Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Барлық оқушылар: қарапайым қауіпсіздік техникасын атайды
Көпшілік оқушылар: тәжірибелер жасау барысында сақталуы тиіс қауіпсіздік техникасын сипаттайды
Кей оқушылар: қауіпсіздік техникасын әр түрлі тәжірибелер негізінде түсіндіреді
Қолданылатын заттардың саны жөніндегі ұсынымдарды сақтау;
Заттарды қыздыру және зертханалық ыдыс сынықтарын жинау кезінде жұмыс ережелерін сақтау.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
№10
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1D Қоректену
Мектеп:
Күні: ___
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып:
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері. (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары
8.1.2.1 Омыртқасыздар (жауын құрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру
Сабақтың мақсаты
Омыртқасыздар (жауын құрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру;
Жануарлардың асқорыту жүйелеріндегі ерекшеліктердің себептерін түсіндіру.
Омыртқасыздар (жауын құрт), күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстырады.
Жауын құрты, сиыр мен адамның асқорыту жүйелерінің әртүрлі болуының себептерін түсіндіре алады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар: Асқорыту мүшелерін атайды, олардың жануарлар ағзасында және адам ағзасындағы орналасуын сабақтас тіркестерді пайдаланып сипаттайды және ас қорыту жүйесін көрсететін сызбаны дұрыс құрастырады туралы ауызша сипаттап түсіндіре алады.