Сабақтың тақырыбы: Психостимуляторлар. Нооторпты дәрілер. Сағат саны: 90 мин (100%) Сабақ түрі: теориялық



бет2/5
Дата18.12.2021
өлшемі22,9 Kb.
#102700
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
6bac4fe8-d5b5-482f-b278-ed170f476f9c

Психомоторлы қуаттандырғыштар: дене және ой жұмыс-тарына қабілеттілікті жоғарылатады. Адамға сергектік өзінің күшіне деген сенімділік, сыртқы ортаға қызығушылық тудырады, 10-12 сағатқа ұйқыға деген қажеттілікті ары қарай ысырады.

Өзінділік бағалау бойынша ойлау қабілеті жылдамдайды, бірігулер оңай пайда болады, ойлау операцияларын орындау жеңілдейді. Жануарларға психоқуаттандырғыштарды енгізгенде оларда белсенділік жоғарылап, шартты рефлекстердің өңделуі жылдамдайды. Шаршау тұсында қызметтің жақсаруы түрінде анық және сенімді нәтижелер алынды. Дәрінің психоқуат-тандырғыштардың әсерінен ұйқышылдық кезінде, еңбекке қабілеттілік төмендегенде, орталық жүйке жүйесіне тежеуші әсер беретін заттарды қолданғанда анық байқалады.

Ал, есте сақтау және операторлық қызметі жоғары деңгейдегі адамдарға, жақсы үйретілген жануарларға сергектігі жоғары болғанда қолданғанда психоқуаттандырғыштар жұмысқа қабілеттілікті жоғарылатпайды, керісінше төмендетіп жібереді.

Психоқуаттандырғыштар – адаптогендер – бұл жұмсақ психо- қуаттандырушы және бейімдеу әсерлері бар табиғи дәрілер. Олар ой және дене қызметтеріне қабілеттілікті жақсартады, қуат өндірілуін жоғарылатады, олар аз дозада ұзақ қабылдағанда тиімді. Медициналық тәжірибеде өсімдік тектес психоқуат-тандырғыштар - адаптогендер – женьшень, қытай шизандрасы, аралия тұндырмалары, элеутерококк, Мақсыр рапонтикум қызғылт семізот сұйық спиртті – сулы экстракттары, қызғыш қолданылады. Әсер етуші заттары гликозидтер болып табылады: женьшень гинсенозидтері, аралия аралозидтері, элеутерококк элеутерозидтері, семізот салидрозидтері. Мақсыр рапонтикумның биологиялық әсерлері фито-экдизондардың әсеріне негізделген. Қазіргі таңда жеке заттары бар препараттар шығарылады – Гинсан (женшеннің 8 гинсенозидтері), Сапарал (аммоний тұздары тритерпенды гликозидтер – аралозидтердің қосындысы), Экдистен (левзеидің фитоэкдизондары). Қазіргі таңда жануар тектес психоқуаттандырғыштар белгілі – Пантокрин бұғының сүйектенбеген мүйізінің сұйық спиртті – сулы экстракты және Рантарин солтүстік бұғысының мүйізінің экстракты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет