Сабақтың басы
10 минут
|
Ұйымдастыру сәті
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Бір-біріңе күлкі сыйлау» әдісін қолданылады
Үй тапсырмасын тексеру
«Сен маған, мен саған» әдісімен, дәптерлерін ауыстырып, үй тапсырмасын тексереді
«Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақ-жауап:
1. Арифметикалық квадрат түбір деген не?
2. Саннан квадрат түбір алу үшін бұл сан қандай болу керек?
3. Теріс санның квадрат түбірі бар ма?
4. Оң санның неше квадрат түбірі бар?
Жеке жұмыс.
Бастапқы дағдылар мен біліктерді тексеру.
Оқушыларға тапсырма беріледі
№1. Амалдарды орындаңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін, бағалау жеке өзара тексеру арқылы жүзеге асырылады. Қажет болса, жеке тапсырмалардың шешімдерін талқыланады.
Мақсат қою
Мұғалім оқушылармен келесі сұрақтарды талқылайды:
Орындалған тапсырмаларда не ортақ? Қандай формулаларды қолдандыңыз?
Содан кейін сабақтың мақсаттары мен оқу мақсаттары талқыланады.
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:
- бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылтуды;
- құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындауды;
|
Амандасады
Бір-біріне қарап күлімдейді
Үй тапсырмасын айту.
Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар жеке жұмыс істейді
Оқушылар тапсырмаларды алмастырады және слайдтағы жауаптарды пайдаланып бір-бірінің жұмысын тексереді.
Сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың мақсатын мұғаліммен бірге анықтайды
|
Бір-бірін бағалайды
Ынталандыру мақсатында мақтау сөздерімен ауызша бағалау. «Жарайсың»
Бір-бірін 1-5 аралығында бағалайды
|
Оқулық
Слайд
Интерактивті тақта
Қима қағаздар
Интерактивті тақта
|