Сабақтың тақырыбы: Сан есім



Дата25.12.2016
өлшемі66,46 Kb.
#4888
түріСабақ
Күні: Бекітілді:____________

Пәні:Қазақ тілі

Сыныбы: 2 «а»

Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Жалпы мақсаты: Сан есімнің заттың санын, ретін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру. Сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Міндеті: Оқушылардың ақыл-ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау. Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, ығармашылық қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар жаттығулар, әр түрлі тапсырмалар орындау мақсатында сан есімдерді тауып, оларға сұрақ қойып үйренді
Сілтемелер: Қазақ тілі «Алматы Атамұра» баспасы 2014жыл, интернет материалдары, ресурстар, суреттер, кестелер.
I.Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу. Сыныпты сөз таптары арқылы топқа бөлу.
Психологиялық дайындық
Мұғалім:- Екі көзің не үшін керек?
Оқушылар: - Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?
Оқушылар: - Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: - Екі қолың не үшін керек?
Оқушылар: - Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: - Екі аяғың не үшін керек?
Оқушылар: - Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

466-жаттығу. Ребусты шешіп, әңгіме жазу. Ереже сұрау.

1) Сан есім дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
Есептік, реттік түрлерін еске түсіру ережелерін сұрау мысал келтіру.

Қызығушылықты ояту

Сан есім

Есептік Реттік

Канша? Неше? Нешінші? сұрағына

сұрағына жауап жауап беретін сан есім



беретін сан есім алтыншы, бірінші,

жеті, екі, елу тоғызыншы

мысалдар айту, сөйлем құрау

Өткен материалды «Иә, жоқ» ойыны арқылы пысықтау.
Ойынның мақсаты: Тез ойлауға, шапшаңдыққа баулу.
Ойынның шарты: Өтілген сөз таптарына байланысты сұрақтар қою. Егер сұрақ дұрыс болса, «иә» деп, дұрыс емес болса «жоқ» деп жылдам жауап беру керек.

Мысалы, сын есімнің сұрақтары Қандай? Қай? (иә),

«Ұқыпты» сөзі етістікке жатады (жоқ)

«сан есімнің сұрақтары Неше? Нешінші? Қанша? Ма?» ,

Он жеті күрделі сан есім бе?,

«оқып отыр» етістік пе?

етістіктің сұрақтары Кім? Не? ма?,

«жүзіп жүр» дара етістік пе?, б. сұрақтар қойылады.

IIІ.Жаңа сабақ
Дәптермен жұмыс
Сәуірдің он алтысы
Жаттығу жұмысы

Көркем жазу

Ққ

Екі
III.Оқулықпен жұмыс
467-жаттығу
Жұмбақесепті оқып, шешуін тап.
Сан есімдерді тап, сұрақ қой. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
468-жаттығу Жатқа жазу
Жаңылтпашты жатқа жазу
Сан есім мен зат есімнің байланысын сызбамен көрсет.
Құрық дегеннің не екенін білесің бе?

Формативті бағалау.

Тапсырма дұрыс орындалса «қол шапалақтау», дұрыс емес болса «қол көтеру»
IY.Сергіту сәті «Шығарманың тақырыбын тап»
1. «Бұлдыр бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен...» Бала Абай М.Әуезов
2. «Қағылды зор қоңырау, күмбірледі,» Алғашқы қоңырау. Ғ. Қайырбеков
3. «Төле би: Бұл түбі ел билейді екен,» Әбілмансұр М. Әуезов
4. «Бірде Абайлардікіне екі бөгде қонақ келіп қонды:» Бала Абай мен Барлас ақын М. Әуезов
5. «Әлгі Қоңыр қозымды киіндірші» Қоңыр қозы Т.Жұртбай
6. «Жанарында ой нұры тұнып тұр екен. Еліңнің үмітін ақтармысың! Шіркін, оқудың соңына түсермісің.» Бала Мұхтар мен Абай Т. Жұртбай
7. «Аспара», «Қызыл жебе», «көке» бұл сөздер қай шығармада айтылды Бала Тұрар Ш.Мұртаза\

YI. Тақтамен жұмыс
469- жаттығу.
Берілген сұрақтарға жауап беру

«Шығармашылық тапсырма» Өз бетімен жұмыс.
1нұсқа : Нешінші? Сұрағына жауап беретін сөз ойлап, сол сөзге сөйлем құрау

2 нұсқа: Неше? Сұрағына жауап беретін сөз ойлап, сол сөзге сөйлем құрау
470-жаттығу
Жұмбақесепті оқып, шешуін тап. Бала санын дәлелде.
Төлептің барлық баласы он екі болған.
YIII. Тест арқылы бірін - бірі бағалау.
Жұптық жұмыс

1. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
а) қандай? қанша?

ә) не? нешінші?

б) қанша? неше?
2. Сан есімді көрсетіңдер:
а) бес

ә) есептік

б) белсенді
3. Сан есім қай сөз табымен байланысaды?
а) етістікпен

ә) зат есіммен
б) сын есіммен
4. Берілген сөздер қай сөз табына жатады?
Екінші, бес, алпыс алты
а) сын есім

ә) сан есім

б) есімді
5. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар
Ер... рет өледі,
Қорқақ... рет өледі.
а) бір, бесінші

ә) бір, мың

б) бір, көп
X Сабақты қорытындылау

Y.Топтық жұмыс

«Кір жайғыш» ойыны

Бағалау. Қатысқан оқушыны бағалау

Үйге тапсырма 
471-жаттығу Туған жер тақырыбында әңгіме жазып келу

ІҮ.Сергіту сәті «Шығарманың тақырыбын тап»
1. «Бұлдыр бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен...»
Бала Абай М.Әуезов
2. «Қағылды зор қоңырау, күмбірледі,» Алғашқы қоңырау. Ғ. Қайырбеков
3. «Төле би: Бұл түбі ел билейді екен,» Әбілмансұр М. Әуезов
4. «Бірде Абайлардікіне екі бөгде қонақ келіп қонды:» Бала Абай мен Барлас ақын М. Әуезов
5. «Әлгі Қоңыр қозымды киіндірші» Қоңыр қозы Т.Жұртбай
6. «Жанарында ой нұры тұнып тұр екен. Еліңнің үмітін ақтармысың! Шіркін, оқудың соңына түсермісің.» Бала Мұхтар мен Абай Т. Жұртбай
7. «Аспара», «Қызыл жебе», «көке» бұл сөздер қай шығармада айтылды. Бала Тұрар Ш.Мұртаза\
Төлептің барлық баласы он екі болған

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет