Сабақтың тақырыбы Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі



Дата08.07.2018
өлшемі66,99 Kb.
#48545
түріСабақ

Күні: 15.02.18

Сынып: 1

Қатысқандар саны: 2

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі.



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.9.1.Сөздегі дыбыс түрлерін ажырату және дыбыстау.

1.2.9.2.Дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну және дұрыс оқу.

1.3.12.1.Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу.


Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.


Жетістік критерийлері

1.Сөздегі дыбыс түрлерін анықтайды,атайды.

2.Дыбыстардың сөздегі қызметін түсіндіреді, талдайды.

3.Әріптерді дұрыс жазу, Я әріпін қатыстырып сөздерді құрастырады.


Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым, интербелсенді тақта, карточкалар.

Тілдік құзыреттілік

Талқылауға арналған сұрақтар:

Не себепті иа болып аталады?

Я дыбысы қандай дыбыс?

Шаян сөзінде неше дыбыс бар?



Денсаулық қауіпсіздік техникасын сақтау:

Көрнекіліктерді дұрыс қолдану, партада дұрыс отыру

Алдыңғы білім:

« Баспалдақ орыны» әдісімен Һ дыбысын тексеру.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар




Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру




Балалар сабақты бастамас бұрын, қонақтармен амандасайық.

Психологиялық ахуал:

Біз бақытты баламыз

Ойнап білім аламыз.

Сауат ашу пәнінде

Оқып, жазу жазамыз.

Үй тапсырмасын тексеру:

« Баспалдақ орыны» әдісімен Һ дыбысын қайталау.



  1. Һ кандай дыбыс,

  2. Жиһаз сөзінде неше дыбыс бар?

  3. Бауыржын ата кім?

  4. Қаһарман дыбысын буынға бөл?

5. Һ әрпі бар сөздерді ата?


Интербелсенді тақта

Орындық


Сабақтың ортасы

Қалыптастырушы бағалау

Сергіту сәті

Қызықты тапсырма.

Сабақтың соны


Жұмбақ шешу.

Қоянда бар, түйеде жоқ

Шаянда бар, биеде жоқ

Бұл қай әріп? (Я әрпі)

Балалар, біздер бүгіне жаңа дыбыс, әріппен таныс боламыз. Қане, бәріміз Я дыбысын дыбыстап көрейік.

Қандай дыбыстар естіп тұрмыз?

Йа.

Олай болса, балалар, Я әрпі й және а дыбыстарының қосарлануы арқылы естіліп тұр, бірақ жазуда я әрпін пайдаланамыз.


Я дыбысы - дауысты дыбыс. Сөздің көбіне басы мен ортасында кездеседі. Орыс тілінен енген.
1 – тапсырма. Оқулықпен жұмыс: 101 бет

Ал енді зейін салайық . Я-ға арналған сөздерді 101 бетті ашып, оқимыз.



Сурет көрсетемін көрсетемін. Қазақша – орысша – ағылшын аудару.
2 - тапсырма. Көп нүктелердің орнына а,я дыбыстардың тиістісін қойып жаз.


Дескриптор: Білім алушы

  • Я дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай алады

  • Я дыбысының естілуі мен жазылуын ажырата алады.

  • Жаңа сөздерді буындап айтып, дыбыстарды дұрыс айту барысында әріппен таңбалап жаза алады.


Сергіту сәт.

Онға, солға бұрылдық


Алға, артқа иілдік
Тізімізді бүктіріп
Қолды создық тік тұрып

3 – тапсырма. Оқулықпен жұмыс 101 бет.

«Алдаркөсе мен бай баласы» әңгімесін оқымыз.

Сұрақ:

Алдаркөсе кім?



Мәтінен Я әріпі бар сөздерді тап?

4 – тапсырма. Дәптермен жұмыс.

5 – тапсырма. Ойын: Кім тез?

Шартты;

Шелекке пияз жинау.

Жинаған пиязды жинау.



Рефлексия

Бүгінгі сабақта балалар қандай дыбысты мен әріпті өттіңдер?

Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Кері байланыс:

- түсіндім,

- қайталау қажет

- сабақты түсінбедім,






Карточкалар

Я, Йа, Й,а

А, Я

карточкалар



маркер

Оқулық


2 шелек,пияз






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет