Сабақтың тақырыбы: Психостимуляторлар. Нооторпты дәрілер. Сағат саны: 90 мин (100%) Сабақ түрі: теориялық


Әсерлері, әсер ету механизмдері және қолданылуы



бет3/5
Дата18.12.2021
өлшемі22,9 Kb.
#102700
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
6bac4fe8-d5b5-482f-b278-ed170f476f9c

Әсерлері, әсер ету механизмдері және қолданылуы

  1. Дене еңбегінің көлемі мен шекарасын ұлғайтады, шаршауды болдырмайды, ауыр жұмыстан кейін күштің қалпына келуін жылдамдатады, спортшыларда ұзақ күш түскенде бұлшықеттердің шыдамдығы мен қимылдың бағыттылығын жақсартады.

  2. Ой қызметінің көрсеткіштерін жақсартады, қысқа және ұзақ уақытты жадты, зейінді және қозу және тежелу үрдістерінің күші мен жылдамдығын жақсартады (әсіресе шаршаған кезде және тежелу үрдістері әлсіз науқастарда).

  3. Ортаңғы мидың торлы құрылымының белсенділігін арттырады, таламо-ортикалды жүйенің бір мезгілдегі қозуын тежейді.

  4. Энергияның жаңадан түзілуін күшейтеді, себебі гликолиз және липидтердің тотығуын күшейтеді, аэробты тотығу үрдіс-терінің ерте іске қосылуына мүмкіндік береді, митохондрияның ультра құрылысын тұрақтандырады, тотығу және фосфорлану үрдістерінің қарқынды жүруін күшейтеді: нәтижесінде ми, жүрек, бауыр, қаңқа бұлшық еттері макроэргиялық фосфаттармен байытылады.

  5. Бауырда және қаңқа бұлшық еттерінде гликогеннің өнімін күшейтеді.

  6. ДНҚ, РНҚ, ақуыз, мембраналы фосфолипидтер түзілуін қуаттандырады, қайта қалпына келу үрдістерін жақсартады.

  7. Жалпы бейімделу синдромының қорқыныш және жүдеу кезеңінің дамуына кедергі келтіреді, бүйрек үсті қыртысының сөл бөлу қызметі мен қалқанша бездің сөл бөлу қызметін жақсартады.

Психоқуаттандырғыштар бейімдеу әсерлері қолайсыз фак-торлардың әсеріне ағзаның төзімділігін арттыруға бағытталған. Бұл препараттар бастапқы патологиялық күйге тәуелсіз ағзаның функциясын қалпына келтіреді, мысалы гипер және гипоглике-мияны, лейкоцитоз және лейкопенияны, эритроцитоз және анемияны жояды, этил спиртімен, хлороформ, бензол, метгемог-лобин түзушілермен улану белгілерін төмендетеді. Препараттар-дың бейімдеу әсерлерінің іске асуына торлы құрылым, гипоталамус, лимбикалық және нигростриарлы жүйе, сонымен бірге глюкокортикоидтар адреналин, жыныс гормондары қатысады. Психоқуаттандырғыштар – адаптогендерді күннің бірінші жартысында селқостануда, әлсіздікте, тұнжырауда, созылмалы артериялық гипотензияда қабылдайды. Психоқуат-тандырғыштар – адаптогендер дені сау адамдарға ауыр ой және дене еңбектерінде, егер толық демалу мүмкін болмаған жағдай-ларда тағайындалады. Табиғи психоқуатандырғыштардың қауіп-сіздігі оларды алкогольсіз сергітуші сусындар «Алтай», «Саян» құрамында қолдануға мүмкіндік береді. Психоқуаттан-дырғыштар – адаптогендерді қабылдауға қарсы көрсеткіштер: артериялық гипертензия, қозу, ұйқысыздық, қан кету, қызба.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет