Сабақтың тақырыбы Сағат саны Өткізетін күні 1 Қыркүйек



бет6/6
Дата23.09.2023
өлшемі248 Kb.
#182179
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 сынып қосымша бағдарламалар күнтізбелік тақырыптық жоспар

VI. Бекіту кезеңі

Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Логика әлемі
Күні: 02.11.2015
Сыныбы: 1 «ә» сынып
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Қатесін тап
Сабақтың мақсаты: Есту арқылы жадында сақтай білуге үйрету.сайқымазақ бейнелеп тұрған сөздерді табу.ой-өрісін, есте сақтау қабілетін арттыру. Шыдамдылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: санау материалдары
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік


Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа даярлау


ІІ. Білімді жан-жақты тексеру
Есту арқылы жадында сақтай білуге үйрету.сайқымазақ бейнелеп тұрған сөздерді табу.ой-өрісін, есте сақтау қабілетін арттыру. Шыдамдылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау
Ми гимнастикасы.


Ширату

  1. Үстел үстіндегі балықтардың үйі. (Аквариум)

  2. Онсыз тамақтың дәмі жоқ. (Тұз)

  3. Аяқ киімнен жолда қалған таңба.(Із)

  4. Қыс мезгілінің үшінші айы. (Ақпан)

  5. Пияз аршысың көзіңнен не ағады? (Жас ағады)

  6. Құстың үйі. (Ұя)



Ү. Жаңа білімді меңгерту

№ 1 тапсырма арқылы түсіндірме жүргізу.


Сөздерді мұқият оқыңдар. Олардың заңдылығын анықтап, сәйкес сөздерді жазыңдар.

Үлгі: көпір-өзен уақыт-(сағат)


Аю- (апан) теңіз-(кеме)
Тақтай-(орындық) терезе-(әйнек)
Дәптер-(қалам) қар-(қыс)

№2 Сөздерді оқыңдар. Осы сөздерді оңнан солға қарай (кері) оқы. Қандай сөз пайда болды? Жаз


Қал-лақ қос-соқ
Қас-сақ қабақ-қабақ
Рат-тер салат-талас

№3 Сайқымазақ бейнелеп тұрған әріптерді айт. Әр әріпке екі сөзден мысал келтіріп жаз.


Жауабы: Г-гүл,ертегі. Ф-фабрика,телефон. К-көрші,мемлекет.Х-хан, емхана. Я-қоян, ұялшақ. Р-рақымды,мейірімді. А- арғымақ,малақай. Т-тұлпар, шегіртке.

№4 Мұғалімді мұқият тыңдай отырып, тапсырманы орындаңдар.


Мұғалім әр тапсырманы бір рет оқиды. Оқушылар мұғалімнің айтқаны бойынша тапсырманы орындау тиіс. Балалар тарсырманы орындаған кезде көк, қызыл, сары, жасыл қарындаштар пайдаланады.
1. Шаршы мен үшбұрыштың ішіне көк қарындашпен нүкте қойыңдар.
2. Шаршының ішіне және үшбұрыштың сыртына жасыл қарындашпен нүкте қойыңдар.
3. Шаршының сыртына және үшбұрыштың ішіне сары қарындашпен нүкте қойыңдар.
4. Шаршы мен үшбұрыштың сыртына қызыл қарындашпен нүкте қойыңдар.
Көзге арналған жаттығулар.


ҮІ. Білімді меңгергендерін тексеру
Графикалық диктант


ҮІІ. Білімді бекіту
Логикалық тапсырмаларды орындату Оқушыларды мадақтау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет