О. Шонаев атындағы орта мектебі
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: А.Табылдиева
Сабақтың тақырыбы:
"Саналы ұрпақ-жарқын болашақ"
Білім күніне арналған
азаматтық және патриоттық сабақтың жоспары.
Сыныбы: 5 "Б"
Өткізген: Тарих пәнінің мұғалімі
Жумалиева Гүлфара Жоламанқызы
2019-2020 оқу жылы
Күні :
|
01.09.2019 жыл
|
Тақырыбы:
|
Саналы ұрпақ-жарқын болашақ
|
Мақсаты:
|
Оқушылардың білімге құштарлығын қалыптастыру, еліміздің болашағы білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсіндіру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға деген дағдысын қалыптастыру
|
Күтілетін нәтиже:
|
Оқушылардың білімге құштарлығы қалыптасады;
Оқушылар еліміздің ертеңі―білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінеді;
Оқушыларда жақсы оқуға деген дағды қалыптасады.
|
Көрнекі құрал-жабдықтар
|
Филипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер,қаламдар,суреттер
|
Сабақтың жүру барысы:
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
5мин
|
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру:
"Амандасу" жаттығуы
Нұсқау: Оқушыларды шеңбер бойынша орналастыру. Барлығы тақтаға қарайды. Тақтада "күлкі" бейнеленсе, онда бір-біріне күлімдей қарайды, "қол" бейнеленсе, онда қолдарын қысып амандасады,"күн" бейнеленсе жақсы ықыласпен сәлемдеседі, "жүрек" бейнеленсе құшақтасады.
|
Оқушылар шеңбер бойынша тұрып, тақтадағы бейнелерді қайталайды.
Сыныпта жағымды ахуал қалыптасады.
|
5 мин
|
"Есім және қимыл" жаттығуы
Оқушыларға өз есімін ататып, қандай да бір ыңғайлы қимыл жасату.
|
Оқушылар әр қайсысы кезекпен алға адымдап, өз есімін айтып, қандай да бір ыңғайлы қимыл жасайды.
|
10 мин
|
Миға шабуыл:
Оқушыларға сұрақтар қою:
1. "Қазақстан" дегенде қандай ел елестейді?
2. Отаншылдықты қалай, неден байқаймыз?
3. Білімді болу не үшін қажет?
|
Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
|
10мин
|
Түйінді сөздер:
"Саналы ұрпақ-жарқын болашақ" плакатын тақтаға іліп, оқушыларға сұрақтар қою:
Болашақта кім болғыңыз келеді? Болашақты қалай елестетесіз?
|
Оқушылар өз ойларын стикерге жазып, плакатқа жапсырады.
Оқушылардың ойлау,сөйлеу, тыңдау дағдысы қалыптасады.
|
5мин
|
Смайликтер арқылы бағалау
Оқушыларды смайликтер арқылы бағалау
|
Оқушылар бағаланады
|
5мин
|
Рефлексия. Кері байланыс
-Маған сабақ ұнады, себебі...
-Маған сабақ ұнамады, себебі
|
Оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін айтып, кері байланыс береді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |