6.2.1.6 коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын білу;
6.2.1.7 алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді орындау
Сабақтың мақсаттары:
-ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмімен танысады;
- ұқсас қосылғыш ұғымын енгізеді;
- «ұқсас қосылғыштарды біріктіру» дегенді түсінеді;
Сабақ барысы:
Уақыты
Кезең дері
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
5 минут
Ұйым
дастыру
Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Жақшаларды ашу. Коэффициент тақырыбын қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: - коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын білу;
- алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді орындау
Үй тапсырмасын тексеру. №670, №682.
Амандасады, үй тапсырмасына жауап береді.
Оқулық
10 мин
Жаңа сабақ
Өткен материалды қайталау. Қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады?
Қандай алгебралық өрнектер алгебралық қосынды деп аталады?
Қандай өрнектер теңбе – тең өрнектер деп аталады?
Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиетін пайдаланып,
алгебралық өрнектер қалай ықшамдалады?
Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиетін
пайдаланып, алгебралық өрнектер қалай ықшамдалады?
Таңбалар ережесі +(+)=…; +(-)=… ; -(+)=… ; -(-)=…
Жаңа сабақ. Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.
1-мысал. 5а-9а+4а-11а алгебралық қосындысы берілген. 5а, -9а, 4а, -11а қосылғыштарының әріп бөліктері бірдей. Мұндай қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды. Тек қосылғыштар да ұқсас қосылғыштар болып табылады.
Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады.
Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:
олардың коэффициенттерін қосу керек;
алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.
Алгебралық қосындыда ұқсас қосылғыштардың әр түрлі ұқсас қосылғыштардың тобы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда әр түрлі ұқсас қосылғыштардың астын түрліше сызып, соған қарап біріктіреді.
2-мысал. 2,8х-7у+5,6+3у-4х-2 өрнегіндегі ұқсас қосылғыштарды біріктіріп, өрнекті ықшамдайық.
Берілген қосындыдағы 5,6 және -2 қосылғыштары бос мүшелер деп аталады. Бос мүшелердің әріп бөліктері болмайды.
2,8х-7у+5,6+3у-4х-2=(2,8-4)х+(-7+3)у+(5,6-2)=-1,2х-4у+3,6
а∙(в+с)═а∙в+а∙с бұл көбейтудің үлестірімділік заңы,біз теңдіктің екі жағының орнын ауыстыруға болатынын білеміз,олай болса ауыстырамыз,сонда а∙в+а∙с═а(в+с) ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару деп осыны айтамыз.
3а+2в+5а═(3+5)а+2в═8а+2в
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады
«Басбармақ» әдісімен бір – бірін бағалау жүргізіледі.
Карточка
Тақта, слайд, оқу құралдары;
6 сыныпқа арналған оқулық