«Радиактивтілік.Альфа,бета,гамма-сәулелері»
11- сынып .Физика (қолданбалы курс)
Сабақтың тақырыбы: Радиактивтілік.Альфа,бета,гамма-сәулелері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты:. Оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыру, сонымен қатар оқушыларға радиактивті ыдырау заңы туралы теоремаларды дәлелдеп формулаларын қорытып, осы формулаларды есептер шығару кезінде қолдана білуге бағыттау
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ғылыми ой-ізденістерін,логикалық ,танымдық ,шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, физикалық есептерді шығару дағдыларын қалыптастыружәне іскерліктерін жетілдіру.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақ түрі: практика
Сабақ әдісі: тест, сұрақ-жауап, есеп.
Көрнекіліктер: графопроектор, карточкалар, слайд,Менделеев таблицасы,плакат ,маркер,стикерлер, Білім ағашы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық: Танысу мен амандасу тренингі. «Менің есімім және болашақ мамандығым» Тренинг барысында оқушы есімін және балалық шақтан армандаған асыл арманын, мамандығын тіркестіре атауы тиіс.
Топқа бөлу: 2 топқа бөлінеді.
1-топ:Альфа ыдырау,
2-топ:Бета-ыдырау
I. «Еске түсіру стратегиясы»: топтық жұмыс
Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында 2 топ флипчарт дайындайды, постер құрады, яғни 2 топ тақырып бойынша қорғайды.
1-ші топ: Альфа-ыдырау
2-ші топ :Бета-ыдырау.
Әр топтан 2 оқушыдан шығып қорғайды.
II. Өз үйіңді адаспай тап (сұраққа жауап беруі бойынша топ басшысы таңдалады).
1.Альфа-ыдырау формуласы -
2. Бета-ыдырау формуласы –
3. Гамма-сәулесінің формуласы –
4.Меншікті байланыс энергиясы -
III.Кім жылдам? (ауызша)
1-топ: Күмістің , кюрийдің ,радийдің ядроларының құрамы қандай?
2-топ: Германий , ниобий , қорғасынның ядроларының құрамы қандай?
Есептер шығару:
1.Актиний , изотопы үш рет α-ыдырауға ұшырағаннан
кейін қандай элемент пайда болады?
2.Ксенон ядросы 4-рет β-түрленуге ұшыраған соң
қандай тұрақты ядроға айналады?
3. Торий изотопы ядросы екі α -ыдырауға екі электрондық
β-ыдырауға тагы бір α-ыдырауға ұшырайды. Осы түрленулерден соң
қандай элементтің ядросы түзіледі?
1)Берілгені : Шешуі : ZХА ————2 Не4 + Z-2 УА+4
α
n =3 89 Ас 225 ———- 3 2 Не 4 + 83 Х 213
89 Ас 225
————————- жауабы : 83 Х213 = 83Ві213 (висмут)
Z Х А-?
2)Берілгені :
n = 4 шешуі : Z ХА ————- -1 е0 + Z+1 У А+γ
β
54 Хе 140 54 Хе 140 ————- 4 -1е0 +58 Се 140 + 4γ
——————
Z ХА-? Жауабы : 54 Х 140 = 58 Се 140 (церий)
3)Берілгені:
n 1 = 3 шешуі : 90 Тһ 232————- 3 2Не 4 +2 -1 е0 + 86 Х220 +2 γ
α
n2 = 2 86 Х 220 = 86 Rn 220 (радон)
β
90 Тһ 232
——————
Z Х А =?
IV.Сергіту сәті. Жеті жұрттың тілін біл.Оқушыларға сұрақтар немесе жұмбақтар қойылады. Оқушылар қазақша-орысша-ағылшынша жауап беруі тиіс.
1. Ең жақын жүлдыз. (Күн-солнце-sun)
2.Судың қатты күйі. (Мұз- лед- ice)
3.Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланады күн сайын жарық үшін.(ток-ток-energy)
4.Жердің жалғыз серігі. (ай-луна-moon)
5. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)
6 .Ат міндім қарала аяқ қаздақтатып,
Жүргенде жол салады табандатып. (Қалам-ручка-pen)
7.Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін. (Кітап-книга-book)
8. Тақиям толған сөк, Ерте тұрсам дым да жоқ.(жұлдыз-звезда-star)
9. Жылт - жылт етеді,
Жылғалардан өтеді (су-вода-water)
10. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді. (күш-сила-force)
Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін саралау. Теориялық тест тапсырмасы беріледі.
Қорытынды: Сабақтан алған әсерлеріңізді мына стикерлерге жазыңыздар. Оқушылар ұсынысын, ойларын ,сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып білім ағашына әкеліп жабыстыруыңызға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |