Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Салалас сөйлем және оның түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада салалас түрлерін құрмалас сөйлемнің басқа түрлерінен ажырата білуге жаттықтыру.
Дамытушылық: Түрлі тансырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу;
Тәрбиелілік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге; адамгершілңкке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: қайталау сабағы.
Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.
Көрнекіліктер: слайд, үлестірмелі карточкалар, мәтіндер.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен материалдарға шолу жасау арқылы бүгінгі сабақты бастау;
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Адамның ойы мен пікірі сан қилы болады. Адам өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін қолданады екен.
Бүгінгі сабағымыз-құрмалас сөйлемнің түрі-салалас құрмалас сөйлемді қайталау сабағы. Оқушылар 2 топқа бөлініп, сабақ барысында түрлі тапсырмалар орындайды
І. Қызығушылықты ояту.
ҰБТ- әлемдік білім беру жүйесіне жетудің алғашқы сатысы.( ҰБТ сөзін оқушылар өз түсініктерімен шешеді. Мысалы: ҰБТ- ұмтылу, білу, талпыну. ҰБТ- ұстамдылық, білімділік, талаптылық.т.б.)
І- тапсырма.
Сызбаны сөйлет.
Сөйлем
ІІ тапсырма
І топ ІІ топ
Ыңғайлас салалас Түсіндірмелі салалас
Қарсылықты салалас Талғаулы салалас
Себеп-салдар салалас Кезектес салалас
(Анықтамалары, мағыналық түрлерін нақты мысалдармен айту.)
ІІІ тапсырма. Лекция.( Мұғалім лекцияны оқиды, оқушылар керек тұстарын жазып не есте сақтап, лекция аяқталған соң, айтып береді.)
Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін. Олардың арасындағы мағыналық қарым – қатынас бірыңғай болмай, әр алуан болып келеді. Мысалы: Жуырда білім сайысы болуға тиісті: не «білімділер» тобы женеді, не «алғырлар» тобы озады. Бұл сөйлем құрамында үш сөйлем бар: біріншісі соңғыларымен түсіндірмелі қатынаста, екінші мен үшінші сөйлемдер талғау мәнді қатынаста, екінші мен үшінші сөйлемдер талғау мәнді қатынаста.
Ыңғайлас салалас шылаулардың қатысуына қарай екіге бөлінетіні белгілі. Және жалғаулығы келгенде, әрі шылаулы қайталанбай бір-ақ рет келгенде жай сөйлемдер арасына үтір қойылмайды.
Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Жалғаулықты себеп салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғаның тыныс белгілері арқылы айырамыс. Егер себеп мәнді бұрын тұрса, үтір қойылады. Керсінше салдар мәнді сөйлем себеп мәнді ден бұрын айтылса, арасына қос нүкте қойылады.
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбінесе антоним сөздерден және болымды, болымсыз формадағы сөздерден жасалады.
Түсіндірмелі салалас жалғаулықты шылаусыз, іргелес байланысады. Бірінші жай сөйлемінің баяндауышы сонша, сондай, соншалық деген сөздер болса, олардан кейін сызықша қойылаы
.
ІҮ-тапсырма Мәтінмен жұмыс.
(Мәтінде қанша сөйлем бар, жай сөйлем қанша, оның қай түрі, құрмалас сөйлем қанша, сөйлемдер саалалас па, сабақтас па, әлде аралас па ажыратады. 1 сөйлемге синтаксистік талдау.)
І-топ
Қателіктің арты өкініш.
Ғабит ауруханадан ұзақ уақыт емделіп, бүгін шыққан болатын.
Ол айналаның осындай әсем екендігін жаңа байқағандай. Әсем табиғат, сәулетті үйлер, өз шаруасымен жан-жаққа бара жатқан адамдарды жаңа көргендей таңдана қарады. Ол есірткінің әлегінен өмірден қаншалықты оқшау қалғанын, тіпті отбасынан, достарынан тым қашықтап кеткенін жаңа ғана түсініп, енді бәрі басқаша болатынына нық сеніммен, өз-өзіне уәде берді.
Ол адамның болашағы өз қолында екенін, өмірде кездесетін қиындықты шешуге болтынын және кез келген жағдайда кінәні адам өзінен іздеу қажет екенін алғаш рет түсініп, өзінің өткен өмірін ой елегінен өткізді.
ІІ-топ
Сұлулық.
Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам жұлдызды аспанды тамашалайды, музыканың сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі, қолөнер туындыларының кереметтілігіне тамсанады. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәндейді, өзінің сырт келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылады...
Адам сұлулықты табиғат арқылы, өнер арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландыру өз қолында екендігіне шүбә келтірмейді.
Ү тапсырма.
Семантикалық карта.
І-топ
Салалас түрі
жалғаулықтар Ыңғайлас Қарсылықты Себеп- салдар Түсіндірмелі Талғаулы Кезектес
Да, де, та, те, және, әрі.
Сондықтан, себебі, өйткені.
Бірақ, дегенмен, әйтсе де.
Сонша, сол, сондай.
Болмаса, әйтпесе, не.
Біресе, бірде, кейде.
Салалас тыныс белгілері Ыңғайлас Қарсылықты Себеп-салдар Түсіндірмелі Талғаулы Кезектес
ҮІ тапсырма. Салыстыру. Венн диаграммасы.
І-топ ІІ-топ
Салалас құрмалас сөйлем-сабақтас құрмалас сөйлем Қарсылықты салалас–Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Ыңғайлас салалас –мезгіл бағыныңқылы сабақтас Себеп салдар салалас- Себеп бағыныққылы сабақтас
ҮІІ тапсырма.( Сыныпта әдебиет пәнін таңдаған оқушылар бар, сол себепті пәнмен байланыс.)
«Ойлан, тап»
Шығармадан үзінді? Қай шығармадан
алынған? Кімнің жазғаны? Салалас түрін анықта.
1) Бақтығұл інісін біресе арқасына салып арқалады, біресе қолынан жетектеп жүрді.
2) Айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы бар, оны адамдар түсіне білуі қажет (идеясы)
3) «Өз көңілімді барласам, дүниенің бәрі дос. Жарқыраған күн де дос, тұнжыраған түн де дос... Сауық құрам- ән сүйеми, саят құрам- сән сүйем, жалын ұрам- жар сүйем.»
4) «Қатонқарағайға кеткенім сол- ызаға шыдамадым, күн көру үшін кеттім. Қолымдағы қаражатым бір- ақ ай тұруға жететін еді».
ҮІІІ Тест жұмысы
1) Баламалы тест (ия-жоқ)
1. Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты бір -біріне тәуелді болмайды.
2. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін.
3. Ыңғайлас салаластың «және» жалғаулығы ешқашан қайталанбайды.
4. Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстыруға болмайды.
5. Қарсылықты салалас жалғаулықтары түсірілсе, тек үтір қойылады.
6. Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте қойылады.
7. Талғаулы салаласта екі жай сөйлем арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлем арасына үтір қойылады.
8. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады.
9. Қарсылықты салаласты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге айналдыруға болады.
10. Аралас құрмалас кейде төрт жай сөйлемнің құрмаласуы арқылы да жасалады.
Тест тапсырмалары 2010- 2011 оқу жылдарындағы бітірушілерге арналған тест жинақтарынан алынған.)
1) Ашық тест.
1.Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Бұдан әрі екеуі де үндескен жоқ.
В) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.
С) Ізденіс түбі- жеңіс.
Д) Танк өз- өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң- топырақ бұрқ ете қалды.
Е) Жақсы, үлгілі комбайншы бола алсақ, бұдан артық не абырой бар?
2. Не, немесе, я, яки жалғаулықтарымен келетін салаластың түрін табыңыз.
А) Кезектес
В) Ыңғайлас
С) Себеп-салдар
Д) Қарсылықты
Е)Талғаулы
3. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Шоқан біздің қасымызда жасы кіші болса да, үлкен кісідей болатын.
В) Ол қолынан келсе, қазақ халқына жақсылық жасауға ұмтылатын.
С) Осыған дейін ол ауыл мектебінде оқыса, қазір қалада дәріс алуда .
Д) Оның білімге деген құштарлығы арта түсті, өз білімін кеңейтудің басқа да жолдарын іздестіре бастады.
Е) Ұдайы ізденген адам өз бетімен білімін жетілдіріп, өздігінен дами алады.
4. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Бұдан әрі екеуі де үндескен жоқ.
В) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.
С) Ізденіс түбі- жеңіс.
Д) Танк өз-өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң-топырақ бұрқ ете қалды.
Е) Жақсы, үлгілі комбайншы бола алсақ, бұдан артық не абырой бар?
5.Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
А) Ол қызына 2 түрлі нәрсені үйретуге тырысты: бірі-тұрақтылық, бірі-махаббат.
В) Халықтардың жарқын өмірінің кепілі-бірлік пен береке.
С) Өтірікші өзін алдайды.
Д) Дүниеде айнымайтын қорғаушың-ақыл.
Е) Айтар ештеңесі жоқтар әрқашан нашар сөйлейді.
6. Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.
В) Амалсыз қонуға тура келді, өйткені мезгіл кешкіріп кетті.
С) Мен қорқып тұрмын, неге десеңіз қолың қатты дейді.
Д) Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, оның уылдырық оралатын не балдыр, не шөп жоқ.
Е) Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек.
7. Талғаулы салалас болатын сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ол туралы өзгелер не дейді, өзіміз қалай ойлаймыз.
В) Бірде көк ала қамысты көлдер қалып жатыр, бірде сары ала жон белестер қалып жатыр.
С) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
Д) Қазақ мақалы бар: асыл тастан , өнер жастан.
Е) Кейде қабағы түксиеді, кейде бет әлпеті күлім қағады.
8. Тек жалғаулықты болатын салаластың түрін табыңыз.
А) Ыңғайлас
В) Шартты
С) Қарсылықты
Д) Себеп-салдар
Е) Кезектес
9. . Сөйлем түрін анықтаңыз. Балалар келді.
А) Жайылма
В) Жақсыз
С) Жалаң
Д) Атаулы
Е) Құрмалас
10. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз.
А) Ол үйінде я кесте тоқиды; я кітап оқиды; немесе домбыра шертеді.
В) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды, немесе домбыра шертеді.
С) Ол үйінде я кесте тоқиды, я, кітап оқиды, немесе домбыра шертеді.
Д) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды; немесе домбыра шертеді.
Е) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды немесе домбыра шертеді.
11. Жалғаулықтар қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
А) Үлкенмен де, баламен де әзілдесетін.
В) Алғашқы көргеннен –ақ мен оның үлкен адамгершілік мейірімін сездім.
С) Осы шабысымды біз көпке дейін ұмыта алмай жүрдік.
Д) Түндегі жаңбырдан кейін ашылған күн беткейді құлпыртты.
Е) Абай туралы ұзақ сөйлеген Мұхаңның сөзі ерекше әсер етті.
12.Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
А) Мына ағайдың жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді.
В) Жолында асқар тау тұрса да, топ жарып өтетін сияқты.
С) Күн бұлттанды.
Д) Сыныпқа мұғалім, директор кірді.
Е) Құс атаулы аспанда да толып жүр: қарлығаш, ұзақ, қарға, торғай-бәрі де бар.
13. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемде алайда, бірақ деген жалғаулықтар түсіп қалса, екі сөйлем арасына не қойылатынын белгілеңіз.
А) Нүкте
В) Дефис, үтір
С) Қос нүкте
Д) Үтір
Е) Үтір, сызықша
14. Қай жердегі тыныс белгісі дұрыс қойылғанын табыңыз.
А) Есіктің киізін олай итерем; былай итерем; ашылмайды.
В) Есіктің киізін олай итерем, былай итерем, ашылмайды
С) Есіктің киізін олай итерем: былай итерем, ашылмайды
Д) Есіктің киізін олай итерем, былай итерем,- ашылмайды
Е) Есіктің киізін олай итерем - былай итерем, ашылмайды
15. Қарсылықты салаласты табыңыз.
А) Бұл шөп әдемі екен, бірақ зияны да бар.
В) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.
С) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.
Д) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.
Е) Талабы барларды жинап, курсқа жіберді.
Бекіту.
ҮІІІ Әр оқушыға сөйлем жазылған қағаз тарату.
«Сыңарыңды тап ».( Сөйлемдердің әр сыңары таратылып беріледі, бір сыңары оқылғанда, екінші сыңарын келесі оқушы тұрып оқу керек.)
1. Жақсы дәстүр ұзақ уақытта жасалады, ұзақ өмір сүреді, кейінгілерге даңғыл жол болып қалады.
2. Ұмытып қалғандарыңды еш уақытта да кітаптан іздеме, оны өзің есіңе түсіруге тырыс.
3. Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден озғанына біраз уақыт өтті. Бірақ халық өзінің ардақты басшысын ұмытпайды.
4. Бабамнан қалған асыл бар: ол- мынау жатқан кең байтақ жер.
5. Адам ымырт кезінде ұйықтамайды, себебі сол уақытта өлім мен өмір ауысады.
6. Өмірде ешбір іске ыңғайсыз, қабілетсіз адам сирек болады, асылында әркімде бір қабілет болуға тиіс.
Қорытынды. «Қазақ тілі сабағы бүгін мен үшін...» ( әр оқушы өз ойын бірер сөйлеммен қорытып айтады.)
Достарыңызбен бөлісу: |