Сабақтың тақырыбы: Құрлық сулары Сабақтың мақсаты: білімділік



Дата18.06.2017
өлшемі197,62 Kb.
#19209
түріСабақ
Пәні:География

Сыныбы: 6

Мұғалімі: Какенова С.Т.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Құрлық сулары

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушыларға құрлық сулары жайлы ұғым беру, д.ж. су айналымы және оның маңызы жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету.

дамытушылық: Оқулықтағы сурет, атласты пайдаланып өз бетімен ізденуге дағдыландыра отырып, оқушы ойын, қабілетін дамыту;

тәрбиелілік: Картамен жұмыс істеу барысында географиялық мәдениетті қалыптастыру, ұжымдық, жұптық жұмыс арқылы ұйымшылдықпен шығармашылық ізденіске баулу;

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы;

Әдіс – тәсілдер: танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру иллюстративті (бейнелі), жартылай ізденушілік, сұрақ-жауап, баяндау, пікір айту, шығармашылықпен жұмыс жасау;

Оқыту құралы: 6-сыныпқа арналған атлас карта, жарты шарлар картасы, глобус.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу ә) түгендеу

2. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

3. Жаңа сабақты меңгерту;

4. Үйге тапсырма беру;

5. Сабақты қорыту, бағалау.



Жаңа сабақ жоспары:

1. жердегі су



2. табиғаттағы су айналымы

1. Гидросфера – жердің су қабығы.Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км



2.Күн сәулесінің әсерінен мұхиттар мен теңіздер бетінен жыл сайын 450 мың км3мөлшерде су буланады. Жоғары көтерілген су булары салқындап, бұлт түзеді. Оларды жел ылғи бір жерден екінші жерге айдап алып барады. Бұлттардан мұхитқа да, құрлыққа да жауын–шашын жауады. Мұхит бетінен буланған судың бір бөлігі оған қайта қосылады. Мұны кіші су айналымы д.а.

Құрлық бетіне жауған жауын–шашынның бір бөлігі буға айналып, қайтадан атмосфераға көтеріледі, ал екінші бір бөлігі өзенге, көлге барып қосылады, жерге сіңеді, сол сияқты мұздықтарды да қалыңдата түседі. Үлкенді–кішілі көптеген өзендер құрлық бетімен ағып барып мұхитқа құяды. Мұны үлкен су айналымы д.а.Сонымен, судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін дүниежүзілік су айналымы д.а.



Үйге тапсырма: § 35 оқу, 112 – беттегі 2–тапсырманы орындау

Сабақты қорыту: 112 – бет сұрақтарға жауап беру, мәтін бойынша сұрақтар қою

Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет