Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейту Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет41/48
Дата29.11.2023
өлшемі6,74 Mb.
#194097
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
Байланысты:
6сынып 2 токса Меру
7 алгебра 2 токсанМеруерт, 5 сынып математика
Жаңа сабақ. Анықтама 1: Екі өрнектегі айнымалылардың қабылдайтын мәндерінің кез келгенінде сәйкес мәндері тең өрнектер теңбе – тең өрнектер деп аталады.
Анықтама 2: Айнымалылардың қабылдайтын мәндерінің кез келгенінде тура болатын теңдікті теңбе – теңдік деп атайды.
Өрнекті оған тең өрнекпен алмастыруды өрнекті теңбе – тең түрлендіру деп атайды.
Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектердегі қосылғыштардың орындарын ауыстырып, топтап ықшамдауға болады.
Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектердіге көбейткіштердің орындарын ауыстырып, топтап ықшамдауға болады.
Мысалы, 7+(-9а+4b-с)=7+(-9а)+4b+(-с)=7-9а+4b-с.
Қысқаша: 7+(-9а+4b-с)=7-9а+4b-с.
Әріптермен жазсақ: а+(-b+с-d)=a—b+c—d
 
 Егер жақшаалдында«-» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама – қарсы таңбамен алмастырылады.
Мысалы, 4,6-(2а-3b+7с)=4,6+(-2а)+3b+(-7с)=4,6-2а+3b-7с.
Қысқаша: 4,6-(2а-3b+7с)= 4,6-2а+3b-7с.
Әріптерменжазсақ: а-(b-с+d)=а-b+с—d.
Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін олардың коэффициенттерін қосып, алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.
Мысалы, 2,5х-3у+1,2z+7х-5z+1,8у=(2,5+7)х+(-3+1,8)у+(1,2-5)z

Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады





6–сыныбына арналған оқулық.
Оқулық

25
минут


Бекіту тапсырмасы

Сыныппен жұмыс.
Барлық оқушыларға өздерінің білімдерін тереңдетуге мүмкіндік беріледі.
Тапсырма 1.
1. Қандай да бір теңбе-теңдік құрастырыңыз:
1) Бір айнымалысы бар;
2) Екі айнымалысы бар;
3) Үш айнымалысы бар.
Құрастырылған теңбе-теңдікке сәйкес келетін тапсырма құрастырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет