Сабақта оқушылардың басым көпшілігі тапсырмаларды орындай алады. Себебі, тақырыпқа байланысты тапсырмалардың көбі сараланып алынды. Ашық, жабық сұрақтар қоя отырып, оқушыға тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беріледі. Жетелеуші сұрақтар беру арқылы жаңа тақырыпты өздеріне меңгерту өте тиімді деп ойлаймын. Сондықтан, оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін тапсырмалар беріледі. Ауызша сұрақтарға жақсы жауап береді. Оқушыларға диалогқа қатысу мүмкіндіктерін арттыратын тапсырмалар беріледі
|
Оқушылардың білімін критериалды бағалауды пайдалану арқылы анықтаймын. Сабақ үдерісінде мынадай қағидаттар орын алады деп жоспарлап отырмын:
1. Сабақ мақсатының оқушының ойлау дағдыларын ескере отырып жасалуы .
2. Жаңа тақырыпты оқушының өзіне меңгертуге ықпал жасау.
3. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып
табылады, сабақ барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады.
4. Мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі.
5. Бекіту тапсырмаларының таңдалуына назар аударылады.
.
|
Ширату негізінде «Торренс тест» жаттығуын алдым. Өйткені, бұл оқушылардың қызығушылығын оятып, олардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді. Сонымен бірге, оқушылар ұтқырлық, пайымдау, сыңаржақтылықтың болмауы, өзіндік сана-сезім сияқты ерекшеліктерін жаттығуды орындау кезінде шебер көрсетеді.
Топтарға бөлу және техникалық құралдарды пайдалану кезінде оқушыларға қолайлы жағдай жасау және қауіпсіздік ережесін сақтау.
|