Тәжірибе (эксперимент). Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірибе лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді.
Лабораториялық тәжірибе XIX ғасырдың ортасынан бастап жеке психикалық процестерді зерттеу үшін кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) психологияның тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы, т.б өлшенеді.
Психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін – хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін- эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау үшін – тахистоскоп, естуді өлшеу үшін – аудиометр, денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін эргографты пайдаланады. Бұлардан басқа, құрылысы әлдеқайда күрделі құрал-жабдықтар да толып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |