І топ «Балалық шақ»
Тырнағың қайсы-ей, мысық? Деп, Қосымды аяғынан шалып қалды. Қосым жалп етіп ұшып түсті де, терісі сыдырылған тізесін ұстаған күйі, көзі жасаурап қайта тұрды. Біраз жүргеннен кейін Есікбай оның басынан түйе тоқай ала бастады.
(Есікбай - сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала. Жаман әдеті – әркімге бір ұрынады, әлі жеткенді аяқтан шалып қалады. )
ІІ топ «Ғажап ертегілер»
Менің де мынадай ақ көйлегім бар. Үлкен сандықта жатыр, апам кигізбейді дейді. Ол төбелескенде ылғи баж етіп кеп бетті тырнайтын, сондықтан тырнауық дейтінбіз, өзінен көп балалар қорқатын. Оған тек Есікбай ғана тік келуші еді.
(Қосым – мақтаншақ, көп үндемейді, төбелескенді жақсы көреді. Ылғи баж етіп кеп бетті тырнайды. Сол себепті ауыл балалары тырнауық мысық деп келемеждейді.)
ІІІ топ «Ауыл балалары»
Бригадир боп тағайындалғаннан кейін, жұмсағанда тілін қайырған талай әйелдер мен жасөспірім балаларды әлімжеттік етіп сабаған. Жүгіріп жеткен бойда, қораның артында төрт бүктеліп шырқырап жатқан Аянды дәу табан керзі етігімен теуіп кеп жіберді. Аян қалпақша қалқып барып анадай жерге түскен.
(Тұржан – «Аттан-аттан» деп жер-көкті басына көтеріп айқайлайды, шолақ қол бригадир, армиядан жақында келген, сол қолын білегінен оқ жұлып кеткен, бірақ өзі аса қатыгез, мейірімсіз адам.)
ІV топ «Аманат»
Әуелде біз, балалар, оның ертегі айтатынын білгеміз жоқ. Ол әжесі екеуі біздің ауылға қырық екінші жылдың жазында көшіп келген. Мал дегеннен, тек бұзаулы қоңыр сиыры бар еді. Әкесі майданға аттанып, туған анасы содан екі ай бұрын қайтыс болыпты. Біздің ауылда әжесінің жамағайын төркіндері бар екен, соларды сағалап келсе керек.
(Ол өте ақкөңіл, ақылды, зерек бала екен. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі,не десең де жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті. Ең жақсы қасиеті – ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейтіндігі еді.)
Достарыңызбен бөлісу: |