Сабақтың тақырыбы: Психология әдістері Сабақтың мақсаты


Білімді жан-жақты тексеру



бет3/10
Дата20.12.2021
өлшемі27,59 Kb.
#104029
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
№5 лекция

3.Білімді жан-жақты тексеру.

Бұрынғы өтілген материалды қайталау.

4.Оқушыларды жаңа сабақты саналы,белсенді түрде қабылдауға даярлау кезеңі.

А)жаңа сабаққа назарын аударту.

Ә)жаңа сабақтың тақырбын мақсатын, міндетін хабарлау.

5.Жаңа сабақ. Тақырыпты сұрақ –жауап түрінде түсіндіріп өту.

Жоспар.


  1. Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы.

  2. Психологиялық зерттеудің әдістері.

XIX ғасырдың ортасындағы психикалық іс-әрекет философиялық ілім жүйелеріне негізделіп, психологияның өзіндік сипаты, зерттеу объектілері мен оның әдіс -тәсілдері айқындалды.Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару ж/е ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән әдістері бар екенін атау керек. Ондай әдістер психологияда да бар. Олардың барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті ж/е объективті. Жаңа әрі тың фактілермен үнемі толықтырыльш отырмаса, ғылым дами алмайды. Фактілер жинау үшін ғылыми негізделген әдістерді пайдаланғанда ғана ғылым дұрыс және табысты дамуы мүмкін. Психиканы мидың объекивтік шындықты бейнелендіретін қасиеті ретінде диалектикалық-материалистік тұрғыдан ұғыну психологиялык зерттеулерді құрудың басқа әдістері мен принциптерін талап етеді.

Психология басқа да ғылымдар сияқты, бір емес көптеген әдістемелердің жиынтығынан тұрады. Негізгі зерттеу әдістері бақылау мен эксперимент. Белгілі бір әдісті таңдау, зерттеу жұмысының алдына қойылған мақсатка байланысты, алайда, қандай жағдайда болса да жоғарыда айтылған принциптерді басшылыкқа алған жөн.

Психологиялық зерттеулерде мына төмендегідей: байқау, эксперимент, әңгімелесу, қызмет нәтижелерін зерттеу, анкеталық әдіс, тестер әдісі, модельдеу сияқты әдістер қолданылады. Осы әдістердің көмегімен жиынтықталған фактілік материалдар сапалық және сандык талдауға түседі. Байқау әдісі. Ғылыми әдіс ретінде байқау әдісіне де белгілі талаптар қойылады. Басқа да көптеген ғылымдардағыдай психологияның негізгі әдісі — эксперименттік әдіс болып табылады. Психологиялық эксперименттің екі түрі — лабораториялық және табиғи жағдайдағы формасы бар. Социометрия әдісі де табиғи жағдайдағы эксперименттін ерекше бір түрі болып табылады. Әңгімелесу әдісі.

Қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі. Анкеттік әдіс. Тестер әдісі. Модельдеу әдісі.

Модельдеу әдісін қабылдау, түйсік, ес және басқа психикалық процестерді зерттеу үшін пайдаланады. Бұл әдіс сонымен қатар педагогикалық психологияда да, оның ішінде, білім беру процестерін зерттеуде кеңінен қолданылады.



Әдістер – ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары, тәсілдері. Адамның психикалық әрекеттерін белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс-әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қоөғалыстары, бізге оның ойлау мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет