Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер, олардың мәндері Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата13.02.2017
өлшемі482,28 Kb.
#9065
түріСабақ
  1   2
Сабақ жоспары

Пән: Математика Сынып:5 Мерзімі:21.09.2015жыл

Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер, олардың мәндері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың санды және әріпті өрнектер тақырыбы бойынша есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығыг ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі:деңгейлік тапсырмалар

Оқытудың әдісі: практикалық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а)сәлемдесу

ә)Оқушыларды түгендеу

б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в)Сабақтың мақсатымен таныстыру

2.Үй тапсырмасын тексеру:

№102.Ұзындығы 91 см сым үш бөлікке бөлінген. Бірінші бөліктің ұзындығы 32 см, ал екінші бөліктің ұзындығы 9 см кем. Үшінші бөліктің ұзындығы бірінші бөліктің ұзындығынан қанша артық?

Жауабы: 91-32-23=36 4-ке артық.

№104. Екі тіктөртбұрыштың ұзындықтары бірдей. Бірінші тіктөртбұрыштың ені екінші тіктөртбұрыштың енінен 3 см-ге артық. Қай тіктөртбұрыштың периметрі кіші және қанша кіші?

Жауабы: P=2(a+b)< P=2(a+3+b).

3.Жаңа тақырыпты меңгерту

Амалдар таңбаларынан, жақшалардан (қажет болған жағдайда) және сандардан ғана құрастырылған жазу санды өрнек деп аталады.

Мысалы, 12+(12-5)-санды өрнек.

Құрамында әріптері бар өрнек әріпті өрнек деп аталады.

Мысалы, 86+(86+а)-әріпті өрнек.

Әріпті өрнектегі әріптің орнына алынатын сандар сол әріптің мәндері деп аталады.Әріпті өрнектерде латын алфавитіндегі кіші әріптері пайдаланылады.

Санды өрнектер, әріпті өрнектер жалпы түрде математикалық өрнектер деп аталады.

7а әріпті өрнегіндегі 7-ні коэффицент деп атайды.



Коэффицент-бір немесе бірнеше әріп көбейткіштері бар көбейтінді түріндегі өрнектегі сан көбейткіш. Коэффицент пен әріп көбейткіштің арасына көбейту таңбасы қойылмайды. Егер коэффицент 1-ге тең болса, ол жазылмайды.

4.Есептер шығару

Ауызша есептер: №134, №135, №136

Практикалық есептер: №138, №140(1,2), №141

5.Бекіту

№143(1,2), №144

1)Санды өрнекке мысал келтіріңдер.

2)Өрнектің мәні деп нені айтады?

3)Әріпті өрнек деп қандай өрнекті айтады?

4)әріптің мәні деп нені айтады?

5)Коэффицент деген не?

6.Үй жұмысы:№140(3,4), №145.

Сабақ жоспары

Пәні: Математика

Сынып: 5

Күні:22.09.2015жыл

Пән мұғалімі: Рысхожин А.М.

Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер, олардың мәндері.

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: санды және әріпті өрнектер ережесін айта білу, біліктерін логикалық оймен іске асыра білу;

2) Дамытушылық:теорияны практикамен ұштастыру, ойлау қабілетін, танымын, есеп шығарудағы білік, дағдыларын дамыту;

3) Тәрбиелік: оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, математикалық мәдениетке тәрбиелеу, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге үйрету

Көрнекіліктер: үлестірмелер

Сабақтың түрі: тақырыпты бекіту

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау элементтері, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың барысы:



I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу;

ә) сыныпты топқа бөлу;

б) балаларды сабаққа психологиялық дайындау:

шаттық шеңбері арқылы сабақты бастау.

Балалар, енді қолымызды ұстап, алақан жылуы арқылы бір-біріңе жылы лебіздер айтып, сабағымызды бастайық.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.



II. Мотивациялық кезең.

Қазір сабақтағы жұмысымызды анықтау үшін әр топқа кроссворд сұрақтары беріледі.

1 мин. соң әр топтағы оқушылар кезекпен сұрақтардың жауабын оқиды, ал бір оқушы тақтадағы дайын кроссворд токөздеріне жауаптарын жазып отырады.

Кроссвордтардың ерекше торкөздерінде қандай сөздер шықты ? Ендеше бүгінгі тақырыбымыз қандай және сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар ?



(Санды және әріпті өрнектер тақырыбы, мақсаты)

III. Қызығушылығын ояту. Ой қозғау стратегиясы: ережелерді білесің бе ?

Әр топқа үш сұрақ қойылады:



  • Қандай өрнекті санды өрнек деп атайды ?

  • Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды ?

  • Коэффициент деген не ?

Санды өрнек пен әріпті өрнекте қандай ұқсастық және қандай айырмашылық бар ?

Венн диаграммасына салайық.



IV. Ережелерді еске түсірдік, енді деңгейлік тапсырмаларды орындайық.

Миға шабуыл стратегиясы:

Деңгейлік тапсырмалар:



1 топ

А

  1. Өрнектің мәнін тап:

156+а, мұндағы а =14

  1. 98:в+с, мұндағы в=7; с=3

  2. Тік төртбұрыштың ұзындығы а см, ені в см. Тік төртбұрыштың периметрін тап. Мұндағы: а=17;в=9

В

  1. Өрнегін жазыңдар:

Бір қасықтың бағасы а тг, 1 шанышқының бағасы в тг. 12 қасық пен 12 шанышқы үшін қанша ақша төлеу керек ?

С

5.Теңдеуді шеш: (х-86)*204=7548



2 топ

А

  1. Өрнектің мәнін тап:

240+в, мұндағы в =25

  1. 96:а-в, мұндағы а=8; в=5

  2. Қабырғасы а см квадраттың периметрін тап. Мұндағы: а=12

В

  1. Өрнегін жазыңдар:

Бір орам кәмпит m гр, бір орам жаңғақ n гр. 7 орам кәмпит және 7 орам жаңғақ неше гр?

С

  1. Теңдеуді шеш:(45-х)*9=126

3топ

А

  1. С+292, мұндағы с=18

  2. (57-а)·в; мұндағы а=8; в=5

  3. Тіктөртбұрыш ұзындығы 16см, ені 7см. Ауданын есепте.

В

  1. Өрнегін жазыңдар:

1кг кәмпиттің бағасы а тг, 1кг алманың бағасы в кг. 5 кг кәмпит, 5 кг алма алу үшін қанша ақша төлеу керек?

С

5. Теңдеуді шеш: (4118-х):68=56



V кезең: Сергіту сәті

Логикалық есеп: Бөлменің төрт қабырғасына 10 орындықты үш-үштен келетіндей орналастыр.

VI кезең: Оқулықпен жұмыс: В деңгейі: №157; С деңгейі: №160

VII. Үйге тапсырма: №26; Әр топ бір логикалық есеп құрастыру.

VIII. Бағалау: оқушылар белсенділіктеріне қарай бағаланады.

IХ. Қорытынды: Сонымен балалар, бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай ?

Кімге сабақ ұнады, қызыл жұлдызшаларды көтереді.

Кроссворд сұрақтары:

1 топ:


  1. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.( сызғыш)

  1. Уақытты көрсететін құрал.(сағат)

  2. Қандай санға бөлуге болмайды ?(нөл)

  3. Құрамында белгісізі бар теңдік ?(теңдеу)

  4. Миллионда неше нөл бар ?(алты)

2 топ:

  1. Бір жағынан нүктемен шектелген түзу;(сәуле)

  2. Тіктөртбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы.(периметр)

  3. Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады ?(бір)

  4. 1 сағатта неше минут бар ?(алпыс)

  5. Шаршының неше қабырғасы бар ?(төрт)

  6. 1 тонна мақта ауыр ма, әлде 1 тонна темір ауыр ма,

салмақтары қандай ?(бірдей)

3 топ:


  1. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады.Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады ? (Төрт)

  2. Санауда қолданылатын сандар. (Натурал)

  3. Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғысы. (Принтер)

  4. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (Бес)

  5. Уақыттың өлшем бірлігі. (Секунд)

  6. Ұзындықтың өлшем бірлігі (Метр)

  7. Адамның 10 қолында неше саусақ бар ?(Елу)

  8. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш. ( Шаршы.)

Сабақ жоспары

Пән: Математика Сынып:5 Мерзімі:23.09.2015жыл

Сабақтың тақырыбы: Әріпті және санды өрнектерді құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың әріпті және санды өрнектерді құрастыру тақырыбы бойынша есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығыг ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі:деңгейлік тапсырмалар

Оқытудың әдісі: практикалық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а)сәлемдесу

ә)Оқушыларды түгендеу

б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в)Сабақтың мақсатымен таныстыру

2.Үй тапсырмасын тексеру:

№147.


1)35а+18+15а+11=50а+39;

2)42х+45+8х+45=50х+90;

3)12у+у+52+8у+3=21у+55;

4)204в+30в+6в+56=240в+56.

№160.Бірінші күні дүкенге 300 кг, ал екінші күні бірінші күнге қарағанда а кг артық ұн әкелінді. Үшінші күні екінші күнге қарағанда 60 кг ұн кем әкелінді. Дүкенге үш күнде барлығы қанша килограмм ұн әкелінді?

Жауабы:Бірінші күні: 300 кг, екінші күні 300+а, үшінші күні 240+а.

300+300+а+240+а =104+2a.

1)Санды өрнекке мысал келтіріңдер.

2)Өрнектің мәні деп нені айтады?

3)Әріпті өрнек деп қандай өрнекті айтады?

4)әріптің мәні деп нені айтады?

5)Коэффицент деген не?



3.Есептер шығару

Практикалық есептер: №149, №152, №154, №156, №157



4.Бекіту

№158, №159



5.Үй жұмысы:№151, №155.

Сабақ жоспары

Пән: Математика Сынып:5 Мерзімі:23.09.2015жыл

Сабақтың тақырыбы: Әріпті және санды өрнектерді құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың әріпті және санды өрнектерді құрастыру тақырыбы бойынша есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығыг ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың көрнекілігі:деңгейлік тапсырмалар

Оқытудың әдісі: практикалық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а)сәлемдесу

ә)Оқушыларды түгендеу

б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в)Сабақтың мақсатымен таныстыру

2.Үй тапсырмасын тексеру:

№151.Кестені толттырыңдар:



А

99

102

222

В

40

100

199

5а-4в










№155.

1)(75+4)+(36-а);

2)(300/в)-(56+27).

3.Есептер шығару (Атамұра 2010 жыл)

Практикалық есептер: №13, №14, №15, №20,№21



4.Бекіту

№22, №24


5.Үй жұмысы:№23, №25.

Сабақ жоспары

Пән: Математика Сынып:5 Мерзімі:25.09.2015жыл

Сабақтың тақырыбы:Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау тақырыбы бойынша есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығыг ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі:деңгейлік тапсырмалар

Оқытудың әдісі: практикалық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а)сәлемдесу

ә)Оқушыларды түгендеу

б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в)Сабақтың мақсатымен таныстыру

2.Үй тапсырмасын тексеру:

№23.Өрнектің мәнін табыңдар:



  1. (х+29)+(у-13), мұндағы х+у=42

  2. (х*4)/9, мұндағы х/у=15,

  3. х/(у*3), мұндағы х/у=60.

№25. У метр матадан 7 көйлек тігіледі.

1)Осындай 5 көйлек неше метр матадан тігіледі?

2)Х метр матадан неше көйлек тігіледі?

3.Жаңа тақырыпты меңгерту.

I.Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.

а+в=в+а

II.Қосудың терімділік қасиеті.

Екі санның қосындысына үшінші санды қосу үшін бірінші санға екінші сан мен үшінші санның қосындысын қосуға болады.

(а+в)+с=а+(в+с).

III.Көбейтудің ауыстырымдық қасиеті.

Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.

а*в=в*а

IV.Көбейтудің терімділік қасиеті.

Екі санның көбейтіндісін үшінші санға көбейту үшін бірінші санды екінші санның үшінші санның көбейтіндісіне көбейтуге болады.

(а*в)*с=а*(в*с)

3.Есептер шығару

Практикалық есептер: №29, №30(1,3,5,7,9,11), №31(2,4,6,8), №32,№33



4.Бекіту

№37


1)Қосудың ауыстырымдылық қасиетінің тұжырымдамасын айтыңдар?

2)Қосудың терімділік қасиеті әріптермен қалай жазылады?

3)Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетінің тұжырымдамасынын айтыңдар.

4)Көбейтудің терімділік қасиеті әріптермен қалай жазылады?



5.Үй жұмысы:№38(4,5,6), №39

Сабақ жоспары

Пән: Математика Сынып:5 Мерзімі:26.09.2015жыл

Сабақтың тақырыбы: Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау тақырыбы бойынша есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығыг ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың көрнекілігі:деңгейлік тапсырмалар

Оқытудың әдісі: практикалық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а)сәлемдесу

ә)Оқушыларды түгендеу

б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в)Сабақтың мақсатымен таныстыру

2.Үй тапсырмасын тексеру:

№38(4,5,6).Өрнекті ықшамдап алып, сонан соң мәнін табыңдар:

4)25c*45d, мұндағы c=4, d=2;

25*4*45*2=100*90=9000.

5)8a*5b, мұндағы a=125, b=16;

8*125*5*16=1000*90=90000.

6)125c*75d, мұндағы c=8, d=4.

125*8*75*4=1000*300=300000.

№39.Кинотеатрдың көрермендерге арналған залында 25 қатар, ал әр қатарда 30 орын бар. Бір билеттің бағасы 200 тг. Бүгін билет барлық орынға сатылды. Барлық орынға билет неше теңгеге сатылды?

Жауабы: (25*30)*200=150000



3.Есептер шығару.

Практикалық есептер: №40, №41, №42, №43



4.Бекіту

№44


1)Қосудың ауыстырымдылық қасиетінің тұжырымдамасын айтыңдар?

2)Қосудың терімділік қасиеті әріптермен қалай жазылады?

3)Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетінің тұжырымдамасынын айтыңдар.

4)Көбейтудің терімділік қасиеті әріптермен қалай жазылады?



5.Үй жұмысы:№295.

Сабақ жоспары

Пән: Математика Сынып:5 Мерзімі:28.09.2015жыл

Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың «Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау»тақырыбы бойынша есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығыг ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі:деңгейлік тапсырмалар

Оқытудың әдісі: практикалық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а)сәлемдесу

ә)Оқушыларды түгендеу

б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в)Сабақтың мақсатымен таныстыру

2.Үй тапсырмасын тексеру:

№295.Амалдарды орындаңдар:

1)(321+19)/85=4;

2)(1534-974)/16=35;

3)(1562+550)/96=22;

4)(704+32*11)/66=16;

5)(3843-3075)/96=8.

1

2

3

4

5

Е

Р

Т

І

С

3.Жаңа тақырыпты меңгерту.

I.Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

Қосындыны санға көбейту үшін, сол санға әрбір қосылғышты жеке-жеке көбейтіп, одан шыққан көбейтінділері қосуға болады.

(а+в)с=ас+вс.



II.Қосудың азайтуға қатысты үлестірімділік қасиеті.

Айырманы санға көбейту үшін, сол санға азайтғышты да, азайтқышты да көбейтіп, бірінші көбейтіндіден екінші көбейтіндіні азайтуға болады.

(а-в)с=ас-вс.



4.Есептер шығару

Практикалық есептер: №389, №390, №391



5.Бекіту

№392


1)Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті әріптермен қалай жазылады? Тұжырымдамасы қалай айтылады?

2)Көбейтудің азайтуға қатысты үлестірімділік қасиеті әріптермен қалай жазылады? Тұжырымдамасы қалай айтылады?

3)29х+6х және 35а-9а өрнектерінің ықшамдалаған түрлерін ауызша айтып, түсіндіріңдер?

6.Үй жұмысы:№393, №394

Сабақ жоспары

Пән: Математика Сынып:5 Мерзімі:29.09.2015жыл

Сабақтың тақырыбы:Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау тақырыбы бойынша есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығыг ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық сабағы

Сабақтың көрнекілігі:деңгейлік тапсырмалар

Оқытудың әдісі: практикалық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а)сәлемдесу

ә)Оқушыларды түгендеу

б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в)Сабақтың мақсатымен таныстыру

2.Үй тапсырмасын тексеру: №393, №394

3.Есептер шығару.

Практикалық есептер:№396, №397(1,2,3), №398



4.Бекіту

№400, №401



5.Үй жұмысы:№397(4,5,6), №401(2).

Сабақ жоспары

Пән: Математика Сынып:5 Мерзімі:30.09.2015жыл

Сабақтың тақырыбы:Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау тақырыбы бойынша есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығыг ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың көрнекілігі:деңгейлік тапсырмалар

Оқытудың әдісі: практикалық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а)сәлемдесу

ә)Оқушыларды түгендеу

б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в)Сабақтың мақсатымен таныстыру

2.Үй тапсырмасын тексеру: №397(4,5,6), №401(2).

3.Есептер шығару.

Практикалық есептер: №405, №406, №407



4.Бекіту

1)Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті әріптермен қалай жазылады? Тұжырымдамасы қалай айтылады?

2)Көбейтудің азайтуға қатысты үлестірімділік қасиеті әріптермен қалай жазылады? Тұжырымдамасы қалай айтылады?

3)29х+6х және 35а-9а өрнектерінің ықшамдалаған түрлерін ауызша айтып, түсіндіріңдер?



5.Үй жұмысы:№411.

Сабақ жоспары

Пән: Математика Сынып:5 Мерзімі:1.10.2015жыл

Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және олардың түбірлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың теңдеу және олардың түбірлері тақырыбы бойынша есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығыг ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі:деңгейлік тапсырмалар

Оқытудың әдісі: практикалық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а)сәлемдесу

ә)Оқушыларды түгендеу

б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в)Сабақтың мақсатымен таныстыру

2.Үй тапсырмасын тексеру:

№411.Өрнектің мәнін табыңдар:

1)8(2х+5)+4(6+7х), мұндағы х=3;

Жауабы: 16х+40+24+28х=44х+64=44*3+64=132+64=196;

2)12(3х+8)+5(2х-1), мұндағы х=2;

Жауабы:36х+96+10х-5=46х+91=46*2+91=92+91=183;

3)24(х+2)+6(5х-2), мұндағы х=1;

Жауабы: 24х+48+30х+-12=54х+36=54*1+36=90;

4)4(15х+8)+3(6х-5), мұндағы х=4;

Жауабы:60х+32+18х-15=78х-17=78*4-15=312-15=297.



3.Жаңа тақырыпты меңгерту.

Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдікті теңдеу деп атайды.

Мысалы, 9х+5=41.

Теңдеудегі әріптің орнына қойғанда оны дұрыс санды теңдікке айналдыратын сан теңдеудің шешімі деп аталады.



Мысалы, 22+х=27 теңдеуінің шешімі 5 саны, өйткені теңдеудегі х-тің орнына 5-ті қойсақ, 22+5=27 дұрыс теңдігін аламыз.

Теңдеудегі әріптің орнына қойғанда оны дұрыс теңдікке айналдыратын сан теңдеудің түбірі деп аталады.



Теңдеуді шешу дегеніміз-теңдеудің барлық түбірлерін табу немесе түбірлері жоқ екенін көрсету.

1-мысал.

Белгісіз көбейткішті табу үшін көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлу керек.

Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәнін азайту керек.

(45-х)*3=93, Тексеру:

45-х=93:3, (45-14)*3=9-тура теңдік

45-х=31, 31*3=93

х=45-31, 93=93

х=14.

2-мысал.

Белгісіз бөлінгішті табу үшін бөлгішті бөліндінің мәніне көбейту керек.

Белгісіз азайғышты табу үшін айырманың мәніне азайтқышты қосу керек.

(х-13):7=2,

х-13=7*2,

х-13=14,

х=27.

3-мысал.

Белгісіз бөлгішті табу үшін бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлу керек.

Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайту керек.

72(х+12)=4,

х+12=72:4,

х+12=18,

х=18-12,

х=6.

4.Есептер шығару

Практикалық есептер: №161(1,3,5,7), №169, №162(1,3,5,7)



5.Бекіту

№170


1)Қандай теңдік теңдеу деп аталады?

2)Теңдеудің түбірі деп нені айтамыз?

3)Теңдеуді шешу дегеніміз не?

4)Белгісіз қосылғыш қалай табылады?

5)Белгісіз көбейткіш қалай табылады?

6)Теңдеуді шешу дегеніміз не?

7)Теңдеудің дұрыс шығарылғанын қалай тексеруге болады?

6.Үй жұмысы:№161(2,4,6,8)

Сабақ жоспарыюб

Пән: Математика Сынып:5 Мерзімі:2.10.2015жыл



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет