Амалдарды орында:
3 ∙ 1 1 ∙ 4 99 ∙ 1
10 ∙ 1 100 ∙ 1 1 ∙ 999
Қандай қорытынды жасауға болады?
3 : 3 100 : 100
5 : 5 10 : 10
Қандай қорытынды жасауға болады?
3. 0 ∙ 5 100 ∙ 0
10 ∙ 0 0 ∙ 99
0 : 10 0 : 999
Қандай қорытынды жасауға болады?
2 – жаттығу.
∙ 1
- бір таңбалы сан
3-жаттығу
1∙
- бір таңбалы сан
7-жаттығу7
Мұғалім 10 дәптер әкелді де, оны екі-екіден балаларға бөліп берді. Әр бала неше қалам алды?
Бұл есеп пе?
Есепке айналдыруға бола ма?
«Компьютер ойнайық» айдарымен көбейтудің «ерекше» жағдайлары жөніндегі білімді тиянақтау жұмысы жүргізіледі.
Студенттердің көрнекі құралдарды дайындау және оларды математика сабақтарында шығармашылықпен қолдана алуларын үйрету де көзделген. Сондықтан олар компьютердің көмегімен суреттер салу, сәйкес түсті таңдап алу, бояу, заттың контурын түспен бөліп көрсету, қоршау, оларды өшіру және сақтау жұмыстарын орындай алулары тиіс. Аталмыш жұмыстар компьютердің Paint бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатыны белгілі, сондықтан студенттер суреттердің өздері салулары, оларды бояулары мүмкін, сондай-ақ, суреттегі заттардың сызықтарының қалыңдығын және түсін анықтау, суреттерді толығымен бояу (толтыра бояу), қажет емес нәрселерді өшіруі, салнған объектілерді өзге бір бағдарламаға көшіру және сақтау операцияларын орындап, оны ШЖБМ жағдайында қолдана алулары тиіс. Сонымен бірге, компьютерде сақталған суреттерді тауып, оларды көшіру, мөлшерлерін өзгерту (кішірейту не үлкейту), қажетті суреттерді іздестіріп, оларды белгілі бір бағдарламаға көшіре алу, оларды орналастыра алу да жүзеге асырылады.
6 бөлім. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ЕҢБЕК САБАҒЫ
№17-сабақ тақырыбы: 6.1. ҚР Бастауыш білімнің Мемлекеттік стандарты бойынша 1-4 сыныптардағы еңбек түрлеріне шолу
Шағын жинақты мектептер үшін бастауыш сыныпта "Еңбекке баулу", ал жоғарғы сыныпта "Технология" пәнінен әрбір мұғалім сабақ бере алады, себебі бұл пән мұғалімдер, оқушылар және жалпы мектеп үшін өте тиімді, бұл сабақта адам өміріне, қоғамға қажетті жұмыстар орындалады.
Ауылды жерлерде "Еңбекке баулу" сабағының өткізу қиындық туғызбайды, осы сабақтың барлық тақырыбына қажетті материалды әрбір жанұядан табуға болады. Жалпы бұл сабақтың тәрбиелік мәні өте зор, оқушыларды тек қана қолөнерге ғана үйретіп қоймай, жанұядағы экономиканы үнемдеуге, тазалықты сақтауға септігін тигізеді.
«Еңбекке баулу» пәнінің бағдарламасында бірнеше бөлімдер берілген, атап айтатын болсақ: қағаз және қатырма қағаз, ермексаз және сазбалшықпен жұмыс, табиғи материалдармен жұмыс, ағаш және сымтемірмен жұмыс, дизайн сияқты бөлімдер қарастырылған. Осы бөлімдерде берілген тақырыптардың барлығын оқушылар қызығушылықпен орындайды, себебі мұнда олар берілген жұмысты орындау барысында ойлау қабілеттерімен қатар түрлі қиялдар пайда болады. Жалпы оқушылардың басқа гуманитарлық пәндерге қарағанда «Еңбекке баулу» пәніне қызығушылығы мол, олай дейтініміз олар гуманитарлық пәндерден шаршап келіп, осы сабақта қимыл-қозғалыста, өздерінің қиялдары бойынша жұмыстар орындау кезінде қысылмай өздерін еркіндікте сезінеді, міне бұл баланың психологиялық әрекетінің артуына да көптеген әсерін тигізеді.
Мұғалім тақырыпқа байланысты әрбі оқушының орындалған жұмыстарынан шығармашылық көрмелер ұйымдастырып, ондағы жақсы орындалған жұмыстарды іріктеп алып, оларды мектеп қорына сақтайды.
Себебі осы оқушылардың өз қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарынан ұйымдастырылған шығармашылық көрмелер біздің еліміздың этномәдениетін паш ететіні белгілі. Сонымен қатар ол жұмысы несімен қызықты, неге ол, бұл тақырыпты алды, кім оған көмектескенін анықтай алады.
Егер де оқушы оқу жылы бой жасаған жұмыстарын жинақтап, өзінің шығармашылық қабілетінің қаншалықты өскендігін және де жұмыстың нәтиженін байқай алады. «Еңбекке баулу» сабағында қойылатын талап - балаларға түрлі материалдардың ерекшеліктерін, құрылымын түсіндіру. Оларды қарапайым құралдармен, тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуге үйрету.
Оқушылар сабақта қолданылатын түрлі материалдардың өзіндік қасиеттерін білмесе, өздеріне тән ерекшеліктерінен хабарсыз болса, онда сапалы бұйымдар жасай алмауы мүмкін. Сондықтан, жасалатын бұйымның материалы туралы нақтылы мәліметтерді білулері қажет.
“Әрбір оқушы – жасап шығарушы”. Бұл оқушылар үшін маңызды. Сондықтан да мұғалім қандай педагогикалық технологияны алмасын, ол баланы жан-жақты дамуына көмектесетін, түрлі техникада жасалатын заттарды орындауға көмегін тигізетін тапсырмалар беруі қажет. Еліміздің дәстүрлі және көңілді кештерін мерекелерде қолөнер бұйымдарының қолданылу жылдан-жылға үлкен сұранысқа ие болып отыр. Міне осындай қолөнерді мектеп қабырғасынан бастап, яғни "Еңбекке баулу", "Технология" пәнінен білім беруде ұлтымыздың қолөнерін жаңғыртып, дәстүрлі және қазіргі заманғы бұйымдарды жасап шығаруларында.
Шағын жинақталған мектептерде мектептерде бастауыш сыныпта "Еңбекке баулу", ал жоғарғы сыныпта "Технология" пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулуға даярлау теориясы мен практикасына жасалған талдау мектепте білім беру үдерісін технологиялық қамтамасыз ету мүмкіндігін берді.
Шағын жинақталған мектептерде Технология сабағын жүргізу барысында жеке, жеке-топтық, топтық, ұжымдық жұмыс формалары қолданылды. Соның бірі топтық жұмыс мұнда екі сыныптың оқушыларына бағдарламада берілген бірдей тақырып беріледі. Мұндағы айырмашылық жұмыс оқушыларның жас ерекшелігіне байланысты таңдалады. Атап айтатын болсақ, орындалатын қолөнер жұмысының көлемі мен оның күрделігіне көңіл бөлінеді, бірақ екі сынып та бірдей тәсілді, техниканы қолданады. Мысалы, 3-4 сыныпты алып, оларға "Ою-өрнекті кестелеу" – тақырыбы болса, мұнда 3-сынып қол орамалды кестелесе, 4- сынып киімге немесе қандай да бір кәде сыйлықты кестелейді. Бұдан біз оқушының таңдаған жұмысының және оған түсетін кестенің көлемін байқаймыз. Демек ою-өрнектердің төмендегі берілген топтарын қарастырамыз:
Ай, күн, жұлдыздарға, көк әлеміне байланысты.
Малға, малдың дене мүшесіне байланысты ою-өнектер атауы.
Аңға байланысты ою-өрнек атауы.
Құрт-құмырсқаға байланысты ою-өрнектер атауы.
Құстарға ою-өрнектер атауы.
Жер, су, өсімдікке ою-өрнектер атауы.
Қару құралдарға ою-өрнектер атауы.
Геометриялық фигура тектес.
Жалпы қолөнердің ішінде сәндік бұйымдарға өсімдік тектес ою-өрнектерді қолданғанды жөн көрдік, себебі ол оқушылардың көңіл-күйін көтеретін, эстетикалық жағынан да тартымды, қазіргі заманда интерерге қолдануға да қолайлы өрнектердің бірі блып келеді.
Қорыта келе, шағын жинақталған мектептердің проблемасын шешу үшін мұғалімдерге қажетті әдістемелік тұрғыдан көмек беру қажет. Сонымен қатар, шағын жинақталған мектеп мұғалімдерін ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға тарту, жаңа инновациялық технологияларын мектептің оқу-тәрбие үдерісіне енгізе отырып, жекелеген пәндерден бағдарламалар дайындау, оқу-әдістемелік кешен әзірлеу және олардың электрондық, мультимедиялық нұсқасы дайындап, шығарылса және қашықтан оқытудыға мүмкіндіктер ұйымдастырылса шағын жинақталған мектеп мұғалімдері және келешек мамандарға білім беруге үлкен септігін тигізер еді.
«Еңбекке баулу» оқу пәні бастауыш білім беру деңгейінде оқытылады және «Технология» білім беру саласына енеді. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің нысаны оқушының көркем безендіру, бейнелеу, құрастыру сияқты негізгі көркемдік әрекеттері арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Еңбекке баулу тұлғаның эмоционалды-құндылық және сенсорлық мәдениетін дамытып, қоршаған орта мен өнердегі әсемдікті көру, бағалау және оларды өз қолымен жасау қабілеттіліктерін арттырады.
«Еңбекке баулу» оқу пәні әртүрлі өнер түрлері мен көркемдік әрекеттер мазмұнының кешені. Оқушылар «Еңбекке баулу» сабағында әртүрлі өнер шығармаларын көріп, қабылдау, зерделеумен қатар, дербес көркемдік шығармашылық әрекеттермен айналысады. Оқу материалына халықтық дәстүрлі және заманауи сәндік қолданбалы өнердегі ұлттық мәдени мұралар тәжірибесі негіз болып табылады. Мектептің бастауыш деңгейінде еңбекке баулу пәнінің басты мақсаты - оқушылардың еңбекке деген оң көзқарастарын қалыптастыру.
Бұл мақсат мынадай міндеттерді анықтайды:
- еңбекке баулу сабағында оқушылар жұмыс орнында материалдар мен құралдарды дүрыс орналастырып қоя білуге үйрету;
- жұмыста қолданылатьш материалдарды үнемді жұсауға үйрету;
- әртүрлі бүйымдарды дайындау барысында эстетикалық талғамын қалыптастыру, оларды құастыруға жөне безендіруге үйрету;
- сәнді-қолданбалы қолөнер туралы түсінік қалыптастыру.
Бастауыш білім беру деңгейінде оқытылатын «Еңбекке баулу» оқу пәнінің мақсаты – оқушының көркемдік шығармашылық әрекеттерін әсемдікті көру, қабылдау арқылы қалыптастыру, бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік іс-әрекеттеріне қажетті дағдылары мен шеберліктерін шыңдау болып табылады. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің міндеттері:
- бейнелеу өнерінің түрлерімен (сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме, сурет (графика), мүсіндеу және сәулет өнері) таныстыру;
- оқушыларды әсемдікті бақылау, көру, зерделеу, эстетикалық сезімде әсерлену арқылы сурет салу, мүсін жасау, жапсырмалау және құрастыру сияқты көркемдік әрекеттеріне баулып, үйрету;
- оқушыларға әртүрлі материалдармен (қағаз, бояу, мата, ермек саз, табиғи материалдар және заманауи технологиялық материалдармен және т.б.) жұмыс жасаудың техникалық тәсілдерін меңгерту;
- көркем еңбек сабағында қолданатын арнайы терминдермен және ұғымдармен таныстыру.
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізгі ережелерінің Типтік оқу жоспарында «Еңбекке баулу» оқу пәніне 1-4 сыныптарда оқу жылында 68 сағат, аптасына 2 сағат көлемінде уақыт бөлінген.
2010-2011 оқу жылында «Еңбекке баулу» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010 ) сәйкес дайындалған бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.
Қараңыз: Байтанаева, М. А.
Шағын жинақталған мектептегі бастауыш сыныптарда еңбекке баулу сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері / М. А. Байтанаева, А.Қ. Манаспаева // "Үздіксіз білім берудің өзекті мәселелері" халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Павлодар: ПМПИ, 2012. - Т. 1 . - С. 315-319.
№18 -Сабақ тақырыбы: 7.1. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫ
«Дене шынықтыру» оқу пәні ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының маңызды компоненті есебінде «Дене шынықтыру» білім беру саласына кіреді. Оқу пәнінің нысаны – пән арқылы дамитын және әлеуметтік ортамен өзара әрекет ететін баланың дамып келе жатқан организмі.
«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.
Осы пәннің іс жүзіндегі мақсаты – қозғалыс белсенділігінің заңдылықтары, дене дамуының, жеке гигиенаның ережелері, дене және психикалық саулықты нығайту мен салауатты өмір салты қағидаларына үйрету жөніндегі білімге ие болу.
Пәннің мақсаты оқушылардың физикалық, психикалық және моральдық саулығын нығайту, ақыл-ой және физикалық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамытуда кешенді тұрғы негізінде жеке тұлға қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мен оның тарихы туралы және олардың денсаулығын нығайту, күн тәртібін ұйымдастыру, организмді шынықтыру, жеке гигиенаны сақтаумен байланысты қарапайым білімдерді қалыптастыру;
- оқушы ағзасының функционалдық жай-күйінің деңгейін көтеру;
- қозғалыс қасиеттерін дамыту;
- қозғалыс дағдыларын меңгеру, жүйке жүйесі мен тұтас организмді дамытуға көмектесу;
- сенсомоторлық дамуды жандандыру, оңтайлы тұлға мен негізгі қозғалыстарға ұқсас қимылдарды қалыптастыру.
Табиғи көркемдік қағидасы өсіп келе жатқан организм үшін дамытатын оңтайлы қозғалыс ортасын қалыптастыруды және балалардың қозғалыс белсенділігіне сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етуді қарастырады
Практикаға бағыт ұстану қағидасы қимыл-қозғалыс дамуының кезеңдік және соңғы мақсатын сипаттайтын оңтайлы ұқсас қимылды меңгеруді көздейді. Баланың жүйке жүйесі мен психикасын қалыптастыруға тән дамудың негізгі факторларын іске асыру қарастырылады. Бірінші кезекте ілесетін, үйлестіретін бір жағынан көздің, мойын еттерінің сенсорлық ақпараттарды қабылдаудағы құлақтың және екінші жағынан қолдардың, дене бөліктерінің, беттің, еріннің, қимылмен жауап қайтарғандағы тілдің қозғалыстарын дамыту жатады.
Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу педагогикалық тәсілдерге негізделген:
- жеке адамға бағытталған тәсіл бала организмінің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемелерін мөлшерлеуді көздейді;
- әрекет ету тәсілі бала қозғалыс арқылы дамитындығын қарастырады;
- құзыреттілік тұрғыдан келу негізгі біліктіліктерді меңгеруді көздейді;
- денсаулықты сақтау тәсілі үйрету процесінде баланың денсаулығын міндетті түрде сақтауды қарастырады.
№19-сабақ тақырыбы:ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫ
Дүние тану пәнi – оқушының қоршаған орта жөнiндегі бiлiмiн кеңейтуге, заттарды және қоршаған ортадағы өзгерiстердi бақылау дағдыларын қалыптастыруға негізделген. “Дүние тану” пәнiнiң ерекшелiгi оқу процесiнде оқушының адамды қоршаған ортамен байланыста тануында. Пәннiң мазмұнына "Табиғат", "Адам", "Қоғам" өзара байланысты бiлiм блоктары енедi. Әрбiр блоктың мазмұны бiрiншi сыныптан төртiншi сыныпқа дейiн үздiксiз оқытылады және сыныптан сыныпқа тiзбектi күрделене түседi.
«Дүние тану» пәнін оқытудың басты мақсаты – оқушыларға адам, табиғат, қоғам және олардың байланысы туралы білім беру арқылы қоршаған ортадағы өз орнын ұғынуға көмектесу, негізгі және орта мектептерде оқытылатын жаратылыстану пәндерінің негізін қалап, келешекте сол пәндерді ғылыми тұрғыдан меңгеруге дайындау, сонымен қатар оқушылардың заттар мен қоршаған ортаны бақылау дағдыларын және тәжірибе жасау дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
«Дүние тану» пәнін оқытудың басты міндеттері:
Оқушылардың дүние туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыру;
Денелер, нәрселер, құбылыстар, олардың қасиеттері мен өзара байланысы туралы ұғымдарды түсіндіру;
Оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру және дүниені танып білуге қызығушылығын дамыту;
Оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастыру;
Табиғатты қорғау, сақтау, қамқорлық жасау және үнемдеудің жолдарын үйрету;
Қоршаған орта жайлы білімді оқушылардың өздігінен меңгеруі және оны қолдана білуі
Пәннiң мазмұны оқушыларға ғылыми бiлiмнiң әртүрлi салаларынан мағлұмат бере отырып, дүниенi танудың әдiстерiмен (бақылау, тәжiрибе, эксперимент, моделдеу, сараптау, салыстыру, синтездеу және т.б.) таныстырады.
Пән мазмұнының жан-жақтылығы, толыққандылығы, оқу материалының теориялық деңгейiнiң жеткiлiктiлiгi және оның оқушылардардың психологиялық және жас ерекшелiктерiне сәйкестiгi сол пән мазмұнының мектептiң кейiнгi сатыларында география, биология, химия, физика, тарих және қоғам тану курстарын оқып үйренуге мүмкiндiк беретiн пропедевтикалық сипатын анықтайды.
Оқушыларды практикалық iс-әрекетке тарту тәсiлдерi қоршаған орта объектiлерiмен өзара әрекеттесудi, оларды түрлендiрудi және жаңғыртуды ұйымдастыруға көмектеседi. Практикалық пәндiк iс-әрекет оқушылардың дамуына мүмкiндiк беретiн практикалық қимылдарды ойлаумен өзара байланыста дамытуды көздеуi қажет. Дүниетану пәнiн оқытуға 1-4 сыныптарда аптасына 2 сағаттан уақыт бөлiнген.
Оқушылардың пән бойынша білімін тереңдету мақсатында таңдау пәндерін ұйымдастыруға болады. Мысалы: «Адам және табиғат». «Менің отбасымның тарихы». «Табиғатты қорғау». «Қоршаған ортаның экологиялық тазалығы». «Таза табиғат – халық байлығы». «Экологияның басты проблемалары және оны шешу жолдары». «Қорға, Сақта, Көбейт». «Мені қоршаған әлем».
Достарыңызбен бөлісу: |