Көлік – қазір тіршіліктің тірегі,
Өміріңде көп қой оның көмегі.
Сол көлікті игілікке пайдалан,
Сонда ғана болар оның керегі.
Бұзба жолдың ережесін ешқашан,
Сақтап отыр талаптарын әрқашан.
Жол белгісі тек әшейін нәрсе емес,
Қорғайды олар назар салып сақтансаң.
Сол үшін де біздер көмек береміз,
Қиындықты алдын ала көреміз.
Ескертеміз, жөн сілтейміз, айтамыз,
Сақтанудың жөн екенін білеміз.
Жол сақшысы сол себептен тұр алда,
Ол қамқорың - жөн сілтеуші қырандар.
Сол себептен алдарыңа келіп тұр,
Аты менен затына сай «ҚЫРАНДАР»
Сабақтың тақырыбы: «Сақта жолдың тәртібін »
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады.Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін,заңын бұзбайды.
Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіңдер. Бүгінгі «Сақтайық жол тәртібін» атты сайысымызға 3-сынып оқушылары қатысады. Бүгін жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады.
Таныстыру
Жұмбақтар шешу
“Көше ережесін білеміз бе?» сұрақтарға жауап
Жол белгілерінің танимыз ба?
“Сақ болайық, көшеде!” көрініс
“Суретшілер көзімен”
Ойын : “Бағдаршам”
Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.
Ережені біліп сайысқа шық жас ұлан
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.
Сайысты әділқазылар алқасы бағалайды.
Мәдібаев Руслан
2. Мангибаева Разия
Есқуатова Айнұр
1. Таныстыру
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Сайысымыз басталсын сәлемменен, деп әр топтың сәлемдесуімен сайысымызды бастаймыз.
3 а-
3ә-
3б-
3в-
3г-
Сақтап жүр әрдайым көше тәртібін
Есіңде мықтап ұста бұны , балалар
Енді міне сендерге арналған
Жұмбақ шешу, сұрақ-жауап басталар.
2. Келесі сайысымыз- Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен, 2.Ысқырығы күшті адам . (Милиционер)
Үш көзді батыр Бізді аңдып жатыр. (Бағдаршам)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді.
«Бағдаршам»
7. Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
8) Екі аяқты, бір ізді, Үстіне мені мінгізді.
Мінгізгенмін ол менің Аяғымды жүргізді. (Велосипед)
9) Үзенгісін тептім, Зымырап кеттім. (Велосипед)
10 Үш көзді батыр Бізді аңдып жатыр. (Бағдаршам)
11.Өзі тым күшті, Аяғы тісті.
Ілезде тындырар Қыруар істі. (Трактор)
12.Төрт аяғы дөңгелек, Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)
ІІІ кезең «Саналы жүрек». «Көше ережесін білесің бе?» Сұрақтарға жауап беру
Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап
1.Адам жолда жүргенде сақ болу үшін нені білу керек?
Жолда жүру ережесін сақтау.
2.Жолда бағыт сілтейтін қандай құрал? Бағдаршам
3.Бағдаршамда қанша жарық шамы болады? 3
4.Көшенің келесі бетіне қандай белгі арқылы өтеміз? Арнайы жолақпен
5.Жолда жүргенде қандай ережені сақтау керек?Сабырлы, аспай саспай жүру
6.Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды?Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
7.Жиек жол деген не?Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
8. Көше тәртібін не басқарады? Бағдаршам Реттеуші деген кім?Жол полициясы
10.Бағдаршамның түстерін рет-ретімен атаңдар? Қызыл,сары,жасыл
11.Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз?Әуелі сол жаққа,содан кейіноң жаққа қараймыз.
12.Бағдаршамның жасыл көзі не дейді? «жүр»
13.Қандай көліктің түрлеріне қызыл жарығына жүруге рұхсат етіледі?(Жедел жәрдем, өрт сөндіру, полиция)
14.Жаяу жүргінші жлдан қалай жүріп тұруы тиіс?(Жиекжолдың оң жақ шетімен)
15.Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? Жол полициясы ...
3.Көліктің оңға бұрылатындығын қалай білуге болады?(оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оның оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады)
6.Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
(бағдаршам – механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөл атқарады.)
7..Жол бойларында велосипедпен, қол шанамен, сүйретпелі қол арбамен қалай жүру керек?
(велосипед, қол шана, қол арбамен жолдың шетімен жағалай жүру керек. Ал жиек жол болмаса, жолдың сол жағымен жүру керек)
8.Жол көлік оқиғасына куә болған адамдар не істеу керек?
(03 – жедел жәрдем шақырып, 02 – полиция бөліміне хабарласу керек)
9.Транспорт құралы дегеніміз не?(адам немесе жүк тасымалдауға арналған көлік)
10.Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?
(ойын қызығымен балалар жол қауіпсіздігін ұмытып, жақындаған . 1.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі? (14 жастан) 2.Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті? (жүргізуші көлікті тоқтата алмауы себепті адам өміріне қауіп төнеді) 3.Жол-көлік оқиғасына куә болған адамдар қандай әрекет жасайды? (жедел жәрдем машинасын, полицияны шақырып, машинаның нөмірін жазып алу керек) 4.Жүргізушіге қандай жағдайда транспорт құралын басқаруға болмайды? (ішімдік ішкен жағдайда) 5.Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме? (иә міндетті) 6. МАИ деген сөзді талдап беріңдер. (Мемлекеттік авто инспекция)
машинаға мән бермейді) 2.Велосипедшілерге жол жиегінен қанша метр қашықтықта жүруге рұқсат етіледі? (жол жиегінен 1 метр қашықтықта)
4-сайыс «Жол белгілерінің топтарын табу» Әр топқа таңба белгілері көрсетіледі, анықтама беру керек. (жол белгілерін атау)
1.Ескерту белгілерін көрсет,түсіндір.
2.Басымдық белгілерін ата,түсіндір.
3.Тыйым белгілерін ата,түсіндір.
4.Нұсқау белгілерін ата,түсіндір
5-тапсырма: Қай топ жол белгілерін көп білетіңдігін көреміз және плакаттарға суретін саламыз?«Жол белгілерінің топтарын табу» Әр топқа таңба белгілері көрсетіледі, анықтама беру керек. 1-топ «Ескерту белгісі» Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам, Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған. Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да, Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған. 2-топ «Тыйым салу белгісі» Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын, Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың. 3-топ:« Көрсеткіш белгісі»қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі
3-тапсырма: Қане, оқушылар бері қараңдар.
Ақырғы сайысымызды бастайық
Тапсырманы жұмыла,
Лезде шешіп тастайық
Жол белгілерін құрастырып,
Қандай белгі екен айтайық!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
«Бағдаршам» ойыны: (Балалар жүргізушілер. Бағдаршамның қызыл түсін көрсетсе – тұра қалады. Сары – оң аяқтарын көтереді. Жасылда – аяқтарын тап тап басады)
Ойын бірнеше рет қайталанады.
Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. Жүлдегер топ анықталып, марапатталады
Сайыс қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты марапаттау. Қай көше , қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі –заңды тәртіп, ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға. Жол жүрудің тәртібін, Ережесін білеміз. Сақтанғанда қатерден, Сау-саламат жүреміз.
Ал оқушылар, жол бойындағы алғашқы сапарларың сәтті болсын,кездейсоқ оқиғалардан сақ бола алатындай сенімді болыңдар.Олай болса жол жүру ережелерін ұмытпай естеріңде сақтаңдар.
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
|