Сабақтың тақырыбы сағаты мерзі мі Сабақ түрі



бет60/61
Дата14.10.2022
өлшемі1,71 Mb.
#152998
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
Саба ты та ырыбы са аты мерзі мі Саба т рі

Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады. Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Мектепте өзін-өзі тануды оқыту төмендегідейі міндеттерді жүзеге асырады:

  1. адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

  2. оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

  3. қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.

«Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білім беру бойынша өз алдына мынадай жалпы мақсаттар қояды:

  1. өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;

  2. түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;

  3. өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

  4. адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;

  5. өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;

  6. жасампаздықпен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;

  7. өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;

  8. қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), ҚР Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
«Өзін-өзі тану» оқу пәнін оқытуға аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат бөлiнген. «Өзін-өзі тану» пәнін бастауыш сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлық курстарынан өткен бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді.
1-4 сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту Министрліктің Адамның үйлесімді дамуы институтымен бірге (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған жалпы орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 18 ақпанындағы № 71 бұйрығы).
Орта білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынылған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығына, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтарына сәйкес бекітілген «Өзін-өзі тану» оқу пәні бойынша оқу-әдістемелік кешендер пайдаланылатын болады.
20-сабақ тақырыбы . ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ Бейнелеу өнері
Өнер атаулының табиғаты мен оның дамушы бала тұлғасына әсер ету ерекшеліктерінен шыға отырып, «Өнер» білімдік аймағына кіретін пәндерді оқытудың негізгі мақсаты мен міндеттерін төмендегідей айқындалды:
рухани бай және эстетикалық тұрғыдан дамыған, өз халқын, оның мәдениеті мен өнерін сүйетін, өзге халықтардың дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтейтін адам тәрбиелеу;
оқушылардың бойында білім мен нақты өнер түрлеріндегі қалыптастыру, әртүрлі өнер түрлерінің тілін меңгеруге көмектесу.
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерi пәнiн оқытудың негiзгi мақсаты – оқушылардың жеке шығармашылық қабiлеттерiн дамыту, қоршаған орта әсемдігін сезіну және өнер шығармаларын бейнелi қабылдау қасиетін, көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру. Бастауыш деңгейінде композициялық шешім негізінде бейнелеу, безендіру, құрастыру, живопись, графика, жапсыру және сәндік-қолданбалы өнер бойынша қарапайым бiлiктер мен дағдылардың негiзi қаланады.
Пәннiң оқу-тәрбиелiк мiндеттерi:
- оқушылардың көркем-шығармашылық қабiлеттерi мен бейiмдерiн, фантазиясын, көру-бейнелiк жадысын дамыту, шығармашылық даралығын қалыптастыру;
- композициялар, гүлтану, пропорция, көлем, перспектива, көлеңке түсiру, техникалардың әрқилылығы заңдары туралы алғашқы бiлiмнiң қажеттi көлемiн қалау;
- кеңiстiктiк түсiнiктi, болмысты көркем-бейнелi қабылдауды, түстiк байлықтардың үйлесiмдiлiгiне деген сезiмд i қалыптастыру;
- отандық және әлемдiк өнер мұраларымен таныстыру.
2010-2011 оқу жылында «Бейнелеу өнері» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010 ) сәйкес дайындалған бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет