Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ.Алғашқы жұқа топырақ қабаты осыдан 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болған
Топырақтану - топырақ жамылғысын зерттейтін ғылым - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.
Топырақ та қатты, сұйық, газ тәріздес және тірі ағзалардан тұрады.
Қатты бөлігі – минералды және органикалық заттар.
Сұйық бөлігі – минералды және органикалық ерітінділерден тұратын су. Газ тәріздес бөлігі – ауа. Тірі бөлігі – бактериялар, саңырауқұлақтар және т.б.
О- Органикалық қабат (өсімдіктердің қураған қалдықтарынан қалдықтарынан түзілген
төсеніш қабат)
А- Органикалық заттардың ыдырауынан түзілген қарашірік (гумус) қабаты
В- Шайылу қабаты.Бұл қабат құрамында органикалық заттары бар майда түйіршікті
минералды бөлшектерден құралған.
С- Үгілген тау жыныстарынан түзілген Аналық жыныстар қабаты
R- Жер қырытысын құрайтын үгілмеген негізгі жыныстар
Қазақстан территориясы үлкен болғандықтан, оның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады.
Қара-қоңыр топырақты зона (52°-48° с.е. аралығында)
қоңыр, сұр-қоңыр топырақты зона (48°с.е. оңтүстігінде)
Қара қоңыр топырақ
Қара қоңыр топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Бұл Орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр.
Бұл – республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын алып жатқан зона. Оның жусаны мол, жайылымы жұтаң жерлер.