Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин,,Ақсақ киік`` өлеңі. 5-сынып. Сабақтың мақсаты



Дата07.05.2017
өлшемі128,88 Kb.
#15886
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин ,,Ақсақ киік`` өлеңі. 5-сынып.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

а) ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу,``Ақсақ киік``өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу;

ә) өлеңді мәнерлеп оқу, өлең мазмұнын менгере отырып автор шеберлігін тануына көмектесу, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;

Дамытушылық:

а) шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау; ә) өз бетінше зерттеу, талдау жұмыстарына машықтанып, түйінді ой,өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу;



Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге,адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрi: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, Блум таксономиясы

Пәнаралық байланыс: тарих

Көрнекілігі: С.Сейфуллин суреті, шығармалары

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

ә) Оқушы зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару.

``Өнер алды-қызыл тіл``

Анаңдай оны құрметте!

 Қапсымай,талмай үйрен, біл,

Асылын сөздің өрнекте.

Ана тіл-асыл қазына,

Байлығың-білсең ол сенің.

Жеткізер өмір жазына,

Сонымен өсер өркенің, -дей отырып сөз өнерін, асылын,тіл тазалығын сезінетін әдебиет сабағын бастаймыз.

І Білу.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

М.Жұмабаевтың «Қысқы жолда» өлеңін жатқа сұрау. Шығармашылық жұмыстарын тексеру. (эссе, сурет салу)



ІІ Түсіну.

III. Жаңа сабаққа кіріспе.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.




Нені білемін

Нені білдім

Нені білгім келеді









-Балалар, біз бүгін үш бәйтерегіміздің бірі С.Сейфуллин өмірімен "Ақсақ киік " өлеңімен танысамыз. Өлеңімен таныспас бұрын ақын туралы нені білуіміз керек?

 Тарих пәнімен байланыс.
Мәліметтер. -С.Сейфуллин туған жылы, жері. -Ақынның өмір жолы, репрессия құрбаны болуы - тарихи кезең Бетпақдала арқылы Верныйға жетіп кеңес үкіметін құруға атсалысуы.

1.Құрманғазы Сағырбаевтың "Ақсақ киік” күйін тыңдату. Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға оқыту.



ІІІ Қолдану.

Сөздікпен жұмыс. (Дәптермен жұмыс)

-Сегіз көштік-ұзындық өлшемі.

-Таңы-жануардың сұлу мүсіні.

-Қос-шатыр,күрке. -Бетеге- шөп атауы.

-Киік –аталық жануар. -Бөкен-аналық жануар.

3.Өлеңде көркемдегіш тәсілдің бір түрі теңеу кездеседі. Мына жолдарға назар аударайық.

Қап-қара екі көзі мөлдіреген,

Әдемі екі танау желбіреген.

Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,

Жел түрткен жусаннан да селдіреген.



ІV Талдау.

4.Өлең құрлысына назар аударайық.

Ар-қа-ның Бет-пақ де-ген да-ла-сы бар,11 а

Бет-пақ шөл ой-лы-қыр-лы па-на-сы бар 11 а

Сол шөл-де ел жоқ ,күн жоқ ө-сіп- өн-ген 11 б

Жән-дік-тің киік де-ген ба-ла-сы бар 11 а

1 шумақ, 4 тармақ, 3 бунақ, 11 буынды қара өлең ұйқасы деп аталады.

 - Балалар,енді осы өлеңде басты кейіпкер киік деген жануар емес пе?

- Жануардың табиғи ерекшелігі.

- Мекен ететін ортасы туралы.

 Ал енді осы киіктердің бүгінгі күнде өмір сүру деңгейі қандай? Оның сандық көрсеткіші туралы не білеміз?

-Киіктің дене тұрқы,салмағы,жылдамдығы туралы түсінік беру.

. -Міне,балалар,біз сендермен ақ бөкендердің өмірі туралы жалпы мағлұматты алып отырмыз.



V Жинақтау.

VI. Сабақты түсінгенін тексеру.

Балалар,осы өлеңі арқылы ақын бізге нені айтқысы келді? Біз нені түсіндік?

VII. Сөз соңында айтарымыз,ақынның айтайын деген ойы табиғатты қорғау, жан-жануарларды аялау екен. Осыған байланысты қазақ халқының әнші-күйшілерінің шығармасы да жетерлік. Құрманғазының”Ақсақ киік” күйі, Жақсыкелді Сейілов ағамыздың "Жез киік” әні, С.Сейфуллиннің сөзі мен қоса әні де айтылатын "Ақсақ киік” әнінің барлығында жазықсыз жануарға деген аяныш сезімі айқын байқалады. Бүгінде жаңа әннің қатарын "Ақбөкен”өлеңімен толықтырған.
VII .Үйге тапсырма

1.”Ақсақ киік''өлеңін мәнерлеп оқу,үзінді жаттау.

2.”Біз - табиғат сақшысымыз” ойтолғау жазу.

3.Оқиға желісіне байланысты сурет салу.



Оқушы білімін бағалау.

Күні:


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: Кезектес салалас

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға кезектес салалас сөйлем туралы мағлұмат беру. Оқушыларды қатыстыра отырып талдау жұмыстарын жасау.

ә) сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;

б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, Блум таксономиясы

Сабақтың көрнекілігі: плакат.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



І Білу.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.



ІІ Түсіну.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп білдіретін құрмаластың түрін кезектес салалас дейіз.

Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек салаласа байланысады. Құрамындағы жай сөйлемдер бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады, араларына үтір қойылады.



Не әкемді босатыңыз,не мені дарға асыңыз. Қазан тұрып біресе атын мақтады, бірақ айналып келгенде, бәрі де Бегілдің өнерін сөз етісті. Қазан аспаның аузында от кейде жылтылдайды, кейде қызып жанып лапылдайды.

ІІІ Қолдану.

Жаттығумен жұмыс:

116- жаттығу.

117-жаттығу. Баяндауыштарды тиянақты етіп,сөйлемдерді салаластыра байланыстырыңдар.

ІV Талдау.

Мен біресе сағатқа қараймын, біресе сыртқа шығып жол қараймын. Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады. Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады.

Сөйлемдерге синтаксистік, морфологиялық талдау жасау.

V Жинақтау.
Топтастыру стратегиясы:

Ыңғайлас себеп-салдар


қарсылықты талғаулы


түсіндірмелі кезектес


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:

119-жаттығу. Ереже жаттау. 5 сөйлемге синтаксистік талдау. М. Әуезовтың «Көксерек» шығармасы бойынша.



Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Келер шақ.

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру, оның ішінде келер шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру,

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау, Блум таксономиясы

Сабақтың көрнекілігі : плакат

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



І Білу.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?


  1. Осы шақ нешеге бөлінеді?

  2. Ауыспалы осы шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

ІІ Түсіну.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіреді. Келер шақ мағынасы мен жасалуына қарай үшке бөлінеді.



Келер шақ

Мақсатты келер шақ



Ауыспалы келер шақ

Болжалды келер шақ

Болжалды келер шақ есімшенің –ар,-ер,-р болымсыз етістіктен кейін –с жұрнағы қосылу арқылы жасалады.



ІІІ Қолдану.

Жаттығумен жұмыс: 136-жаттығу. Көшіріп жазып ,болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктердің астын сызыңдар.

Тақтамен жұмыс: келер, жазар көрінбес, оқыр деген келер шақ етістіктерін жекеше, көпше түрде жіктеп жазыңдар.

ІV Талдау.

Осы кеште Ербол Бөкенші жаққа қайтпақ еді. Ұлжан ас ошағының басында үлкен қиындық барын, ақыл керек екенін айтып келіп, ертең өзі бармақ болды. Әзімбайдың орақшылары шұбыра басып, түстікке қайтып барады екен.



Сөйлемдерге синтаксистік, морфологиялық талдау жасау.

V Жинақтау.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

  2. Келер шақ нешеге бөлінеді?

  3. Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Ойнамас, күлер, жазар етістіктерін жекеше, көпше түрде жіктеп жазады.

Сабақтың тақырыбы: Көсемше
1. Оқушылардың көсемше туралы теориялық және тәжірибелік білім деңгейін, ой - өрісін, білім - біліктілік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін байқау, бағалау.
2. Тапқырлыққа, өз көзқарасын жүйелі де тиянақты баяндауға, мәлімдеуге баулу. Өнер - білімге құштарлығы мен дүниетанымын кеңейтуге баулу.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу, туған жерге деген сүйіспеншілік, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі жаңа сабақ
Әдісі: хабарлау, баяндау, сұрақ - жауап, қызығушылықты ояту, мағынаны тану, Блум таксономиясы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Көрнекілік: оқулық, топтастыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен амандасу;
- Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
- Оқу құралдарын тексеру;

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарлау.
І Білу.
ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау:
Ауызша:
• Есімше дегеніміз не? Мысал келтір.
• Есімшенің жасалу жолдары туралы?
• Есімше сөйлемде қандай қызмет атқарады? /Сызба бойынша айтуға болады/
• Есімше, етістік, етістерді пысықтауға арналған тапсырмалар бойынша жұмыс.
ІІ Түсіну.

ІІІ. Жаңа сабақ: Көсемше

Бірде үстеудің, бірде етістіктің қызметін атқарады.

Жасалу жолдары:

-а, -е, -й;

-п, -ып, -іп;

-ғалы, -гелі, -қалы, -келі;
1. Қызығушылықты ояту: /3 минут ішінде оқушыларға тіл туралы өлең жолдарын айтқызуға болады/
Менің тілім - Өзгелерден ерек тым
Тілім барда қысылмаймын, өжетпін!
Орыстардың шолақ келер сөздерін,
Қазақ тілмен кестеледім, көп еттім!
Өзге тілдің ұзақ сонар сөйлемін
Мақалменен нұсқа айтып дөп еттім!
ІІІ Қолдану.

Топтастыр:
1. Тапсырма (Сөйлемдерді толықтыру арқылы жұмыстар жүргізу)
Көп нүктенің орнына көсемшенің, есімшенің тиісті жұрнақтарын қой.
- Қайда бар... отырсың?
- Сабаққа бір... отырмын.
- Маған неге келдің?
- Қазақ тілі оқулығын сұра... келдім.
- Мен ағылшынша үйрен... біраз болды.
- Ал мен 1 - сыныптан бастап оқы... келемін.
- Жақында қандай мәтін оқыдың?
- Ана туралы оқы... быз
- Өлеңді жаттадың ба?
- Жоқ енді жатта... отырмын.
(Оқушылар тақтадағы кестеге жұрнақтарды (- ғалы,- гелі,- п,- гелі,- п,- ған,- п) кезектесіп жалғайды.)
ІV Талдау.

Мұп-мұздай тамшыларды мүлде сезбейді. Өз ойын айтуға атасы асықпады. Ағаштың бастары шуылдамайды. Манағыдай тырс-тырс тамшы үндері естілмейді.



Сөйлемге синтаксистік, морфологиялық талдаулар жасау.

V Жинақтау.
6. Сабақты шағын ауызша тестілеу жұмысы арқылы бекіту:
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
А) 9
В) 8
С) 7
Д) 6
2. Көсемше қай сөз табынан жасалады?
А) есімдік
В) етістік, 
С) зат есім,
Д) үстеу
3. Көсемшенің жұрнақтары:
А) қан,- кен, ған,- ген
В) - ып,- іп,- п.
4. Көсемше тұлғасындағы сөз тіркесін тап:
А) барған жоқ
В) айтып кел
С) ауылға кел
Д) сабақты оқы
5. Көсемшенің жұрнақтары нешеу?
А) 5
В) 8
С) 9
Д) 10
6. Көсемше тұлғасындағы сөйлемді тап.
А) Жауға аттануға рұқсат сұрады.
В) Ақботаны да көргім келеді.
С) Абай мұны біліп жүр еді.

Үйге: Ережені жаттау. 3 сөйлемге синтаксистік, морфологиялық талдау жасау.
Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет