Сабақтың тақырыбы: "Сабақтың түрөзгерістері" Биология пәнінің мұғалімі: Арықбаев Ғ 6 "
Дата 19.02.2017 өлшемі 11,66 Kb. #11022 түрі Сабақ
Сабақтың тақырыбы: “Сабақтың түрөзгерістері” Биология пәнінің мұғалімі: Арықбаев Ғ 6 “б” Сабақтың мақсаты: Түріөзгерген жер үсті сабақтар және түріөзгерген жер асты өркендер туралы түсіндіру Сабақтың дамытушылығы: Жер түсті сабақтар мен жер асты өркендерді салыстыра отырып анықтау. Сабақтың көрнекілігі: Сабақ түрлері, Энциклопедия ,Интерактивті тақта, кесте толтыру, Пияз, картоп. Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру 2. Үй тапсырмасын сұрау. 3.Жаңа сабақты түсіндіру. Жоспар: 1.Түрі өзгерген жер үсті сабақтар 2.Түрі өзгерген жер асты өркен 1.Түрі өзгерген жер үсті сабақтар Сояу Долана, Жабайы алмұрт, жабайы алма ағаштарындағы тікенекті сояулары түрін өзгерткен сабақ Шырынды сабақтар Кактус, сүттіген өсімдігінде болады. Ылғал жетіспегендіктен бұл өсімдіктерде сабақтарына су және онда еріген заттарды жинайды. Жасыл түсті болғандықтан органикалық заттар сабақтарында болады. Сабақтың сояуға айналып түрін өзгертудің екі себебі бар: Кауданды (качан) орамжапырақ-түрі өзгерген. Үлкен алып бүршікке жатады.Кауданын дәл жарып қарасақ, алып бүршік екенін ажырату қиын емес. Орамжапырақ-2 жылдық өсімдік Бірінші жылы-каудан түссе Екінші жылы-ұзын сабақ, гүл шығарып, жеміс береді. Жеміс құрғақ, бұршақын деп аталады, сондықтан орамжапырақтың кауданы жеміс емес. Тамырсабақ түйнек пиязшық 1.Тамырсабақтың ұшында бүршік Ал тамыр ұшында оймақша болады 2.Тамырсабақ буын және буын аралығынан тұрады. 3.Қабыршақ қолтығындағы бүршіктерден келешек Жер асты жер үсті өркендер дамиды. 4.Буыннан қосалқы тамырлар шығады. 1.Тамырсабақтың ұшында бүршік болады 2.Буын және буын аралығынан тұрады 3.Жапырақтары қабыршақты,қоңыр түсті 4.Қабыршақ қолтығында бүршіктер орналасады 5.Бүршіктен дамиды 6.Тек көп жылдық өсімдіктерде болады. 1.Тамыр ұшында...... 2. Буын және буын аралығы...... 3.............Болмайды 4.............жоқ. 5...................дамиды. 6.............өсімдіктердің барлығында болады.
Тамырсабақ Жатаған қысқарған шырынды түйнек Бидайық Бүлдірген қырлышөп Канна Қоңырбас шыршай құртқашаш бетеге Бояғыш заттар (риян), эфир майы, ұшқыш қышқылдары бар шүйіншөп (валерьяна) Түйнек Сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп түйнекке айналады. Жетілмеген жапырағының қурап түсіп қалған ізін -көзше дейді. Түйнектің жер асты өркенге жалғасқан жерін-негізі , оған қарама-қарсы жағын төбесі дейді. Түйнектің сыртын тоз қабық қаптайды. Пиязшық Түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені Жер асты өсімдігіне- пияз, сарымсақ, сүмбілшаш,лалагүл, жабайы жуа қызғалдақ бәйшешек, қазжуа жатады. Түйнек пен тамырдың айырмашылығы 1.Түйнек сыртында жапырақ іздері бар 2.Бүршіктері кезектесіп орналасады,одан өркен дамиды 3.Жарық түссе,түйнек дереу......түске боялады. 1.Тамыр ............шығармайды. 2..........болмайды. 3..........................өзгермейді
Біліміңді тексер. Тамырсабақты-”ТС”. Түйнекті-”Т”. Пиязшықты-”П”. 1.Картоп - 6.Құртқашаш- 2.Қызғалдақ- 7.Қазжуа- 3.Бетеге - 8.Лалагүл- 4.Сарымсақ - 9.Бидайық- 5.Жералмұрты - 10.Қамыс- Биологиялық диктант 1- түрі өзгерген жер үсті сабаққа арналған. Оқушыларға жеке-жеке сөздер таратып беру. ( бұтақтарына, сүрегі; кактус, сүттіген; фотосинтез ; алып бүшікке; хлорофилл; долана , жабайы алмұрт, жабайы алма, өрік ағаштарында; бұршаққын) 1. Сояу .................болатын түрін өзгерткен жер үсті сабақ. 2. Тамаққа пайдаланып жүрген қауданды орамжапырақ түрі өзгерген ....... жатады. 3. Сояу – сабақтың ......... жатады, оны итмұрынның тікенектерімен шатастыруға болмайды. 4. Орамжапырақ қауданы тамаққа пайдаланғанымен жеміске жатпайды, себебі орамжапырақтың жемісі........... 5. Сабақтарына су және онда еріген заттарды жинайды , жасыл түсті болғандықтан......... сабақтарында жүреді. 6. Жан- жағындағы қоршап жатқан шырынды жапырақтарының ішкі жағында ............... болмайтындықтан ақшыл түсті. 7. Долана ағашының сояуын бөліп алу қиын, себебі...... ілесе жұлынады. 8. Шырынды сабақтар.......... өсімдіктерінде болады. Үйге тапсырма: Сабақтың түрөзгерістерін оқу, №21-22 суреттерді салып келесіңдер. Қосымша тапсырма: №9 зертханалық жұмыс. “Пиязшық пен түйнекті салыстырып қарау”. Достарыңызбен бөлісу: