КММ «Б.Момышұлы атындағы негізгі орта мектебі» оқу ісі меңгерушісі Н.Мухаметжанова
« » ___________________2016ж
Бекітемін :
КММ «Б.Момышұлы атындағы негізгі орта мектебі» директоры Е.А.Искаков
« » ___________________2016ж
КММ «Б.Момышұлы атындағы негізгі орта мектебі»
«Бабалар аманаты»
үйірмесінің жұмыс жоспары Үйірме жетекшісі:
Б.Момышұлы атындағы негізгі
орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі Л.Е. Уатаева
2016-2017 оқу жылы
Түсінік хат. Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқыту ерекше маңызды. Өйткені кез-келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекеттің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың тарихын білуге құштар. Тоталитарлық тәртіп кезіндегі моноидеологияның күйреуі және дүниетанымдық көзқарастағы өзгерістер тарихи түсініктерге жаңа бағыттар алып келуде. Төл тарихымыз қайта жазылып, қасиетті Қазақ елінің тарихы өз халқының талабына сай қызмет ете бастады. Елімідің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірінде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар, жаңа үрдістер адамзат баласы ғасырлар бойы жинақтаған құндыылықтары мен игіліктерін қайта зерделеп, жаңаша көзқарастар мен тұжырымдарды қалыптастыруда.
«Бабалар аманаты» үйірмесі оқушыларының қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін толық ескеруді көздейді.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша тарихи-қоғамдық бағдарының «Бабалар аманаты»үйірме атты үйірме оқушылардың Отан тарихының негізгі оқиғаларына байланысты білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.
Мақсаты: Жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, адамзат басынан кешірген аса елеулі тарихи оқиғалармен, ол жинақтаған бағалы құндылықтармен таныстыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Міндеттері: 1.Оқушылар бойына патриоттық-азаматтық құндылықтарды дарыту.
2. Туған халқына деген құрмет, мақтаныш сезімін ұялату.
3. Ұлттық рухты дамыту.
4. Маңызды істерді шешуге қабілетті, іскер,жауапкершілікті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Үйірме елтану, аймақтану, саясаттану, тарих сияқты мамандықты қалаған жеткіншектерге бағыт-бағдар көмек береді. Үйірме оқушылардың талап-тілектерін қанағаттандырып, мамандыққа баулумен қатар, олардың жалпы білім көлемін, мәдени деңгейін көтеріп, гуманитарлық даярлығын жақсартады.
Қазақстан тарихын басқа пәндермен, сондай-ақ әдебиет, география, құқық негіздері, философия, экономикат.б байланыстыра отырып, ғылымның сол салаларынан қажетті мәліметтер енгізілді.Үйірме бағдарламасы 34 сағатқа лайықталып жасалған. Аптасына 1 рет өткізіледі.