Сабақтың тақырыбы: «Салалас құрмалас сөйлем»



Дата18.03.2017
өлшемі29,4 Kb.
#11711
түріСабақ
  • Сабақтың тақырыбы:
  • «Салалас
  • құрмалас
  • сөйлем»
  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік: Салалас сөйлем және оның түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада салалас түрлерін құрмалас сөйлемнің басқа түрлерінен ажырата білуге жаттықтыру.
  • Дамытушылық:Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу;
  • Тәрбиелілік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
  • Сабақ түрі: қайталау сабағы.
  • Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.
  • Көрнекіліктер: слайд, үлестірмелі карточкалар, мәтіндер.
  • І. Ұйымдастыру сәті.
  • ҰБТ- әлемдік білім беру жүйесіне жетудің алғашқы сатысы.
  • І- тапсырма.
  • Сызбаны сөйлет.
  • Сөйлем
  •  І топ
  • Ыңғайлас салалас Қарсылықты салалас Себеп-салдар салалас  
  •  ІІ топ
  • Түсіндірмелі салалас
  • Талғаулы салалас
  • Кезектес салалас
  •  
  • (Анықтамалары, мағыналық түрлері)
  •  
  • ІІ тапсырма
  • ІҮ-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
  • (Мәтінде қанша сөйлем бар, жай сөйлем қанша, оның қай түрі, құрмалас сөйлем қанша, сөйлемдер салалас па, сабақтас па, әлде аралас па ажыратады.
  • 1 сөйлемге синтаксистік талдау.)
  • І-топ
  • Қателіктің арты өкініш.
  •  
  • Ғабит ауруханадан ұзақ уақыт емделіп, бүгін шыққан болатын.
  • Ол айналаның осындай әсем екендігін жаңа байқағандай. Әсем табиғат, сәулетті үйлер, өз шаруасымен жан-жаққа бара жатқан адамдарды жаңа көргендей таңдана қарады. Ол есірткінің әлегінен өмірден қаншалықты оқшау қалғанын, тіпті отбасынан, достарынан тым қашықтап кеткенін жаңа ғана түсініп, енді бәрі басқаша болатынына нық сеніммен, өз-өзіне уәде берді.
  • Ол адамның болашағы өз қолында екенін, өмірде кездесетін қиындықты шешуге болтынын және кез келген жағдайда кінәні адам өзінен іздеу қажет екенін алғаш рет түсініп, өзінің өткен өмірін ой елегінен өткізді.
  • ІІ-топ
  • Сұлулық.
  • Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам жұлдызды аспанды тамашалайды, музыканың сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі, қолөнер туындыларының кереметтілігіне тамсанады. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәндейді, өзінің сырт келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылады...
  • Адам сұлулықты табиғат арқылы, өнер арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландыру өз қолында екендігіне шүбә келтірмейді.
  • Салалас түрі
  • жалғаулықтар
  • Ыңғайлас
  • Қарсылықты
  • Себеп- салдар
  • Түсіндір
  • мелі
  • Талғаулы
  • Кезектес
  • Да, де, та, те, және, әрі.
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • Сондықтан, себебі, өйткені.
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • Бірақ, дегенмен, әйтсе де.
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • Сонша, сол, сондай.
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • Болмаса, әйтпесе, не.
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • Біресе, бірде, кейде.
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • V тапсырма.
  • Семантикалық карта
  • І-топ
  • Салалас тыныс белгілері
  • Ыңғай
  • лас
  • Қарсы
  • лықты
  • Себеп-салдар
  • Түсіндірмелі
  • Талғаулы
  • Кезектес
  • ,
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • , :
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • , -
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • : -
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • ІІ-топ
  • VІ тапсырма. Салыстыру.
  • Венн диаграммасы.
  • Салалас құрмалас сөйлем
  • І-топ
  • сабақтас құрмалас
  • сөйлем
  • ІІ-топ
  • Қарсылықты салалас
  • Қарсылықты бағыныңқылы
  • сабақтас
  • Шығармадан үзінді?
  • Салалас түрін анықта.
  •  
  • Бақтығұл інісін біресе арқасына салып арқалады, біресе қолынан жетектеп жүрді.
  • Айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы бар, оны адамдар түсіне білуі қажет (идеясы)
  •  
  •  
  •  
  • «Өз көңілімді барласам, дүниенің бәрі дос. Жарқыраған күн де дос, тұнжыраған түн де дос... Сауық құрам- ән сүйеми, саят құрам- сән сүйем, жалын ұрам- жар сүйем.»
  •  
  •  
  • «Қатонқарағайға кеткенім сол- ызаға шыдамадым, күн көру үшін кеттім. Қолымдағы қаражатым бір- ақ ай тұруға жететін еді».
  •  
  •  
  • VІІ тапсырма.
  • «Ойлан, тап»
  • Сөйлем
  • Ия
  • Жоқ
  • 1
  • Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты бір -біріне тәуелді болмайды.
  • 2
  • Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін.
  • 3
  • Ыңғайлас салаластың «және» жалғаулығы ешқашан қайталанбайды.
  • 4
  • Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстыруға болмайды.
  • 5
  • Қарсылықты салалас жалғаулықтары түсірілсе, тек үтір қойылады.
  • 6
  • Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте қойылады.
  • 7
  • Талғаулы салаласта екі жай сөйлем арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлем арасына үтір қойылады.
  • 8
  • Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады.
  • 9
  • Қарсылықты салаласты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге айналдыруға болады.
  • 10
  • Аралас құрмалас кейде төрт жай сөйлемнің құрмаласуы арқылы да жасалады
  • VІІІ Тест жұмысы. Баламалы тест (ия-жоқ)
  •  Ашық тест.
  • 1.Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
  • А) Бұдан әрі екеуі де үндескен жоқ.
  • В) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.
  • С) Ізденіс түбі- жеңіс.
  • Д) Танк өз- өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң- топырақ бұрқ ете қалды.
  • Е) Жақсы, үлгілі комбайншы бола алсақ, бұдан артық не абырой бар?
  • 2. Не, немесе, я, яки жалғаулықтарымен келетін салаластың түрін табыңыз.
  • А) Кезектес
  • В) Ыңғайлас
  • С) Себеп-салдар
  • Д) Қарсылықты
  • Е)Талғаулы  
  • 3. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
  • А) Шоқан біздің қасымызда жасы кіші болса да, үлкен кісідей болатын.
  • В) Ол қолынан келсе, қазақ халқына жақсылық жасауға ұмтылатын.
  • С) Осыған дейін ол ауыл мектебінде оқыса, қазір қалада дәріс алуда .
  • Д) Оның білімге деген құштарлығы арта түсті, өз білімін кеңейтудің басқа да жолдарын іздестіре бастады.
  • Е) Ұдайы ізденген адам өз бетімен білімін жетілдіріп, өздігінен дами алады.
  • 4. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
  • А) Бұдан әрі екеуі де үндескен жоқ.
  • В) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.
  • С) Ізденіс түбі- жеңіс.
  • Д) Танк өз-өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң-топырақ бұрқ ете қалды.
  • Е) Жақсы, үлгілі комбайншы бола алсақ, бұдан артық не абырой бар?
  • 5.Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
  • А) Ол қызына 2 түрлі нәрсені үйретуге тырысты: бірі-тұрақтылық, бірі-махаббат.
  • В) Халықтардың жарқын өмірінің кепілі-бірлік пен береке.
  • С) Өтірікші өзін алдайды.
  • Д) Дүниеде айнымайтын қорғаушың-ақыл.
  • Е) Айтар ештеңесі жоқтар әрқашан нашар сөйлейді.
  • 6. Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
  • А) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.
  • В) Амалсыз қонуға тура келді, өйткені мезгіл кешкіріп кетті.
  • С) Мен қорқып тұрмын, неге десеңіз қолың қатты дейді.
  • Д) Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, оның уылдырық оралатын не балдыр, не шөп жоқ.
  • Е) Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек.
  • 7. Талғаулы салалас болатын сөйлемді көрсетіңіз.
  • А) Ол туралы өзгелер не дейді, өзіміз қалай ойлаймыз.
  • В) Бірде көк ала қамысты көлдер қалып жатыр, бірде сары ала жон белестер қалып жатыр.
  • С) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
  • Д) Қазақ мақалы бар: асыл тастан , өнер жастан.
  • Е) Кейде қабағы түксиеді, кейде бет әлпеті күлім қағады.
  • 8. Тек жалғаулықты болатын салаластың түрін табыңыз.
  • А) Ыңғайлас
  • В) Шартты
  • С) Қарсылықты
  • Д) Себеп-салдар
  • Е) Кезектес
  • 9. . Сөйлем түрін анықтаңыз. Балалар келді.
  • А) Жайылма
  • В) Жақсыз
  • С) Жалаң
  • Д) Атаулы
  • Е) Құрмалас
  • 10. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз.
  • А) Ол үйінде я кесте тоқиды; я кітап оқиды; немесе домбыра шертеді.
  • В) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды, немесе домбыра шертеді.
  • С) Ол үйінде я кесте тоқиды, я, кітап оқиды, немесе домбыра шертеді.
  • Д) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды; немесе домбыра шертеді.
  • Е) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды немесе домбыра шертеді.
  • 11. Жалғаулықтар қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
  • А) Үлкенмен де, баламен де әзілдесетін.
  • В) Алғашқы көргеннен –ақ мен оның үлкен адамгершілік мейірімін сездім.
  • С) Осы шабысымды біз көпке дейін ұмыта алмай жүрдік.
  • Д) Түндегі жаңбырдан кейін ашылған күн беткейді құлпыртты.
  • Е) Абай туралы ұзақ сөйлеген Мұхаңның сөзі ерекше әсер етті.
  • 12.Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
  • А) Мына ағайдың жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді.
  • В) Жолында асқар тау тұрса да, топ жарып өтетін сияқты.
  • С) Күн бұлттанды.
  • Д) Сыныпқа мұғалім, директор кірді.
  • Е) Құс атаулы аспанда да толып жүр: қарлығаш, ұзақ, қарға, торғай-бәрі де бар.
  • 13. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемде алайда, бірақ деген жалғаулықтар түсіп қалса, екі сөйлем арасына не қойылатынын белгілеңіз.
  • А) Нүкте
  • В) Дефис, үтір
  • С) Қос нүкте
  • Д) Үтір
  • Е) Үтір, сызықша
  • 14. Қай жердегі тыныс белгісі дұрыс қойылғанын табыңыз.
  • А) Есіктің киізін олай итерем; былай итерем; ашылмайды.
  • В) Есіктің киізін олай итерем, былай итерем, ашылмайды
  • С) Есіктің киізін олай итерем: былай итерем, ашылмайды
  • Д) Есіктің киізін олай итерем, былай итерем,- ашылмайды
  • Е) Есіктің киізін олай итерем - былай итерем, ашылмайды
  • 15. Қарсылықты салаласты табыңыз.
  • А) Бұл шөп әдемі екен, бірақ зияны да бар.
  • В) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.
  • С) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.
  • Д) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.
  • Е) Талабы барларды жинап, курсқа жіберді.
  • Бекіту.
  • ҮІІІ. «Сыңарыңды тап.».
  • 1. Жақсы дәстүр ұзақ уақытта жасалады,........................
  • 2. Ұмытып қалғандарыңды еш уақытта да кітаптан іздеме, ...............................................
  • 3. Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден озғанына біраз уақыт өтті. .........................................................
  • 4. Бабамнан қалған асыл бар: ..................................................
  • 5. Адам ымырт кезінде ұйықтамайды, ................................
  • 6. Өмірде ешбір іске ыңғайсыз, .............................................
  • Қорытынды.
  • «Қазақ тілі сабағы бүгін мен үшін...»

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет