Сабақтың тақырыбы:Процедуралар және функциялар. Білімділік мақсаты:Visual Basic жүйесінде процедура, процедураның көріну аймағы туралы түсінік қалыптастыру; оқушыларды код терезесінің құрылымы және онымен орындалатын негізгі жұмыстардың принципімен таныстыру және оқушыларға Visual Basic–тің қолданбалы интерфейсін қолданып, жоба жасауға үйрету. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру. Оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту; Оқушылардың сабақта алған білімін дамыта отырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың сабақта алған білімдерін өздік жұмыстарына қолдана білуге үйрету; Компьютермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін дұрыс сақтай білуге және ұқыптылыққа үйрету. Сабақтың түрі:Түсіндірмелі – практикалық Әдіс-тәсілдер: тест, практикалық, танымдық, жеке жұмыс. Программалық – дидактикалық қамтылуы: ДК. Visual Basic бағдарламасы. ActiveStudio бағдарламасы. Сабақтың көрнекілігі: ДК. Слайд. Флипчарт. Activote тестілеу құрылғысы, ActivBoard, ActivePen, бейнепроектор, Visual Basic бағдарламасының қатені жөндеу коды жазылған шағын кітапшасы, тапсырмалар жазылған карточкалар. Оқушылардың білігі мен дағдысына қойылатын талаптар:
Оқушылардың бағдарлама терезесін өңдеу және жобалардың файлдарын сақтай білуі керек;