Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
5 мин
30мин
Білгенімді дамыту (практик
лық
жұмыстар)
Визуальды ақпарат беру.
Үш тілде үйренейік!
5 мин
|
Ұйымдастыру, Амандасу
Қайырлы күн, достарым!
Сәтті болсын күніңіз!
Қасиетті жұмада,
Қуанышты жүріңіз!
Егеменді елімнің жайқылған біз гүліміз!
2)Үй тапсырмасына шолу
«Автор орындығы» әдісі арқылы әр топтан 1 оқушыны ортағы шығарып, отырғышқа отырғызып, басқа топ мүшелері өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, дұрыс жауабын тыңдап, талқылайды. Дұрыс жауап смайликтермен бағаланады.
Ширату.Оқушыларды мозайка құрастыру арқылы топқа бөлу.Оқушылар бірнеше бөлікке бөлінген сурет қиындыларын құрастыру арқылы топ құрады. Құрастырылған сурет бойынша өз ойларын айтады.
«Көргенімді есіме сақтаймын»
«Математика сабақтары. Пропорция» атты тақырыбындағы бейнебаянын көрсету
Оқушыларға пропорция тақырыбына қосымша материал ұсыну.
Топпен жұмыс. «Идеялар себеті» әдісі
Оқушылар таңдаған есепті топ ішінде шығарып, флипчартқа орындайды, идеялар себетіне салады. Оқушылар топ басшысы, баяндамашы, хатшы, безендіруші бойынша ролдерін алады. Дұрыс есеп шығарған топ оқушыларын мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі..
№1 тапсырма
1 топ
х :20=2:5 (40=40)
х :18=7:9 (126=126)
х :18=2:3 (36=36)
2 топ
6: х =3:7 (42=42)
5 :9=15:х (135=135)
12:7=60: х (420=420)
Жауаптарының дұрыстығы кестедегі берілгендер бойынша тексеріледі. Топ мүшелері бірін-бірі бағалайды.
Дескриптор
1. Пропорцияның негізгі қасиетін пайдаланып, пропорцияның белгісіз мүшелерін таба біледі.
Жеке жұмыс «Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап» әдісі
(Шығармашылыққа бағыттау)
№2 тапсырма
Берілген сандардан пропорция құрыңдар:
6,12,4 және 8 (48=48)
3,5,15 және 25 (75=75)
10,7,49 және 70 (490= 490)
Дескриптор
Пропорцияның негізгі қасиеттерін ескере отырып, берілген сандардан пропорция құрады және шешіміін табады.
Бағалау
«Шапалақ» әдісі арқылы ынталандыру, мадақтау мақсатында жұмыстарын қорғап болғанан кейін барлығы бірге қол соғып бағалау.
(Шығармашылыққа бағыттау)
«Пропорцияның өміріміздегі маңызы» атты слайд-шоумен таныстыру
Мақсаты: пропорцияның тарихымен танысу, пропорционалдық шамаларды зерттеу, “Алтын пропорция” ілімі туралы мәлімет жинап, күнделікті өмірімізде кездесетін салаларды айту.
Жұппен жұмыс Семантикалық карта
№3 тапсырма
Берілген пропорциядан жаңа пропорция құрастыр
Берілгені
|
8:5=
24:15
|
9:7=
18:14
|
16:20=
4:5
|
36:28=
9:7
|
5: 8=15:24
|
120=120
|
|
|
|
7: 9=14:18
|
|
126=126
|
|
|
20: 16=5:4
|
|
|
80=80
|
|
28:36=7:9
|
|
|
|
252=252
|
Оқушыларға оқулықтан алынған есептер семантикалық картаға салынған, берілген пропорциядан жаңа пропорция құрастырып, дұрыс жауабын жазады.
Дескриптор: Пропорцияның негізгі қасиеттерін
есептеуде қолданып, берілген пропорциядан жаңа
пропорция құрады және дұрыс жауабын табады.
Жұптық бағалау «Медаль мен Миссия» әдісімен тапсырманы орындағанда кездескен қиыншылықтарымен жұптасып бағалайды.
«Пропорция бойынша әңгімеле» әдісі
Оқушыларға тақырыпқа сай есеп пен жауаптары беріледі. Сол есептергее қарап оқушылар әңгіме құрастырады, көршісіне әңгімелеп береді. Пропорция бойынша білімдерін түйіндейді.
№4 х-ті табыңдар
1 топ 5: 6=2х:3 (24=24)
2 топ 5х: 12=2:3 (15=15)
Дескриптор: Пропорцияның негізгі қасиеттерін
есептеуде қолданып, берілген пропорциядан
дұрыс жауабын сәйкескендіреді.
Бағалау «Бас бармақты жоғары көтеру» әдісі
Бұл оқушылардың жауаптарын жылдам қарап шығуға мүмкіндік беретін стратегия – оқушылар өз жетістіктерін қалай сезінетінін көрсету мақсатында бас бармақтарын жоғары көтереді, төмен түсіреді.
• Бас бармақ жоғары – күтілетін нәтижеге қол жеткізгендігіне сенімді.
• Бас бармақ төмен – жетістікке жетуде прогресс шамалы.
Ширату жаттығулары.
«Баланы ойната отырып, ойлантуға үйретейік»
Әр оқушыға «Торренс» тест беріледі
1 топ
2 топ
«Арадағы айырмашылық» әдісімен топпен бағаланады.
Қазақша
|
|
|
Русский
|
|
English
|
Қатынас
|
|
|
отношение
|
|
Ratio
|
Пропорция
|
|
|
Пропорция
|
|
Proportion
|
Тура пропорционалдық
|
|
|
вариация
|
|
Variation
|
|
|
|
Кері пропорционалдық
|
|
|
Обратная вариация
|
|
Inverse variation
|
Өрнек
|
|
|
Выражение
|
|
Term
|
Шеткі мүшелері
|
|
|
крайний
|
|
Extreme
|
Ортаңғы мүшелері
|
|
|
Среднее число
|
|
Means
|
«Футбол ойыны» әдісі
Оқушыларға сабақты бекіту мақсатында өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады?
Сұрақтар:
Пропорция деген не?
Пропорцияның негізгі қасиетін анықта
Пропорцияның белгісіз мүшелерін қалай табады?
Егер оқушылар сұраққа жауап берсе қақпаға доп түседі
Дискриптор:
Пропорцияның анықтамасын біледі
Пропорцияның негізгі қасиеттерін есеп шығаруда қолданады
Пропорцияның белгісіз мүшелерін табады.
Кері байланыс
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді
1 топ бірігіп, Ватсаптағы жеке чатыма смайлик арқылы көңіл-күйлеріңмен өз ұсыныс-пікірлеріңізді қалдырыңыздар,
ІІ топ менің Фейзбуктегі жеке парақшама бүгінгі сабақтың ұнағанын немесе ұнамағанын білдіру үшін лайк басып, өз ұсыныс-пікірлеріңізді қалдырыңыздар.
Оқушыларға топпен бірлесе смарт құрылғыларға өз ойларын жазады.
Үйге тапсырма:bilimland.kz сайтынандағы математика курс бөімінен алынған Пропорция тақырыбына құрылған itest-тің тест тапсырмаларын онлайн режимінде орындап келіңіздер.
|
АКТ
Оқушылар ұйымшылдық-пен белсене қатысады.
Оқулық; дәптер; қалам; қарындаш
Қиынды суреттер
Интернет желісі
|