Түсіну: Мұғалім: Мына суретте кімді көріп отырсыздар?
Олай болса, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында өмір сүрген, Абайдан кейінгі жазба әдебиетінде өзіндік орны бар, адам сезімін шеберлеудің қас шебері, өзіндік болмысы мен үнін, азаматтық шеберлігін қалдыра білген С.Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы және «Таныстыру» өлеңі жайлы болмақ. Алаштың ардақты ақынының өмірі қиындыққа толы болды. Ақын 1983 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. Шешесінен ерте айырылады. Мұқан, Тортай, Әбдірахман деген молдалардан тәлім алады. Ақын 27 жыл ғұмырында артына көптеген шығармаларын қалдырды. «Алаш ұраны» өлеңі Алаш Орда үкіметінің құрылуын қолдап жазған өлеңі. Өлең 1917 жылы жазылған.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Айтылым. 1. Адам болу деген не?
2. Адам өмірге не үшін келеді?
3. Біздің өмірдегі мақсатымыз не?
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.