Сабақтың тақырыбы: Рационал көрсеткішті дәреже тарауы



Дата18.02.2017
өлшемі76,8 Kb.
#10092
түріСабақ
Сабақты өзіндік талдауы

21 ақпан 2014 жыл

Пәні : математика

Сыныбы: 12 жылдық мектептің 10 сыныбы

Мұғалімі: Мұқатаева Гульмира Шариповна

Сабақтың тақырыбы: Рационал көрсеткішті дәреже тарауы

Алгебра оқулықтың авторлары: А.Әбілқасымова, Т. Кучер,В.Корчевский,З. Жұмағұлова,2012 жыл

I.

-Сыныпқа жалпы сипаттама: сыныпта барлығы 12 оқушы, оның 1 оқушысы (Ескулова Алмагүл ) аудандық спартакиадаға қатысушы,1 оқушысы ауырып жатыр (Найманов Аңсар), қатысқаны -10 оқушы

- Білім сапасы 56-57 пайыз, Оқу озаты жоқ, математика сабағынан үлгерімі

6 оқушы «4»-тік, 6 оқушы «3»-тік бағаға оқиды.

- Тақырыпты таңдау: Рационал көрсеткішті тарауы, қамтылған тақырыптар :

а) n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері

ә)Рационал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

б) Құрамында рационал көрсеткішті дәреже және n-ші дәрежелі түбірі бар өрнектерді түрлендіру

в) Иррационал теңдеулер



-Мақсаты: Құрамында рационал көрсеткішті дәреже және n-ші дәрежелі түбірі бар өрнектерді түрлендіру біліктілігін қалыптастырып, оқушылардың білімін кеңейту.
II.


Талдау элементтері

Қорытынды

1.Сабақтың мақсатын талдау

Сабақтың мақсатының дұрыс қойылуы

Математика пәні сабағының білімділік,тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары тақырыпқа байланысты қойылды.

Бағдарлама талаптары

Сабақ мақсаттары ҚР 12 жылдық білім беру МЖБС байқау жобасының талабына сай келеді.

Материалдық мазмұны

Оқытылатын материалдар мазмұны оқытудың жаратылыстану -математика бағыттарына сай келеді.

Оқушылардың білімдері мен дағдыларының қажетті деңгейі

Оқушылардың біліміне,дағдысына,ұғымына сәйкес алгебра пәнінің тақырыбы оқытылды.

Оқушылардың дайындық деңгейі

Әр оқушының қабілеті ескерілді.

Оқытудың соңғы нәтижесі

Оқушылар дағдысын,шеберлігін қалыптастыру.

Оқушыларды мақсатқа жеткізудің әдістері мен формалары

Оқушыларға жеткізудің формасы мен әдістері анық,қарапайым нақты ұйымдастырылды.

Қойылған мақсатқа жетудің сатылары

Қойылған міндеттерді түгел орындау.

2. Cабақты ұйымдастырудың және құрылымына талдау

Сабақтың құрылымы мен сәйкестігі

Сабақ құрылымы сабақ типіне сәйкес келеді.

Сабақтың логикалық реттілігі мен этаптарынының байланысы

Сабақтың бөлімдерінің өзара байланыстырып реттеу.

Сабақтың зтаптарына уақытты бөлудің мақсаттылығы

Сабақтың бөлімдеріне уақытты дәл бөле отырып тиімді ұйымдастыру.

Математика кабинетіндегі құралдарды пайдаланудың тиімділігі

Математика  кабинетіндегі құралдар өтілетін тақырыптарға байланысты сабақ барысында қолданылды, кейбір техникалыө ақаулар болып қалды.

Оқушылар мен мұғалімнің еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастыруы

Мұғалімнің ойластырумен,оқушылардың ойлау қабілеттері арқылы жүргізеді.

Сабақтың басы мен соңын ұйымдастыру

Уақытымен және жоспар бойынша

Сабақ жүргізу ырғағының тиімділігі

Қазақ тілінде түсінікті етіп жүргіздім.

 


Сабақ жоспарының болуы және оның орындалу дәрежесі

Сабақ жоспары әр сабақта ойластырып жасалады,пайдаланылады.

3. Сабақ мазмұнын талдау

Сабақ мазмұнының стандарт талабына дәл келуі

Сабақ мазмұны ҚР 12 жылдық білім беру МЖБС байқау жобасының талабына сай келеді.

Баяндаудың ыңғайлығы

Мұғалімнің материалды баяндау деңгейі оқушылардың түсінуіне игеруіне дәл келеді.

Баяндаудың ғылымилығы

Мұғалімнің материалды баяндауы оқулық мазмұны негізінде оқушылардың білім деңгейіне сәйкес қосымша материалдар(интернет желісінен) пайдаланды.

Сабақтың мазмұнының өмірмен байланыстылығы, кәсіптік бағдар беру

Әрбір сабақтың өмірмен тығыз байланыс орнаған және әрбір оқушының келешек мамандығы ескерілді.

Сабақ мазмұнының оқушылар қажеттілігі мен қызығушылығына байланыстылығы

Әрбір сабақтың мазмұнына сәйкес оқушылар қажеттілігі,қызығушылығы ескеріліп өткізілді.

Оқушылардың ізденушілігі өз бетімен ойлауы оқу әрекетінің бейімділігін қалыптастыру

Оқушылардың өздігінен ойлауы, оқу әрекеті, белсенділігі әр сабақтың материалдарына байланысты жүзеге асыру мұғалімнің негізгі міндеті деп есептеймін.(Балық сүйегі )

4.Сабақ үстіндегі оқушылар жұмысына талдау

Сабақтың әр бөліміндегі оқушылардың жұмысқа қабілеттілігі және белсенділігі

Оқушылардың сабақ барысында жұмысқа қабілеттілігі және белсенділігін әр түрлі жұмыс формаларымен, жауаптарын бағалаумен асырды.

Сабақ және тақырыпқа қызығушылық

Сабаққа,тақырыпқа оқушылар қызығушылығын сабақтың әр түрлілігімен,әдістерімен мұғалім жүзеге асырады.(деңгейлік есептер, генеалогиялық әдіс бойынша постер құрау)

Сабақтағы еңбектің мәдениеттілігі.Оқушылардың жұмыс түрін ұйымдастыруы

Оқушылдар сабақта уақытты тиімді пайдалануды,оқушылар ережесін сақтауды,жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруды мұғалім көмегімен қалыптастырады.

Оқушылардың бірдей талапты орындауы

Математика жұмыс дәптерін жүргізу, бағалау парағын толтыру, талапқа сай ұстауы.

 


Оқушылар білімі мен дағдыларының сапасы

Оқушылар мұғалімнің бағалауына оң көзбен қарайды,өйткені олар жауаптарына өзіндік бақылау,өзіндік бағалау жайын біледі.


Сәтті өткен

Жоспарланған тапсырмалардың орындалуы

Сәтсіз өткен

-Техникалық ақаулардың орын алуы,

-сабақ басындағы оқушылардың алдына қойған мақсаттарының , сабақ соңында орындалу деңгейі жайлы сұралынбай қалды.



5. Үй тапсырмасына талдау

Үй тапсырмасын тексерудің әдістері мен тәсілдері

Тест жұмысын компьютерде орындау .

Үй тапсырмасының көлемі

Үй тапсырмасының көлемі өтілген материалдың қиындығына байланысты беріледі.Оқушылардың қабылдау мүмкіндігіне қарай.

Сабақ беру барысында оқушылардың үй тапсырмасын орындауға дайындау

Үй тапсырмасын қалай орындау керектігі жөнінде оқушыларға түсінік жасалды.

6. Сабақтың шартына санитарлық-гигиеналық баға беру

Тақтаны пайдалану

Математика кабинетінде қоңыр түсте,магнитті тақтамен жабдықталған.Оқушыға қолдануға қолайлы.

Бөлменің жарықталуы,тазалығы

Математика кабинеті күндізгі жарық шамымен жарықталған,тазалық талапқа сай.

Көрнекілікті пайдалану,қолдану

Таблица.дискриптор, сабақтың соңындағы көңіл күйді бейнелейтін суреттер стандартқа сай жасалған.

Техника қауіпсіздігін сақтау.

Мұғалім оқу жылы басында әр сыныптың оқушыларын техника қауіпсіздік ережесімен таныстырып,арнаулы журналға қол қояды.

7. Сабақтың психологиялық талдауы

Оқушылардың сабақ алдындағы психологиялық  жағдайы

 Мұғалім оқушыларды сабаққа психологиялық жағдайға дайындауға көңіл бөліп әр түрлі әдістеме қолданылады.

Өткен сабақ туралы қызық фактілер арқылы оқушылар көңіл –күйін сабақта рефлексияда дайындайды.



Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Осы мақсатты мұғалім түрлі проблемалық

жағдайлар туғыза отырып өтілетін материалдарға байланысты оқушылардың ойлау қабілетіне жағдай жасайды.





III. Қорытынды

Әр математика пәнінің мұғалімі ҚР «Білім туралы » Заңын орындау мақсатында білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін орындау жолында ізденіспен еңбек етеді. Яғни, әр оқушының тақырыптарды толыққанды меңгеруге нақты көңіл бөлінеді. Математиканы оқытудың мақсаты-оқушыларды математикалық модель құруға, қойылған мәселені шешу үшін қажетті алгоритмді құруға немесе ыңғайлы математикалық жаңа әдіс-тәсілдердің көмегімен өз бетінше білім алу қабілеттерін дамытуға үйрету болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет