ІІІ тапсырма №1 Тәжірибелік жұмыс (компьютерде жеке жұмыс атқарады)
SketchUp бағдарламасының құралдарын пайдаланып параллелепипед құрастырыңдар.
Бағдарламаны іске қосамыз.
Бағдарлама терезесі ашылғаннан кейін «Прямоугольник» батырмасын шертеміз. Жұмыс алаңындағы «Сүйеніп тұрған адам» координаталық сызықтардың басына меңзердің ұшын қойып, тіктөртбұрыш сызамыз.
Тяни /Толкайбатырмасын баса отырып, тіктөртбұрышты созу арқылы, 134-суреттегі көлемді фигураны саламыз.
«Окно – Материалы (Терезе – Материалдар)» командасының көмегімен модульді іске қосамыз. Пайда болған сұхбат терезесі көмегімен параллелепипед қабырғаларын (134-суретте) көрсетілгендей кірпішпен қаптаймыз.
№2 Тәжірибелік жұмыс. https://www.youtube.com/watch?v=Bfk8gGHVbDs адресі бойынша бейнефильмдегі материалды негізге ала отырып, Sketch Up программалық ортасында үйдің суретін салу. (5.10-сурет)