Сабақтың тақырыбы: Программалау тілдерінің даму тарихы, программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі



Дата21.07.2017
өлшемі66,82 Kb.
#21788
түріСабақ
Сабақ жоспары

____Сабақ. Күні: ______

Тобы: __________________

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Программалау тілдерінің даму тарихы, программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі.

Сабақ типі, түрі: Жаңа білімді қалыптастыру, пікірлесіп - түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушыларға программалау туралы мағлұмат беру, программалаудың даму тарихымен таныстыру.

2. Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3. Тәрбиелігі: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: Лекция, түсіндірмелі, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, жұмыс дәптері.

Сабақ құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу;

Ә) Оқушыларды түгендеу;

Б) Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

В) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

Г) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Д) Өткен тақырыпты қайталау.

2. Өткен тақырыпты қайталау:


  1. Сызықтық алгоритмдер дегеніміз?

  2. Тармақталған алгоритмдер дегеніміз?

  3. Қайталанатын циклді алгоритмдер дегеніміз?

3. Жаңа сабақ:

Программалау тілдерінің даму тарихы,

программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі.

Бағдарламалау жүйелері деп компьютердегі есептерді программалауды автоматтандыруға арналған программа жиынтығы аталады. Программалау жүйесі пайдаланушыны немесе программистті өзінің мәселелерін оған қолайсыз машиналық командалар тілінде жазу қажеттілігінен босататын және оларға жоғары дәрежелі арнайы тілдерді пайдалану мүмкіндігін береді. Кіріспе немесе бастапқы деп аталатын осындай тілдердің әрқайсысы үшін, программалау жүйесінің программа мәтінін кіру тілінен машина тіліне автоматты түрде аударатын программасы бар.

Әдетте программалау жүйесінде:


  • қолданылатын программалау тілдерінің сипаттамасы;

  • тілді жүзеге асыру құралдарынын сипаттау - бұл осы тілдерден аударғыш программалар;

  • стандартты бағыңқы программалар кітапханасы бар.

Программалау тілдерімен тілді жүзеге асыру құралдарын айыру керек. Программалау тілі - бұл программаны құрайтын жазбалар жүйесін, пайдаланылатын грамматикалық құрылыс синтаксисі мен симатикасы анықтайтын ережелер жинағы. Компилятор үздіксіз процесс барысында жоғары дәрежелі тілде жазылған программаның бүкіл мәтінін аударады. Бұл кезде машиналық кодта толық программа жасалынады, кейін оны компьютер компилятордың қатысуынсыз орындайды. Интерпретатор программаның операторын бір - бірлеп ретпен талдайды. Сонымен қатар жоғары дәрежелі тілде жазылған әрбір синтаксистік құрылымы машиналық кодка бірінен соң бірін негізгі жад аймағында интерпретацияланатын программамен бірге болуы керек, бұл жадтың айтарлықтай көлемін қажет етеді. Әрбір программалау тілі интерпретациялануы да, компиляциялануы да мүмкін екенін айта кеткен жөн, бірақ көптеген жағдайларда әрбір тілдің өзінің артық көретін жүзеге асыру әдісі бар. Фортран, Паскаль тілдері негізінен компиляциаланады. Құрылымы, кірістік тілінің формальдау дәрежесі және мақсаттық арнаулы бойынша келесі программалау жүйелерін ажыратады:

  • машиналық - бағытталған;

  • машиналық - тәуелсіз

Машиналық - бағытталған программалау жүйесінің операторлар жиынтығы және бейнелеу құралдары компьютердің ерекшеліктерінен айтарлықтай тәуелді ішкі тілі бар. Машиналық - бағытталған жүйелер машиналық тәуелді тілдердің барлық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін пайдалануға мүмкіндік береді:

- жасалынатын программалардың жоғары сапалылығы;

- белгілі бір аппараттық ресурстарды пайдалану мүмкіндігі;

Мұнымен қатар бұл жүйелердің бірқатар жетіспеушілігі де бар:



  • тиімді программалау жасау үшін берілген компьютердің командалар жүйесі мен қызмет ету ерекшеліктерін білу қажет;

  • қателер пайда болуынан аз қорғалған программалар құру процесінің қиындығы;

  • программалау жылдамдығының төменділігі;

  • бұл тілдерде құрылған программаларды, компьютерлердің басқа типтерінде пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы.

Машиналық - бағытталған программалау жүйелері бұл компьютердің ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктерін білуді қажет етпейтін, есептерді шешу алгоритімдері мен өңделетін информацияны жүзеге асыру мен сипаттау жүйесі.

Қазіргі программалық жүйелерінің негізгі тізімі және олардың қызметтік арнаулы:

Объект - бағытталған визуалды программалау жүйелері. Олар графикалық интерфейсті пайдалану арқылы программалардың күрделі жинағы жасау процесін тиімдірек етуге мүмкіндік береді.

Қызмет ету қасиеттері бойынша программлық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады.



  1. Жүйеліу

  2. Қолданбалық

Жүйелік жабдықтама деп өзіне:

операциялық жүйелерді;



  • желілік программалық жабдықтаманы;

  • сервистік программаларды;

  • программаларды жасау құралдарын операциялық жүйелердің негізгі қызметі;

  • физикалық;

  • логикалық;

  • есептеуіш жүйелердің процестері ресурстарын басқару болып табылады.

Физикалық ресурстарға: жедел жад, процессор, монитор, баспа құрылғысы, магниттік және оптикалық дискілер жатады. Логикалық ресурстарға: программаларды, файлдарды, оқиғаларды және т.б. жатқызуғы болады.

Желілік программалық жабдықтама желілік есептеуіш жүйелердегі жалпы ресурстарды:

магниттік дискілердегі желілік жинақтауыштарды, принтерлерді, сканерлерді, жіберілетін хабарламаларды және т.б. басқаруға арнаған.

Желілік программалық жабдықтамаға:



  • желілік ОЖ

  • желілік емес ОЖ-лерде бар кейбір желілік программаларды жатқызады.

Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама аталады. Операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін және қосымша қызыметтер жиныны ұсыну үшін сервистік программалар қолданылады. Сервистік программалардың ішінен утилиталарды қарастырамыз. Утилиталар пайдаланушыларға компьютер мен оның жабдықтамасына қызмет көрсету құралдарын ұсынады.

Олар келесі әрекеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:



  • магниттік дискілерге қызмет көрсету;

  • файлдар мен каталогтарға қызмет көрсету;

  • компьютер ресурстары жайлы ақпарат ұсыну;

  • ақпаратты шифрлеу;

  • компьютерлік вирустардан қорғау;

  • файлдарды архивтеу және басқалары.

Қызмет салаларының спектрі қазіргі кезде өте кең және кем дегенде өзіне: өндірістік өнеркәсіпті, инженерлік тәжірибені, ғылыми зерттеулерді, медицинаны, басқаруды, іс- жүргізуді, баспа қызметін, білім беруді және т.б. қосады.

Типтік қолданбалы программалық жабдықтамаға келесі программаларды жатқызады:



  • Мәтіндік процессорларды:

  • Кестелік процессорларды:

  • Безендіру және іс қағаз графика жүйелері:

  • Деректер базасын басқару жүйелері:

  • Сараптау жүйелері:

  • Математикалық есептеулер, эксперименттік деректерді модельдеу және талдау программалары жатады.

Программалық жабдықтама нарығында ұсынылатын қосымшалар, жалпы жағдайда, жеке программалар немесе біріктірілген жүйелер ретінде орындалуы мүмкін.

4. Бекіту:

  1. Программалау жүйесі дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Программалау жүйесінің құрамында не болуы керек?

  3. Машиналық – бағыттылған программалау жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

  4. Жүйелік программалық жабдықтамаға не жатады?

  5. ОЖ қызметкері қандай?

  6. Желілік программалық жабдықтамаға не жатады?


5. Сабақты қорытыдылау және бағалау: Сабаққа жақсы араласып отырған, қойылған сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау.
6.Үйге тапсырма: Программалау тілдерінің даму тарихы, программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет