Сабақ бойыншарефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
6-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесі тақырыбына сабақты жоспарлағанда ең алдымен сабақтың оқу мақсатын айқындап алдым. Ең алдымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын білім алушының бойына сіңіре отырып, білім беруді көздедім. Сабақты жасауда түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана аламын. Оқушылардың деңгейін ескере отырып, қарапайымнан күрделіге қарай білім алушының қажеттілігін қанағаттандыратындай етіп, саралау тапсырмаларын құрдым. Сабақ өту барысында білім алушылар өз көзқарастарын, пікірлерін, ойларын ұтымды да, жүйелі түрде жеткізе біледі. Оқу және танымдық деңгейлеріне орай саралау тапсырмаларын орындай алады. Интербелсенді тақтамен жұмыс жасап үйренеді, оны өз тәжірибесінде жүзеге асыра алады. Ең бастысы құнды пікір айтып, сыни тұрғыдан ойлана алады. Оқушылардың көбі оқу мақсатына қол жеткізді деп ойлаймын. Оны тапсырма орындау барысында байқадым. Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдалана алдым. Себебі, сабақта орындалатын тапсырмалар уақытқа сәйкес беріліп отырды.
Сабақ жоспарында ауытқулар болды. Мысалы, кері байланыс пен рефлексияны қолдануда өзгерістер енгіздім. Сабақтың жоспарын алдағы уақытта да SMART форматында қолданып, тәжірибеме толықтай енгізетініме сенімдімін.