VB-те процедура деп – Sub және End Sub операторларының аралығында жазылатын қосалқы программаны, функция деп – Function және End Function операторларының аралығында жазылатын қосалқы программаны атайды. Олардың жазылу құрылымы Qbasic-тегі сияқты. Sub процедурасының шақыру командасында нақты параметрлер жақшаларға алынбай жазылады (оларды жақшаларға алған кезде шақыру командасының алдына CALL (шақыру) кілттік сөзін жазу керек).
Процедура дегеніміз - Sub және End Sub түйінді сөздері арасында жасалған және өз аты бар бағдарламалық кодтың блогы.Процедура (немесе оны бағыныңқы программа деп те атайды) өзіне кіретін нұсқауларды орындайды және оған берілетін аргументтердің мәндерін өзгертеді. Аргументтер деп процедураға берілетін айнымалылар аталады. Кейбір процедуралардың берілетін аргументтері болмайды. Visual Basic-те процедуралардың келесі түрлері берілген:
Sub
Function
Property
Sub процедурасы мәнін қайтармайды және онымен байланысты оқиғаны өңдеуге жиі қолданылады. Оны стандартты модульдерге, модульдер және формалар кластарына орналастыруға болады. Оның синтаксисі мына түрде болып келеді: [Public/Private][Static] Sub<процедура аты>(<аргументтер>) <Операторлар> EndSub Sub және End Sub қызметші сөздерінің арасына процедурада оны шақырған кезде орындалатын бағдарламалық код операторлары орналасады. Sub процедуралары жалпы және оқиғалар процедуралары болып бөлінеді. Жалпы процедуралар оқиғаларды өңдегенде қолданылатын процедураларға орналастырылатын, қайталанатын операторлар үшін қолданылады, сондай-ақ оларды жүктеу барысында және төлнұсқалағанда көп кездесетін кодтарынан басқа, өзінің кезегінде қолданбаның жұмысын жеңілдетіледі.
Public Private Static процедура аты
аргументтер
Процедураның бүкіл қолданбада қол жетерлік көріну аймағына нұсқайды.
Процедураның сол модульдегі барлық басқа процедуралар және қызметтер үшін қол жетерлік көріну аймағына нұсқайды.
Жергілікті айнымалы процедуралар сол процедураны шақырулар арасындағы уақыт аралықтарында сақталатынына нұсқайды.
Процедураның бірегей аты.
Үтірлермен бөлінген аргументтер тізімі. Мұндайда процедураға мәндердің өздері беріледі. Процедура орындалған соң берілген аргументтерде олардың жаңа мәндері табылады. Аргументтер барлық процедураларда бола бермейтінін естеріңе сала кетейік.
Оқиғаларды өңдейтін процедуралар Visual Basic пішімдерінде орналасқан объектілермен немесе пішімнің өзімен байланысқан және өздерімен байланысқан оқиға басталуымен ғана орындалады. Формамен байланысқан Sub процедурасының оқиғағасы үшін келесі синтаксис берілген: Private Sub Form_оқиғаның аты (аргументтер) операторлар End Sub Синтаксисте көрсетілгендей, оқиғаны өңдеу процедуралары атауында форма Form сөзінен тұрады, содан кейін (_ ) және оқиға орналасқан. Мысалы, форманы жүктегенде орындалатын процедура аты, Form_Load болады, ал «тышқанды» шерту арқылы орындалатын процедура үшін формада Form_Click деп беріледі. Форманы басқару элементімен байланысты оқиға үшін, Sub оқиғасын өңдеу процедурасы үшін келесі синтаксис берілген: Private Sub Басқару элементтің аты_Оқиға аты (аргументтер) Операторлар End Sub Процедураның жеке түрі болып Function (функция) саналады. Function процедурасының Sub процедурасынан айырмашылығы ол шақырылған процедураға мәнін қайтарады. Function процедурасының синтаксисі келесі түрде беріледі: