Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»



Дата25.12.2016
өлшемі86,83 Kb.
#4347
түріСабақ
Қарағанды облысы

Шахтинск қаласы

Ә.Бөкейханов атындағы мектеп- лицей

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Каржасова Айжан Сериковна

Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

Сабақтың мақсаты: Сайын Мұратбековтің өмірбаянына, шығармашылық жолына шолу жасай келе, берілген хикаяттың мазмұнын оқушылардың өз бетімен қаншалықты меңгергендерін анықтау.

Сабақтың міндеті: - Әңгіменің мазмұны бойынша талдау жасау;

- Оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігін, өз бетінше ой қорытып, тұжырым жасай білу белсенділігін арттыру;

- Шығарманы сыни тұрғыда ойлап, талқылау үдерісіне бағыттау.

Сабақтың нәтижесі: А) С.Мұратбековтің өмір жолын және шығармаларын біледі;

Б) «Жусан иісі» хикаятының мазмұнын түсінеді, тақырыбын, идеясын ашады;

С) Әңгіме оқиғасы орын алған ауыл тіршілігін, соғыс зардаптарын, жетім бала тағдырын жете түсініп, бүгінгі өмірдің, ата- ананың қадірін сезінеді.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Көршіме айтамын», «Венн диаграммасы», «Басбармақ», «Бағдаршам», «Сәйкестендіру», «Әңгіме кестесі»,  «Сұрақтар қорапшасы», «Кері байланыс бутерброды».

Сыныбы: 7 «А»

Уа-қы-ты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Қолданы-латын ресурстар

3 мин.

Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Оқушыларды 3 түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу.

 

 



Балалар өздерінің сабаққа дайын

екендіктерін баяндайды.

Орындарынан тұрып:

«1,2,3 бойға жина

күш»,- деп шапалақтайды.

Фигураларды таңдау нәтижесінде оқушылар 3 топқа бөлінеді.





3 түрлі пішіндегі фигура-лар


5 мин.
6

мин.

9 мин.




Танысты-

рылым


Үй тапсырмасын сұрау.

1. «Көршіме айтамын» әдістемесі. Суреттерде берілген өсімдіктің атын атаңыз.Оның қандай ерекшелігін және емдік қасиетін білесіз? (жұппен, топпен жұмыс жүргізу)

2.Төмендегі суреттерге қарап, қандай ой түйдіңіз? Суретке лайықты ат қойыңыз.
3.Оқушыларға Венн диаграммасы арқылы соғыс жылдарындағы балалар мен бүгінгі күндегі бүлдіршіндердің жетім қалуларының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын қағаз бетіне түсіртіп қорғату.


1.Берілген суретпен жұпта, топта жұмыс жасайды. Шөптің атын атап, дайын топ өз ойларын ортаға салады.  

 

2.Оқушылар берілген суреттерге қарап, ойларын топта талдап, ат қояды.  



3.Оқушылар Венн диаграммасы арқылы соғыс жылдарындағы балалар мен бүгінгі күндегі бүлдіршіндердің жетім қалуларының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын қағаз бетіне түсіріп қорғайды.

Топтар бір-бірін ауызша бағалау.

Арнайы бағалау парақша-ларымен бағалау.

«Басбар-мақ» арқылы бағалау «Бағдар-шам» түстерімен бағалау




АКТ, стикерлер

 Бағалау парақша-лары

 

 



АКТ, стикерлер, плакаттар, қаламдар,

бағдар-шамдар

 

 

 


4 мин.
4 мин.

4 мин.


Негізгі бөлім

 


1.«Тестпен жұмыс»

І топқа сегіз сұрақтан тұратын тестпен жұмыс жасату;

ІІ топқа «Сәйкестендіру». Шығарма кейіпкерлерінің сөздерін тауып, сәйкестендіріңіздер.


ІІІ топқа «Әңгіме кестесі» стратегиясымен берілген тапсырманы орындатады.



І топ сегіз сұрақтан тұратын тестті орындайды.
ІІ топ  

«Сәйкестендіру» бойынша берілген шығарма кейіпкерлерінің сөздерін табады.  



ІІІ топ «Әңгіме кестесі» стратегиясымен берілген тапсырманы орындайды.

Форма-тивті бағалау . Критерий арқылы бағалау, яғни өзін-өзі бағалау


Стикерлер

смайлик-тер



6 мин.

4 мин.


Қорытын-

ды

 



«Сұрақтар қорапшасы» стратегиясы. Қорапшадағы сұрақтарды топтарға алғызып, бірден жауап қайтартқызу.
Рефлексия. «Кері байланыс бутерброды»
 

 «Сұрақтар қорапшасындағы» берілген сұрақтарға балалар жауап береді.

 «Кері байланыс бутерброды» бойынша

бірінші жағымды түсініктеме береді, кейін құрылымды сын айтады,

соңынан тағы да жағымды

пікір білдіреді.


Топтар бір-бірін ауызша бағалау.
«Кері байланыс бутербро-ды»

 

 


Стикерлер

7 «А» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен

өткен сабағыма рефлексивтік есеп

Қай кезде  де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші  ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса,  өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де  санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Lesson Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған  ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.

Lesson Study – бұл сыныптағы іс- әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study- ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді.

Осы ретте, сәуір айында 7 «А»  сыныбында білім сапасын көтеруге ықпал ету, А, В, С оқушыларын бақылау, сонымен қатар пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін, бақылау дағдыларын дамыту мақсатында сынып жетекшісімен, мектеп модераторымен бірлескен түрде Lesson Study өткізілді.

Неге осы сынып таңдалып алынды? Себебі  үш тоқсанның қорытындысы бойынша     7- сыныптар арасында ең төменгі білім сапасын көрсетіп отырған

7 «А» сыныбы болды. Зерттеу жүргізу үшін қазақ тілі, орыс тілі және география пәндері мұғалімдерінің бірлесуімен Lesson Study-ді өткізу жоспары құрылды. Жоспар бойынша өзіміз сабақ бермейтін сыныпқа кіріп, сабақ өткізе бастадық.

Қазақ әдебиетінен 7 «А» сыныбында Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасы бойынша зерттеу сабағын өткіздім.

Сабақтың мақсаты: Сайын Мұратбековтің өмірбаянына, шығармашылық жолына шолу жасай келе, берілген хикаяттың мазмұнын оқушылардың өз бетімен қаншалықты меңгергендерін анықтау.

Сабақтың міндеті: - Әңгіменің мазмұны бойынша талдау жасау;

- Оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігін, өз бетінше ой қорытып, тұжырым жасай білу белсенділігін арттыру;

- Шығарманы сыни тұрғыда ойлап, талқылау үдерісіне бағыттау.

Сабақтың нәтижесі: А) С.Мұратбековтің өмір жолын және шығармаларын біледі;

Б) «Жусан иісі» хикаятының мазмұнын түсінеді, тақырыбын, идеясын ашады;

С) Әңгіме оқиғасы орын алған ауыл тіршілігін, соғыс зардаптарын, жетім бала тағдырын жете түсініп, бүгінгі өмірдің, ата- ананың қадірін сезінеді.

Жоғарыда аталған мақсат- міндеттер мен нәтижеге қол жеткізу үшін «Көршіме айтамын», «Венн диаграммасы», «Басбармақ», «Бағдаршам», «Сәйкестендіру», «Әңгіме кестесі»,  «Сұрақтар қорапшасы», «Кері байланыс бутерброды» стратегияларын сабақ барысында қолдандым. Оқушылардың қазақ әдебиеті пәнін сүйіп оқитындықтарын сабақ басынан- ақ аңғардым. Өйткені оқушылар сабақтың алғашқы сатысынан ұсынылған тапсырмаларға ерекше қызығушылықпен назар аударып, жоспарлап келген сабағымның жеңіл әрі қызықты өтуіне көп септіктерін тигізді. Зерттеуге алынып отырған үш оқушы да белсенділік танытты. Әсіресе, А оқушы басқа балалармен салыстырғанда оқ бойы озық отырды. Көшбасшылық қызметін қатар алып жүрді. Ұйымдастырушылық қабілетін осы сабақта жан- жақты көрсете алды. В оқушы бір қарағанда тым белсенді болмаса да, топ мүшелерінен қалыс қалмауға тырысты. Жеңіл тапсырмалар кезінде өзіндік үлесін қосып отырды. С оқушы да өзін сабақта еркін ұстап, шама- шарқы жететін тапсырмаларды орындауға талпынды. Бағалау кезеңінде өзіндік ойын айта алды. Топ мүшелерімен жақсы қарым- қатынаста отырды. Сабақ бойы оның көңіл- күйі жоғары болды.



Жалпы осы сабағымнан жеті модуль идеяларын тұрақты пайдалану арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатынын түсіндім. Алдағы уақытта сабақтарымда оқушыларды бақылай білуге, бақылағанын талдауға, одан қорытынды шығара білуге баулу. Қабілеті бар оқушыларымды дарынды, талантты оқушыға айналдырсам деген ойым бар. Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған формативті немесе оқыту үшін бағалауға оқушыларымды терең үйретсем, олардың сабаққа қызығушылығы артады деген ойға келдім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет