Сабақтың тақырыбы: Процедуралар және функциялар. Білімділік мақсаты



бет1/5
Дата11.11.2023
өлшемі132,86 Kb.
#191000
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Сабақ жоспары Процедуралар және функциялар (10 класс)


Сабақтың тақырыбы:Процедуралар және функциялар.
Білімділік мақсаты:Visual Basic жүйесінде процедура, процедураның көріну аймағы туралы түсінік
қалыптастыру; оқушыларды код терезесінің құрылымы және онымен
орындалатын негізгі жұмыстардың принципімен таныстыру және
оқушыларға Visual Basic–тің қолданбалы интерфейсін қолданып, жоба
жасауға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру. Оқыту
кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту;
Оқушылардың сабақта алған білімін дамыта отырып, олардың
шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Оқушылардың сабақта алған білімдерін өздік жұмыстарына қолдана білуге
үйрету;
Компьютермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін дұрыс сақтай білуге
және ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың түрі:Түсіндірмелі – практикалық
Әдіс-тәсілдер: тест, практикалық, танымдық, жеке жұмыс.
Программалық – дидактикалық қамтылуы: ДК. Visual Basic бағдарламасы. ActiveStudio
бағдарламасы.
Сабақтың көрнекілігі: ДК. Слайд. Флипчарт. Activote тестілеу құрылғысы, ActivBoard, ActivePen,
бейнепроектор, Visual Basic бағдарламасының қатені жөндеу коды жазылған
шағын кітапшасы, тапсырмалар жазылған карточкалар.
Оқушылардың білігі мен дағдысына қойылатын талаптар:

  • Оқушылардың бағдарлама терезесін өңдеу және жобалардың файлдарын сақтай білуі керек;

  • Оқушылар процедура түсінігін, процедураны сипаттауға қойылатын талаптарды, процедураның көріну аймағын білуі керек;

  • Процедураларды оқиғаларды өңдеу үшін қолдана білуі керек;

  • Қолданушы процедураларын қолдануды, бағдарламаның коды терезесінде жұмыс істеуді білуі керек.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасы / Activote тестілеу құрылғысымен тест/

  3. Жаңа тақырып түсіндіру.

  4. Жаңа сабақты бекіту.

  • Бір сөзбен айтқанда /ауызша/

  • «Кім жүйрік» компьютерде практикалық жұмыс орындау

  1. Сабақты қортындылау, оқушылардың білімін бағалау.

  2. Үйге тапсырма.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет