдар?

Берілгені: Шешуі: Есептелуі:

K1=60 Н/м Серіппелер тізбектей қосылғанда оған бір ғана F күші K2=90 Н/м әсер етеді. Осы күштің әсерінен серіппелердің жалпы Т/к к-? ұзаруы хх1 + х2 тең болады. Сонда Гук заңы бойынша

F-кх, F-к1х1, F-к2х2



, сонда


Менеджер лотерея билеттерінің қорытындысын шығарады.
Олай болса оқушылар, енді сіздерге берілетін тапсырма өз кеңселеріңіздің басшысы келіп хатты алады. Хаттағы берілген тапсырма бойынша топ болып жұмыстана отырып, қорғайсыздар. 10 минут уақыт беріледі.

Менеджер тапсырманың қорытындысын шығарады.


Келесі бөлім: «Кім қырағы?»

Бұл бөлімде оқушылардың көз алдынан бірнеше сөздер тақтада 1 минут көрсетіледі. Сонан кейін олар есте қалған сөздерді жазады. 13-15 сөз жазған оқушыларға банк 500 $, 10-12 сөз жазғандарға 400 $, 8-10 сөзге 300 $ ақшадан береді.



Дене

Домалау

Физика

Мектеп

Су

Тас

Градус

Майлау

Коэффициент

Компьютер

Үйкеліс

Ауыл

Гук

Ағаш

Ана

Деформация

Периметр

Ұзару

Серіппе

Күш

Қорытындылау

Сабақ соңында оқушылардың шығарған есептері бойынша қаржы мөлшері шығарылып, қорытынды жасалады және бағаланады.


Үйге тапсырма: Механикадағы күштер. Қайталау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет