Сабақтың тақырыбы: Призма көлемі Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,61 Mb.
#26840
түріСабақ
  1   2   3   4



Қызылорда облысы

Байқоңыр қаласы

Қ.Қ. Тоқмұхамедов атындағы №14 орта мектептің

математика пәнінің мұғалімі Сарсенбаева Ляззат

Сабақтың тақырыбы: Призма көлемі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың призма туралы түсініктерін кеңейту,

призма көлемінің формуласын оқып үйрену және есептер шығаруда

призма көлемінің формуласын қолдана білуді үйрету
ә) дамытушылық: оқушылардың ойын элементтері арқылы

пәнге қызығушылығын арттырып, есеп шығару дағдысын

қалыптастыру, формуланы тиімді қолдана  білуді меңгерту, есеп

шығаруда ойлау, ауызша есептеу, ой қорыту  қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: тақырыпты өмірмен, шығу тарихымен байланыстыра

отырып, оқушыларды ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, алғырлыққа,

шапшаңдыққа тәрбиелеу



Түрі: жарыс сабақ

Типі: білім бекіту сабағы

Әдісі: деңгейлеп - саралап оқыту, өз бетімен жұмыс жасау, репродуктивті, топтық жұмыс, өзін-өзі бағалау, сұрақ – жауап әдісі

Көрнекілігі: «Көкпар ойыны»  суреттері, семантикалық карта, геометриялық фигуралар макеттері, сызғыш, циркуль.

Техникалық құрал - жабдықтар: интерактивті тақта

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. «Шабандоздар жарысы». Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. «Көкпар тарту». Өтілген тақырыпты қайталау

ІV. Жаңа сабақ. Призма көлемі.

V. «Дода».


VІ. «Тақым тартыс»
VІІ. «Бапкерлер жарысы»

VІІІ. «Мәреге жету».Тақырыпты бекіту.

IХ. Үйге тапсырма. 
1- тапсырма: №14, №15,№18
2- тапсырма: тест есептері
Х.Оқушыларды бағалау.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысын тексеру, оқу –құралдарын дайындату. Мұғалім сабаққа жақсы қатысуға сәттілік тілейді.Сабақтың мақсатымен және сабақтың түрімен таныстырады.Топтардың аттары, топ жетекшілері анықталып, сабақтың жоспары түсіндіріледі.Топ жетекшілеріне сабақтың соңында топ мүшелерін бағалау тапсырылады.



«Ойқозғау» стратегиясы
- Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
- Бүгін сабағымызды «Көкпар» ойыны арқылы бастаймыз.
-«Көкпар» ойынының ойын ережесін көріп жүрсіздер, олай болса «Тұлпар» және «Сәйгүлік» тобы болып жарысып, білімдерімізді сарапқа саламыз.
- Абай атамыз, «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деген екен. Біз бүгін шынайы көкпар тартпасақ та, білімімізді жарысқа саламыз.

ІІ. «Шабандоздар жарысы». Үй тапсырмасын тексеру

1. Призма жасап әкелу


2. №11, №12 есептерді шығару. Әр топ өз тапсырмаларын орындап ұпай жинайды.

№ 11 есеп

Берілгені:

тік бұрышты параллелепипед

а = в = с = 30 см

Табу керек: V - ?

Шешуі:

30 см = 3 дм

V = авс =3 * 3 * 3 = 27 () = 27 л

Жауабы: 27 л

№ 12 есеп

Берілгені: куб



Табу керек: V - ?



Шешуі:





Жауабы: 1 дм3



ІІІ. «Көкпар тарту». Өткен сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімдері тексеріледі.

Сурет арқылы анықта! Әр дұрыс жауап 5 ұпай.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет