Үйге тапсырма: № 83 есеп, қосымша есеп № 3
Сабақты қорытындылау.
14-15 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Трапеция
Сабақтың мақсаты: Трапецияның анықтамасын айту, оның түрлерін қарастыру, элементтеріне білу. Трапеция элементтерін табуға есептер шығара білу.
Сабақтың көрнекілігі: Трапеция сызбасы, плакат, т.б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту сабағы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру жұмысы.
Өтілген тақырыптар бойынша жалпылау сабағы
Сұрақтар: а) Төртбұрыш анықтамасы
б) Төртбұрыш түрлері
в) Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, квадрат
анықтамаларын, қасиеттерін еске түсіру
г) Сызбаларын тақтаға салу
3. Жаңа сабақ.
Бүгін төртбұрыштың тағы бір түрі трапециямен танысамыз.
Анықтама. Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады.
ABCD трапеция,
1 – сурет
AD мен ВС трапеция табандары деп, ал параллель емес қабырғалары бүйір қабырғалары деп аталады, АВ мен CD бүйір қабырғалары болып табылады.
Трапецияның бүйір қабырғалары тең болса, ол теңбүйірлі трапеция деп аталады.
2 - сурет
Достарыңызбен бөлісу: |