EndFunction
Процедураны шақыру
Sub процедурасы мәнді қайтармайды, бірақ ол оның параметрі ретінде тағайындалған параметрлер ретінде айнымалы мәнін өзгертуі мүмкін. Sub процедурасын екі түрлі әдіспен шақыруға болады. Бірінші әдісі Call қызметші сөзін қолдану арқылы. Мысалы, Nameproc атты процедураны мына оператормен шақыруға болады:
Call NameProc (аргумент 1, аргумент 2, ... аргументтер)
Екінші тәсіл Sub процедурасын атымен шақыруға мүмкіндік береді. Мысалы,
NameProc(аргумент 1, аргумент 2, ... аргументтер).
Пішін модулінің процедурасын шақырғанда басқа модульден процедурада орналасатын пішін модулінің атауына сілтеме көрсету қажет. Мысалы, Form1 пішіні модулінде орналасқан NameProc атты процедураны шақыру үшін мына оператор мына түрде беріледі:
Call Form1. NameProc (аргумент 1, аргумент 2, ... аргумент М)
Function процедурасын шақыру Visual Basic-ке енгізілген функцияларды шақыру сияқты орындалады.
Жаңа сабақты бекіту.
Мысал. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері белгілі: a=3.5, b=4.2. Процедура және функция енгізілген программалар арқылы оның параметрін табу керек.
Pifagsub процедурасы енгізілген есепті шешу программасы:
Код:
Private Sub Form _Load ()
Dim a, b, c, p
a = 3.5 : b = 4.2
Pifagsub a, b, c : p = a+ b +c
MsgBox(p), , “Периметр=”
End Sub
Sub Pifagsub (a1, b1, c1)
c1 = sqr (a1^2 + b1^2)
End Sub
VB бірінші программадағы Pifagsub a, b, c шақыру командасын оқып шығып, a, b, c және формальды a1, b1, c1 параметрлерінің типтері мен сандарының сәйкестігін тексереді де, a1 := а, b1 := b меншіктеу командаларын орындайды. Одан әрі процедура денесін орындап, есептелген с1 мәнін с айнымалысына меншіктейді.
Екінші программаға қосалқы программа – функция енгізілген. Мұнда өрнек құрамындағы шақыру командасы бойынша функция денесі орындалады да, есептелген мән шақыру командасының орнына қосылады.
Әр программаға осы сияқты процедуралар мен функцияларды қайта – қайта енгізіп жатпау үшін VB-ке оларды арнайы атау берілген модуль түрінде дайындап, модуль бөлігінде сақтап қою мүмкіндігі енгізілген. Программаларға оларды модульдік процедура не модульдік функция атауы бойынша шақыру командасын енгізу жеткілікті.
4.1 «Бір сөзбен айтқанда» сұрақтарға жауап беру.
Мұнда оқушыларға экраннан көрініп тұрған батырма қызметтерін оқи отырып батырма аттарын және функция міндеттерін табады. Дұрыс жауабы жасырынып тұрады. Интерактивті тақтаның мүмкіндігі арқылы дұрыс бұрыстығын тексереді. Оқушылар өздерінің батырма аттарын және функция міндеттерін қаншалықты білетіндігін анықтайды.
... мәтіндік және сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент. /Label (Надпись)/
... формаға текстік және сандық шамаларды енгізуге және шығару үшін қолданылатын компонент. /TextBox(Текст)/
... формаға командалық батырма орналастыру үшін қолданылатын компонент./CommandButton(Командная кнопка)/
... цифрлармен берілген жолдық мәнді сандық типтіге алмастыратынфункциясы. /Val(строка)/
... мән енгізілетін өрісі бар функция./ InputBox (енгізу қорабы) /
Нәтижені шығару функциясы./MsgBox функциясы/
Достарыңызбен бөлісу: |