Ұйымдастыру әдістері: салыстыру әдісі – белгілі бір топты жасы, қызметі, т.б бойынша салыстыра зерттеу; лоигитюд әдісі – бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап зерттеу; комплекстік әдіс – зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатысып, бір объектіні жан-жақты, сан алуан құралдармен зерттеу. Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады.
Эмпирикалық әдістер: бақылау мен өзіндік бақылау, эксперименталды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) әдістер; психиологиялық болжау (психодиагностика): тест, сауалнама, сұрақ беру, социометрия, әңгімелесу әдістері; шығармашылық, іс-әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаянмен танысу әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |