Сабақтың тақырыбы: «Сақта жолдың тәртібін» Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру



бет2/2
Дата04.07.2018
өлшемі109,77 Kb.
#46733
түріСабақ
1   2

  1. Ақпараттық - көрсеткіштік белгілер.

  2. . Ескерту белгілер

  3. 3. Тыйым салатын белгілер

  4. 4. Сервис белгілері

  5. 5. Алдын ала қиылатын белгілер

  6. 6. Басымдылық белгілері

  7. 7. Жол таңбалары

Басталар әр қадамың аттауменен,

Жол жүру ережесін сақтауменен.

Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік.

1-сайыс «Көше ережесі тарихынан»

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920 жылдары іске қосыла бастады.Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күйменен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Ресейде алғаш жолдар І Петр салына бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады. Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңызшы! Жаңа ғасыр техникасының өркендеп, дәуірлеген заманы болды. Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп- тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесу мақсатында бағдаршам дүниеге келді.

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай жалын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Ойынымыз басталады сәлемменен.

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес.

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

Сары шамы жанғанда,

Сақ, абай бол барынша.

Жасыл жарық жол ашық,

Зымырай бер бел асып.

«Ескерту белгісі»

Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.

Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

2-топ «Тыйым салу белгісі» Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын,

Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың.

1-топ «Анықтама белгісі» Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,

Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.

Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

2-топ «Көрсеткіш белгісі» Баратын сапардың жақынын, құшағын,

Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.

Қай көше , қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі –заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға.

Жол жүрудің тәртібін,Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден, Сау-саламат жүреміз.

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп

Ол ортақ -Үлкен кіші баршамызға!

(Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды)

Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқаның білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д.Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі-түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай бізде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады. Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады. Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.

Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл.

Егер оны білмесең,

Тартар жолың бұлынғыр.

Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.

Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын,

Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,

Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.

Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

Менің досым – бағдаршам Мақсаты: Оқушылардың тілін төселдіріп, жол ережесін жасына сай меңгерту. Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін пысықтап, адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру. Жаяу жүргінші мен көліктің байланыс қатынасын білдіру. Көшеде жүру ережесін түсіндіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу. Түрі: сайыс сабақ Әдісі: сүрақ-жауап, топтық жұмыс, жеке жұмыс Көрнекілігі: плакаттар, бағдаршам макеті, жол реттеуші құралы,карточка, жол белгілері. Сынып сағатының барысы: Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Мақсатын ашып айту. 1-жүргізуші:

Жолға шықсаң далаға,

Жол оңай деп санама

. Ережені әрқашан,

Қатаң ұста санаңда.

Бөгет болма басқаға,

Жүрексініп саспа да,

Жаңылысса көмектес,

Қарттар менен жас бала.

Жасыл жарық жолың ашық жүр дейді,

Сары жанса дайындыққа кір дейді.

Қызыл жарық жанып тұрса алдыңда.

Тапжылмастан бір орында тұр дейді.

Ең алғашқы автомобиль немесе өздігімен жүретін арбаны қарапайым шаруа адамы Леонтий Шамшуренков 1752 жылы ойлап тапқан. Оны арнаулы педальді басу арқылы жүргізуге болады. 1764 жылы бу двигателі ойлап табылғаннан кейін автомобиль конструкциясы да күрделене берді. Техника дамыған сайын адам өміріне қауіп те көбейді. Осыған сәйкес жолда жүру ережелері енгізілді. Бұл жол белгілерінің ең белгілі түрі - бағдаршам.1868 жылы Лондон қаласында бағдаршамның семофор типтес түрі пайда болды. 1914 жылы АҚШ-та алғашқы электрлі бағдаршам пайда

Оқушыларға жол белгілері тақтада көрсетіледі. Оқушылар белгінің атауын айту қажет. І.Мына белгі нені білдіреді? (Абайлаңдар, балалар!) 2.Бағдаршам жарықтарының белгілеріне талдау жаса. (сары-дайындал, жасыл -жүруге рұқсат, қызыл-тоқта) 3.Мына белгі нені білдіреді? (жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деген белгі) 4. Мына белгі нені білдіреді? (жылдамдықты азайту белгісі) 5.Мына белгі нені білдіреді? (теміржол өткелі) 6. Плакаттағы белгілерді түсіндіріп беріңдер. 1.жаяу жүргінші өтетін жол белгісі 2.метро, жер асты жолдарына ену З.тайғақ жол 4.велосипедпен жүруге рұқсат бар 5.жол жоқ 6.машиналардың бірін-бірі басып озуына рұқсат 7.ашық жол 8.шұғыл бұрылыс жасауға болмайды 9.жақын маңда демалыс орны бар екенін білдіреді 10.көлік жуатын жер жақын екенін білдіреді.

Айналайын абайла,

Жан-жағыңа қарайла.

Жолда-жүру ережесін,

Есте сақта қалайда.

1.Білім алушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға , білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.

3. Білім алушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

. Үстіміздегі жылдың 9 айында Ақтөбе облысында 245 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның барысында 68 адам қаза тапты. Жол қозғалысы ережесін бұзудың 81 391 оқиғасы анықталды. Оның себептері: Бiрiншiден, қарапайым жол қозғалысының ережелерiн сақтамауы. Екiншiден, салақтық және санасыздық. Үшiншiден, абайсыздық, алаңғасарлық Дәулет:

Айналада қауіп бар ойла,

Жан-жағыңа қарайла!

Сырғанасаң көшеде,

Машина жолын абайла! Индира:

Көшенің тар соқпағы,

Қулығыңды асырма!

Тежегішпен тоқтады,

Зулап келген машина.

Ұқыптырақ болсаңшы,

Аман қалған бақытты.

Бізге ескертті Жолсақшы:



«Үнемдеме уақытты!»

1-сайыс «Көше ережесі тарихынан»

2-сайыс «Мәнерлеп өлең оқу»

3-сайыс «Кім байқағыш?» Сурет бойынша тиісті жол белгілерін қою. Әр топқа бір минут уақыт беріледі.

4-сайыс «Жол белгілерінің топтарын табу» Әр топқа таңба белгілері көрсетіледі, анықтама беру керек.

5-сайыс «Көше ережесін білесің бе?» Сұрақтарға жауап беру

Топтардың танысуы.

«Үлгілі жолаушылар» тобы Басталар әр қадамың аттауменен, Жол жүру ережесін сақтауменен.

«Жас инспекторлар» тобы Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік. 1-сайыс «Көше ережесі тарихынан» 1-топ 1-оқушы: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920жылдары іске қосыла бастады.Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. 2-топ 2-оқушы: Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күйменен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Ресейде алғаш жолдар І Петр салына бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады. Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңызшы! Жаңа ғасыр техникасының өркендеп, дәуірлеген заманы болды. Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп-тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесу мақсатында бағдаршам дүниеге келді. 2-сайыс «Мәнерлеп өлең оқу» 1-топ 1-оқушы: Армнға алда күткен асығармыз, Біз қалай жалын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз. Жалғайтын достастырып бар елменен Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға Ойынымыз басталады сәлемменен. 2-топ 2-оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес. Жол жүру ережесін білмей тұрып. 3-оқушы: Қызыл жарық жанғанда, Қалт тоқтай қал табанда. Сары шамы жанғанда, Сақ, абай бол барынша. Жасыл жарық жол ашық, Зымырай бер бел асып. Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан сайыстың бағасын беруді сұрайық. 3-сайыс «Кім байқағыш?» Сурет бойынша тиісті жол белгілерін қою. Әр топқа бір минут уақыт беріледі. 4-сайыс «Жол белгілерінің топтарын табу» Әр топқа таңба белгілері көрсетіледі, анықтама беру керек. 1-топ «Ескерту белгісі» Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам, Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған. Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да, Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған. 2-топ «Тыйым салу белгісі» Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын, Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың. 1-топ «Анықтама белгісі» Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты, Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті. Барлығын анықтап көрсетіп жіберем, Сондықтан бәрі де мені тез таныпты. 2-топ «Көрсеткіш белгісі» Баратын сапардың жақынын, құшағын, Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын. Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым. 5-сайыс «Көше ережесін білесің бе?» Сұрақтарға жауап беру 1) Бағдаршам деген не? 2) Жол белгілері қандай топтарға бөлінеді? 3) Көлік күтетін жерді қалай атайды? 4) Көліктің бұрылатынын қалай білуге болады? 5) Жүрісті реттеп тұратын адам кім? 6) Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады? 7) Бағдаршам жоқ жерде жолды қалай қиып өтуге болады? 8) Тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті? 9) Көшеде жолдан өтерде қайда қарау керек? 10) Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? 11) Үшбұрышты көк түс жол белгісінің қай тобын білдіреді? 12) Жиек жол жоқ жерде жүргіншілер қай жермен жүреді? 6-сайыс «Кім жылдам?» Құрастырғышпен көліктің бір түрін құрастырып жасау. Топтарға үш минут уақыт беріледі. 7-сайыс «Жұмбақтар шешу» Топтарға жол ережесіне қатысты қарапайым жағдаяттар көрсетіледі, топ мүшелері шешу жолдарын табады. Жүргізуші жұмбақтар жасырады. 1) Сөйлеуді ол білмейді, Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам) 2) Арқаным бар тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім. (Жол) 3) Екі аяқты, бір ізді, Үстіне мені мінгізді. Мінгізгенмін ол мнің Аяғымды жүргізді. (Велосипед) 4) Үзенгісін тептім, Зымырап кеттім. (Велосипед) 5) Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өмірінді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері) 6) Үш көзді батыр Бізді аңдып жатыр. (Бағдаршам) 7) Өзі тым күшті, Аяғы тісті. Ілезде тындырар Қыруар істі. (Трактор) 8) Төрт аяғы дөңгелек, Адамсыз ол жүрмейді. (Машина) Сайыс қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты марапаттау. Жүргізуші: Қай көше , қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі –заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға. Жол жүрудің тәртібін, Ережесін білеміз. Сақтанғанда қатерден, Сау-саламат жүреміз. Біз, жаяу жүруге дайынбыз!


3-оқушы: Қызыл түс жанғанда, 
Баспа қадам сен алға 
Сары түсі жанғанда 
Дайындалып тұр мұнда! 
Жасыл түсі жанғанда 
Жорта бергін сен жолда! 


Жол тәртібі кімге керек, бірге ойланып көрейік, 
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берейік. 
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан, 
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік, төрелік! 


Топтардың танысуы. 

«Үлгілі жолаушылар» тобы: 
Басталар әр қадамың аттауменен, 
Жол жүру ережесін сақтауменен. 

«Жас инспекторлар» тобы: 
Жол тәртібін білейік, 
Аман-есен жүрейік. 

-Ендеше, сайысымызды бастайық. 

I бөлім. «Көше ережесін білесің бе?» 
«Үлгілі жолаушылар» тобына: 

1.Бағдаршам деген не? Жарықпен белгі беру арқылы көшедегі автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы. 
2.Жаяу жүргінші деген кім? Көлік құралынан тыс және онда жұмыс жасамайтын адам. 
3.Автобус деген не? Жолаушвлар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда сегізден астам отыратын орны бар автокөлік құралы. 
4. Жол элементтерін ата. Көше, бұрылыс, тротуар, жол жағалауы, бөлу жолағы 
5.Тротуар деген не? Жолдың жүргін бөлігімен қатарлас немесе одан газонмен бөлінген жаяу жүргіншінің қозғалуына арналған элементі. 
6.Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? Қызыл дөңгелек. 

7.Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда қандай көліктерге жүру рұқсат етіледі? Өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция. 
«Жас инспекторлар» тобына 
1.Жол дегеніміз не? Мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар кешені. 
2. Маршруттық көлік құралы деген не? Жол бойымен жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгіленген аялдама пункттері бар белгіленген маршрутпен қозғалатын жалпы пайдаланудағы көлік құралы. 
3.Жолаушы деген кім? Көлік құралындағы(үстіндегі) және оны басқармайтын адам. 
4. Жол-көлік оқиғасы деген не? Көлік құралының жол бойымен қозғалысы кезінде және оның қатысуы процесінде туындайтын, адамдар қаза тапқан немесе жарақат алған, көлік құралдары, ғимараттар, жүктер бүлінген, не өзге де материалдық зиян келтірілген оқиға. 
5.Жол қозғалысын реттейтін адам кім? Реттеуші. 
6.Бағдаршам жоқ жерде көшеден қалай өтеміз? Егер бағдаршам болмаса, әуелі солға, содан соң көшенің ортасына келгенде оңға қараймын. 
7.Көлік құралы дегеніміз не? Жол бойымен адамдарды, жүктерді немесе оған бекітілген құрал-жабдықтарды тасымалдауға арналған құрылғы. 

II бөлім: Жол белгілері туралы жұмбақ-өлең 
I топқа 
1.Бір ғажабы-бұл жерде 
Бір нәрсені ел күтеді, 
Отырады біреуі, біреуі тік тұрады 
Неғылған жер бұл өзі? 
Айтыңдар кім біледі? 
2.Жол астында бір ін бар. 
Не екенін кім табар? 
Неге онымен адамдар 
Арлы-берлі ағылар? 
3. Келеді Айбек зулатып 
Велосипедтің үстінде. 
Барады елді шулатып, 
Шынымен ол күшті ме? 
Айбекке велосипед тебуге болатын жерді көрсет. 
4. Ілулі тұрған не белгі? 
Машинаға «Тоқта!» деген белгіберді. 
Жол үстіне ақ-қарамен сызылған жолақшамен жаяуларға 
«Өтіңдер!» деп белгі берді. 

«Жас инспекторлар» тобына: 
1. Үлкендер де, кішілер де 
Жол белгісіне қарады 
Мысықтар да, күшіктер де 
Батыл жүріп барады 
Бірақ бұл жол 
Жиекжол емес, 
Құпиясын кім табады? 
2. Жолдағы жол белгісі 
Теміржолдың белгісі 
Белгіде бір жұмбақ бар: 
Өткелден де қауіпті 
Бұл не нәрсе? 
Тауып көр. 
3. Тісі ауырды Аманның 
Сірә, үйіне жете алмас. 
Қандай белгі таба аласың 
Мұндай кезде қиналмас? 
4. Аудан, мектеп,үй, стадиан 
Салынып жатқан жерлерде, 
Тура жүрсең түсетін 
Шұңқырлар бар жерлерде 
Жүйткіген жол үстінде 
Қандай белгі тұрады? 

III бөлім. Машинамен жолда жүру ережесін көрсету.(Әр топ капитандары машина жүргізеді) 

IY бөлім. Ситуациялық жағдайларға жауап беру. 

1. Сен жолдан өтіп бара жатқанда саған біреу айқайласа, не істеу керек? 
2. Сен жолдан өтіп келе жатырсың. Кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті автобусты көрдің.Сен не істейсің? 
3. Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен қалай өтесің? 
4. Егер ұзақ уақыт көлік болмаса, не істейсің? 

Y бөлім. Топтық жұмыс.’’Кім жылдам?’’ (Әр топ өздеріне берілген сөзжұмбақты шешеді) 

1.Ай серігі 
2.Малдың үйі 
3.Табиғат құбылысы 
4.Жолаушы таситын көлік 
5.Жаяу жүргіншілер жолы 
6.Көлікті басқаратын адам. 
7.Үй құсы 


1.Үй жануары. 
2.Ең жақын адам. 
3.4+4 
4.Жеті күн 
5.Жол қозғалысын реттейтін адам. 
6.Автобус, трамвай. 
7.Жаяу жүргіншілер жолы. 
8.Көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар кешені. 
9.Үш көзді құрылғы. 
YI бөлім. «Қызықты суреттер». Оқушылар екі суреттен 7 айырмашылық табады. 
Қоян: Рахмет, сендерге, балалар, мен көп нәрсе үйреніп қалдым. Енді жол ережесін бұзбаймын. 

Шуақты өміріміз күндей күліп, 
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. 
Арманға сапар тарту мүмкін емес, 
Жол жүру ережесін білмей тұрып. 

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, 
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, 
Жол жүру ережесі заңды тәртіп, 
Ол ортақ үлкен кіші баршамызға. 
Басталар әр қадамың аттауменен, 
Жол жүру ережесін сақтауменен. 
Каталог: omirbaev -> files
files -> Ұстаз болу жүректің ұлылығы
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі маңҒыстау облысы, ТҮПҚараған ауданы форт-шевченко қаласы е.ӨМірбаев атындағы орта мектебі тақырыбы: «Қазақ ертегілерінің ТӘрбиелік мәНІ»
files -> Тақырыбы: «Менің отбасым-менің байлығым»
files -> Тақырыбы. «Еңбектің наны тәтті » Мақсаты
files -> Сабақтың тақырыбы: Бірмүшені көпмүшеге көбейту. Жалпы мақсаты
files -> Сабақ Тақырыбы: Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі
files -> Сабақ жоспары Тақырыбы:
files -> Кесіндіні теңдей екіге бөлу және тік бұрыш салу
files -> Сабақтың тақырыбы: Мәтін және оның түрлері. Сілтеме: Оқулық,электронды оқулық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет